Ақпараттысақтау процесі деп адамның ақпаратты есте сақтауын немесе оны сыртқы ақпарат тасымалдағышқа сақтайтынын айтады.
Ақпаратты өңдеу процесі деп қандай да бір ережелер немесе заңдар бойынша оның түрленуін айтады.
«Кодтау» терминін көбінесе ақпаратты бір формадан сақтауға, тасымалдауға немесе өңдеуге ыңғайлы екінші формаға өту деп түсінеді.
Символдық және мәтіндік ақпаратты кодтау үшін түрлі жүйелер қолданылады: пернетақтадан ақпаратты еңгізген кезде кодтау қажетті символ салынған пернені басқанда жүзеге асырылады, осы кезде пернетақтада перненің реттік нөміріне тең екілік сан болып табылатын scan - код орындалады.
ЭЕМ ішкі кодын теңестіру арнайы бағдарламалармен жүргізіледі, олар арнайы кестелерге сүйенеді: ДКОИ, КОИ-7, ASCII (ақпаратты тасымалдаудың американдық стандартты коды).
ASCII (кесте) кодтау кестесінің көмегімен барлығы 256 түрлі символды кодтауға болады. Бұл кесте екіге бөлінген: негізгі (Ooh-ден 7Fh-ге дейінгі кодтары бар) және қосымша (80h-ден FFh-ге дейін, мұнда h әрпі кодтың он алтылық есептеу жүйесіне қатысын білдіреді).
АҚПАРАТТЫ КОДТАУ Мәтіндік ақпаратты ASCII кодтау кестесі Клод Шеннонамерикан ғалымы, ақпаратты біздің біліміміздің бірдеңе туралы білместігіміздің түсуі ретінде қарастырады.
Американ инженері Р. Хартли 1928 жылы ақпаратты алу процесін N тең ықтималды хабарламалардан тұратын алдын ала берілген шекті көпшеден бір хабарламаны таңдау деп қарастырды, ал таңдалған хабарламадағы ақпарат I көлемін N екілік логарифмі ретінде анықтаған.
Хартли формуласы: I = log2N АҚПАРАТ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ Хартли және Шеннон формулалары АҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУ БІРЛІКТЕРІ Ақпарат бірлігі ретінде Клод Шеннон бір бит алуды ұсынды (ағыл. bit – binary digit – екілік сан).
Ақпарат теориясында бит — екі тең ықтималды хабарламаларды айыру үшін қажетті ақпарат көлемі.
Есептегіш техникада бит деп мәліметтер мен командаларды машина ішілік сипаттауға қолданылатын «0» мен «1» белгілерінің біреуін сақтауға қажетті компьютер жадысының ең кіші порциясын айтады.
Компьютер жеке биттермен жұмыс істемейді, ол сегіз бит жиынтығын алады. Сегіз ретті биттер байтты құрайды. Бір байтта (256 = 28) 256 мүмкін символдың ішінен бір символдың мәнін кодтауға болады. Байт машина жадысында сақталып, бүтін сан түрінде оқылып, өңделеді. Бит пен байт қатар ақпарат көлемін өлшеу үшін келесі бірліктер қолданылады: