Қарағанды 2023 жыл Жоспар: Кіріспе



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#127744
  1   2   3
Байланысты:
психология


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті “Физика-техникалық” факультеті
Физика және нанотехнология кафедрасы

“Социометрия әдісі”

Орындаған: Наурызбай Аманжол
Нурболат Жанылған
Нуркина Айжан
Рамазан Марта
Сапарова Асылай
Сейілхан Балнұр
Тексерген: Жеңіс Әсемгүл Қанатқызы


Қарағанды 2023 жыл
Жоспар:
Кіріспе.
1.Социометриялық әдіс.
2.Соцеметриялық сауалнама формасы.
3.Сауалнама нәтижелеріне арналған кесте.
4.Кесте арқылы жасалған диаграмма.
5.Сандық және сапалық анализдер.
6.Ұсыныс беру.
7.Қорытынды.

Кіріспе.
Психология – адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлқын зерттеу деп те аталады. Осы психологияны терең біліп, зерттеуіміз үшін бізге Әсемгүл Қанатқызы топтық тапсырма берді. Психологияның зерттеудің 4 әдісі бар. Соның бірі «Империкалық» әдіс. Біз бүгін осы әдістің ішіне жататын «Социометриялық» әдіс арқылы белгілі бір ұжымның бір-бірімен өзара араласуын зерттейтін боламыз. Біз таңдаған ұжым Фе-22-1к тобы. Тобымыздың 2 студенті осы ұжымға барып, жасалған сауалнама сұрақтарымен таныстырып, сұрақтарға жауап алды. Сауалнаманың нәтижелерімен келесі орындалуы тиіс талаптарды жасадық. Осы жасаған зерттеуіміз қызықты деген оймен жұмыс барысын толықтай айтып, түсіндірейік.








Социометриялық әдіс - саяси психологияда кішігірім топтар мен оның ішіндегі формальды емес жеке қатынастарды зерттеуге қолданылатын әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды.
Дж.Морено әзірлеген әлеуметтік-психологиялық тест (көп модификациялары бар) топтағы тұлғааралық эмоционалдық байланыстарды, яғни топ мүшелері арасындағы өзара жанашырлықты бағалау және келесі мәселелерді шешу үшін қолданылады:
а) топтағы ұйымшылдық-бөлімсіздік дәрежесін өлшеу;
б) симпатия және антипатия белгілеріне негізделген топ мүшелерінің салыстырмалы беделін анықтау (көшбасшылар, жұлдыздар, қабылданбағандар);
в) бейресми жетекшілер басқаратын топ ішілік ұйымшыл құрылымдарды анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет