Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм



бет18/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
4. Отбасы тәрбиесі
Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталған бағытқа сәйкесінше «Отбасы әлемі» жобасын қарастырылады.
«Отбасы-бақыт мекені» видеоролик, «Бір отбасы – бір кітап» жобасы аясында сурет, бейне түсірілім байқауы, «Менің отбасым» фото байқауы өтіліп, «Тәртіпті ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбында психологтартар ата-аналарға кеңес берді.
«Тоғызқұмалақ-day» отбасылық турниры 1-9 сыныптар арасында өткізілді.
«Кішіге-іззет, үлкенге– құрмет» дөңгелек үстел 5-9 сыныптарымен өтті.
7-11 сыныптарына «Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем» әңгіме, кеңес жүргізілді. 5-7 сыныптар «Әкем , шешем және мен» отбасылық сайысын сынып жетекшілері өткізді.
7-10 сыныптар арасында қазақ тілі мұғалімдері «Атадан өсиет, анадан қасиет» /тыйым сөздердің мағынасы интеллектуалды ойын өткізді.
«Анама арнаймын» атты видео жолдауын әр оқушы ақын-жазушылардың өлеңдерінен, ән, би, спорттық жетістіктерінен видео жолдап, инстаграм желісіне салынды.
Сынып жетекшілер «Менің отбасым – Отанымыздың бір бөлшегі. Менің отбасымның дәстүрлері», «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты – ұлылық» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді.
«Толағай» спорттық-отбасылық сайысында оқушылар мен ата-аналардан тұратын командалар құрылып, отбасылық эстафеталық сайысқа ұйымдастырылды. Сайыс барысында ата-аналарға тәрбиеге байланысты түрлі жағдаяттар келтірілді. Ал балаларға туыстық атаулардың мағынасын ашып айту тапсырмасы берілді.
«Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» атты бейне көрсетілімді инстаграмм желісі арқылы күнделікті жарияланып отырды. 60-дан аса оқушы отбасымен бірге өткізген күндері туралы видео, фото каллож жасап белсенділік танытты.
«Екі жұлдыз» отбасылық ән байқауына 2-8 сынып оқушылары ата-аналарымен ән айтып, таетрлық қойылымдар көрсетіп, салт-дәстүрді дәріптеп өз өнерлерін көрсетті.
"Менің демалыстағы қызықты бір күнім" тақырыбында оқушылар ата-аналарының көмегімен өздерінің демалыс уақытында айналысатын істерімен бөлісті. Материалдар желіде жарияланды
«Оқырмандар отбасы» жобасы аясында Red-X форматында сайысын кітапханашы С.Утеубаеваның ұйымдастыруымен өткізілді. Нәтижесінде психологиялық, салт-дәстүрді насихаттайтын, мақал-мәтелдер жинақтары жеңімпаз отбасыларына табысталды.
Гимназия педагог-психологтары «Балаңыз 1-сыныпқа дайын ба?», «Отбасылық тәрбиелеу стильдері», «Қыздар мен ұл бала тәрбиесіндегі ерекшеліктер» атты лекция, ақпарат беру, тренингтік жаттығуларын өткізді. Сонымен қатар сынып жетекшілері педагог-психологтардың көмегімен ата-аналармен қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Отбасы – аялы алақан мекені» атты отбасылық тренингін өткізді.
Оқу жылы басында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мұнда ата-аналар мектепішілік ережелермен таныстырылып, алдағы атқарылатын оқу жылындағы жұмыстарға шолу жасалды. «Ата-ана мен білім ордасының бірлігі – сапалы білім негізі», «Баланың бас ұстазы – ата-ана» атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Мұнда әкімшілік, сынып жетекшілер, жыл қорытындылау жиналасын өткізді. «Жазғы қауіпсіздік», «Жазғы мектеп, «Жазғы лагерь», «Кәсіби лагерь» туралы сөз қозғалды.
«Ата-ана мен бала, мектеп» үштік одақ ынтымақтастығы –жақсы тәрбие негізі» атты ата-аналар жиналысы әр тоқсан сайынөткзіліп отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет