Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие



бет19/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: : кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Саналы азамат» базалық бағытты қарастыру керек.
Бұл бағыт бойынша «Тазалық – денсаулық кепілі» атты оқушылар мен ұстаздар күз айларында мектепшілік, қалалық сенбіліктерге шығып отырды.
Қыс мезгілінде мектеп ауласындағы қарды тазалауға оқушылар өз үлесін қосқаны және мектебіміздің аула тазалаушы атасына көмектескені олардың өміріне деген қызығушылығын арттыруға ерекше әсер берді.
«Табиғат тамашалары», «Мен қызығатын әлем», фото коллаж сурет байқауын аға вожатый Р.Алиаева 2-5 сыныптар арасында ұйымдастырды.
Ұйымдастырушы –педагог Ж.Смғұлова «Сақ болсаң, сау боласың!» марафон, видео түсірілімдерді инстаграмм желіге жариялады.
«Адал еңбек бейнесі» сурет конкурсы гимназияішілік ұйымдастырылып, «Бас жүрдеге» ие болған оқушы «Бояулар құпиясы» конкурсына қалалыққа жолдама алды.
Сынып жетекшілер «Сақ бол, мұз әлі жұқа» түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Іскерлік қарым-қатынас этикасы» тәрбие сағаттары өткізілді.
«Жарнама жасау өнері» жарнама жасап мектепішілік сайыстан өткен оқушылар қалалық «Адал ұрпақ» конкурстарына қатысып «Алғыс хат» алды.
9-11 сынып оқушылары «Еңбекпен жеткен мұратқа», «Мамандықтың бәрі жақсы» мамандармен кездесу өткізіп, сынып сағаттары өткізілді. Кәсіби бағдар бойынша колледж, университеттерге «Ашық есік» күндеріне қатысып, мамандықтармен таныстырылып отырды.
8-11 сыныптың оқушылары «Тәжірибе алаңы» кәсіпорындары мен ұйымдарға саяхат жасады.
«Менің таңдаған мамандық» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатында оқушылар мамандықтың сан алуан түрлеріне байланысты сызба жасап, әр оқушы өзінің болашақта қандай мамандық иесі болатыны туралы ойларын білдірді. Және де оқушылар болашақта жақсы мамандықтың иесі болу үшін ең бірінші мықты білім алып, көп білу керек, көп оқу керектігін түсінді деп ойлаймын.
Гимназия психологы И.Тургынба мен Айтбаева А.С. оқушылардың бейімдік дәрежесін анықтау мақсатымен жоспар бойынша оқушылардан сауалнама алды.
10 сынып оқушыларымен әскери бөлім қызметкерлері кездесу өткізді. Олар өз мамандықтары туралы балаларға әңгімелеп берді.
Биология-география пәндер «Экология» апталығында «Тірі жануарлар әлемі» атты жеке кабиенет ашылды. Мұнда әр сыныптан бір жануарлар алып келіп, оқушылар қамқорлық жасайды. Оқушылардың экологиялық сауаттылығын көтеру мақсатында әр түрлі іс-шаралар өткізілді.
Аға вожатый Р.Алиеваның ұйымдастыруымен «Табиғат тамашалары» суреттер байқауы өткізілді.
Бастауыш сыныптар арасында «Еңбек – елдің мұраты» жобасы аясында эссе сайысы өтті.
«Ерте жастағы экологиялық мәдениет» жобасы аясында ағаш отырғызу гимназия алаңына 9,10 сынып оқушылары ағаш отырғызды.
Ж.Карибжанов «Дебат» жобасы аясында «Барлық жағынан жетістікке жетудің сыры неде?» тақырыбында бұрынғы түлектерді шақырып, тәжірибе алмасу мақсатында кездесу өткізіп, бұрынғы және қазіргі “KazGym” дебат клуб мүшелерінің арасында дебат өткізді.
«Шығыстың киелі мекендеріне саяхат» жас блогерлерге арналған конкурс «Сурет» номинациясы қатысты.
“KazGym” дебат клуб мүшелерінің арасында «Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны туралы» пікірталас өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет