Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие



бет20/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның тәрбиеге дайындығын дамыту, меңгеру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағасы, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде аталған бағытқа сәйкес «Қазіргі кездегі қазақ мәдениеті» атты арнайы жобасында қарастыру.
Бұл бағыт бойынша мектеп педагог-психологтары оқушыларға «Біз, 1-сынып оқушыларымыз!», «Біз, 5-сынып оқушыларымыз!», «Жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас» атты тренингтер өткізді.
Оқушылар арасындағы көркем эстетикалық тәрбиені нығайту мақсатында бастауыштар арасында «Шеберлер әлеміне саяхат» апталық, жоғары сыныптар арасында «Шебердың қолы – ортақ» атты апталық өткізілді. Апталық барысында «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізіліп, жеңімпаздар қалалық байқауға жолдама алып, қатысты.
Шеберлер сайысы «Күз ханшайымы мен Ханзадасы-2022» атты күзгі мерекелік сайыс бастауыш сыныптар мен жоғары сыныптарға жеке-жеке ұйымдастырылды. Сайысқа оқушылар мен ата-аналар жақсы ат салысты. Белсенді оқушылар жүлделі орындар иеленіп, марапатталды.
«Гимназиям - мақтанышым» видео түсірім инстаграмм желі арқылы бағаланды.
«Қазақстан магниткасы – Теміртау» сынып сағаттары өтілді.
Қала күніне орай мұражайға саяхат қа бастауыш сыныптар барды.
Көркем еңбек мұғалімі Г.Тулепова «30 үздік қолөнер бұйымы» (Тәуелсіздікке-30 жыл) байқауы ұйымдастырды.
Педагог-ұйымдастырушы 1-4 сыныптар арасында «Айгөлек» байқау мектепшілік өткізді. Байқау барысында патриоттық әндер айтылып, ұлттық би биленді. Ата-аналар да, оқушылар да белсенді қатысты.
«СарыАрқа дарыны» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» қыздар конкурсы өтті. Сайыс мақсаты, қыздардың бойына ұлттық сананы, тәрбиені сіңіріп, инабатты, ибалы болуға тәрбиелеу.
8-10 сынып оқушыларының арасында ДТЖЖО Р.ТОймырзаеваның ұйымдастыруымен «Жеңгелер» жобалар аясында Жеңге мен қайынсіңілінің қатысуымен «Сырласайық сырғалым» атты сайыс өткізілді.
«Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығы өткізілді.
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан» /1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күні/ Әр оқушы бірлік күніне орай сурет салып, тақпақтар айтып, сынып бойынша біріктіріліп, мектеп инстаграмм желісіне жарияланды.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау-2022» «Қош бол,алтын ұя, мектебім»
(мектеп түлектерінің аттестат алу кеші) салтанатты жиын өткізілді.
Сонымен қатар, 1-сынып оқушылары "Жас түлекке тілек" тақырыбында 11-сынып оқушыларына тақпақтар айтып, видео жолдама жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет