Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі



бет21/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық санасын жаңғыртудың барлық негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Бұл бағыт бойынша оқушылар мектеп мұражайымен қоса қаламыздағы мұражайларға апарылып, өлкеміздің тарихымен таныстырылды.
Гимназия Парламентіне үміткер оқушыларды таңдау барысында оқушылар арасында «Сайлау» өтіп, дауыс жинау арқылы Парламент мүшелері тағйындалды.
«Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары», «Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі» тақырыбында дебат үйірме басшысы Ж.Карибжанов қалалық дебат ұйымдастырды.
АӘД пәні мұғалімі Т.Молдин «Әскер қатарына дайынсың ба?» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен әңгіме-сұқбат жүргізді.
Ы.Алтынсаринге -180 жыл «Ұлы даланың ұландары» зияткерлік ойын,
«Ж.Жабаевтың өмірінен 10 дерек ақпараттық-Time өткізілді.
«Жақсы кітап – жан азығы» мектепке кітап сыйлау акция науқаны өтті.
7-8 сынып оқушылар арасында «Қызық екен» зияткерлік сайыс өткізілді.
«Оқуға құштар мектеп», «Бірге оқиық» жобасы аясында «Бірге кітап оқиық!» эстафетасы өткізіліп, инстаграмм желісіне салынды.
Г.Хайрат және А.Айтбаева 8-10 сынып оқушылары арасында «Өзіңді тану-өмірді тану» пікір-талас сайысын «Өзін-өзі тану» апталығы барысында өткізді.
«ҰБТ және мемлекеттік емтиханға дайындық» тақырыбында педагог-психолог А.С.Айтбаева оқушылар мен ата-аналарға кеңес берді.
Кітапханашы С.Утеубаеваның басшылығымен 9-11 сыныптар арасында «Ұлы Дала мұрагерлері» жобасы аясында TEDx өткізді.
6-7 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Робототехникадан бір сабақ» мұғаліммен сұхбат жүргізді.
«Жылдар мен жолдар» мектеп тарихы туралы викторинасы 6-7 сыныптар аралығында өткізілді.
8. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру
Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.
Аталған бағытқа сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» базалық бағытын қарастыру қажет.
Бұл бағыт бойынша қыс, көктем, жаз айларындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстырылып, «Салауатты өмір салтын сақтайық» сынып сағаттары өткізіліп отырды.
«Абайлаңыз, жаяу жүргінші!» акциясы барысында оқушылар гимназия-инспекторымен бірге ЖЖЕ-мен қосымша таныстырылды.
Денсаулық күні оқушылар гимназия алаңында спорттық іс-шараларға қатысты.
10 қазан – өз-өзіне қол жұмсауына күрес күніне 7-10 сыныптар арасында «Мен өмірді сүйемін!» атты мектепішілік спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, СӨС қолдау мақсатында биология-география апталығында «Жағымсыз әдеттен сақ болайық!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Белсенді оқушылар марапатталды.
«Жастар есірткіге қарсы!» акциясы кезінде қалалық ЖИТС орталығы қызметкерлерімен 9-11 сынып оқушылары кездесіп, таратпа қағаздар таратылды.
Киелі қара шаңырақ иесі атанған «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясына – 30 жыл» және «ҚР-ның Тәуелсіздігіне – 30 жыл» толуына орай қалалық бірнеше спорттық жарыстар өткізілді. Атап айтар болсақ, қала мектептер арасында мұғалімдерге «Волейбол» жарысы өткізілді, қала мектептерінің оқушылары арасында «Асық ату», «Футбол» жарыстары ұйымдастырылып өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет