Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм



бет26/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
3-5 жас

6-9 жас

10-14 жас

15-18 жас

1

«Стол теннисі»

0

2

34

24

60

2

«Тоғызқұмалақ»

0

3

10

10

20

3

«Волейбол»

0

0

8

15

23

4

«Футбол»

0

0

20

8

28

5

«Шахмат»

0

2

9

11

20

6

«Домбыра»

0

9

12

3

24

7

«Шебер қолдар қыздар»

0

1

11

8

20

8

«Таңшолпан» театры

0

2

7

12

21

9

«KazGym» дебат клубы

0

0

15

19

34

10

«Асық ату»

0

8

4

6

18

11

«Шебер қолдар ұлдар»

0

5

10

5

20


Ү йірме жұмыстарының жүргізілуі 2021-2022 оқу жылында қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыс есебі
Қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.
Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекетті іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру гимназия мен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау.
Қыркүйек айынан бастап мектепте қамқорлық кеңес жұмысы жалғастырылып, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау жұмысы жүргізілді.
Жалпы оқыту жөніндегі айлық және «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, қорлығынан айырылған, көпбалалы және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу актісі жасалып, мұқтаж балаларға көмек көрсетілді. Мектепке қамтылмай қалған бала жоқ. Оларға тегін оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім - кешектер таратылды және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.
«Әлихан Бөкейхан – Алаш азаттық қозғалысының көсемі» атты Республикалық ІІ аймақтық ғылыми конференциясы және гимназияның ашылуына 30 жыл толу мерей тойы өткізілу барысында «Тірі жануарлар әлемі» атты табиғат пен өсімдіктер кабинеті ашылуына орасан зор үлес қосты. Сондай-ақ, қара шаңырақ иесі атанған, тұңғыш қазақ мектебінің ашылуына – 30 жыл толуына орай «Самғатқан сан қыранды – алтын ұят» атты Облыстық концертте қамқоршылық кеңес мүшелері өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, Наурыз айында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты Ұлыстың ұлы күніне орай гимназия ауласында киіз үй тігіліп, «Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығының» балалары қонаққа шақырылып мерекелік іс-шара, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар өткізілді.
«Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығының» балаларына қазақтың ұлттық тағамы «Наурыз көжемен» қамтамасыз етті. 8 наурыз, Наурыз мерекекелерін өткізуге ат салысты. 8 наурызда «Гүл сыйлайық анаға» атты ата-аналармен бірлесе видеотүсірілім жасалды. Педагог-ұйымдастырушы мен қамқоршылық кеңес мүшелері 1-4 сыныптар арасында «Айгөлек» байқау мектепшілік өткізді. Байқау барысында патриоттық әндер айтылып, ұлттық би биленді. Ата-аналар да, оқушылар да белсенді қатысты.
«СарыАрқа дарыны» жобасы аясында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» қыздар конкурсы өтті. Сайыс мақсаты, қыздардың бойына ұлттық сананы, тәрбиені сіңіріп, инабатты, ибалы болуға тәрбиелеу. 8-10 сынып оқушыларының арасында ДТЖЖО Р.Тоймырзаеваның ұйымдастыруымен «Жеңгелер» жобасы аясында Жеңге мен қайынсіңілінің қатысуымен «Сырласайық сырғалым» атты сайыс өткізілді.
2022 жылдың ақпан айында 1-11 сыныптар арасында «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында қамқорлық кеңес мүшелерінің қатысымен барлық сыныптардың жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 453 оқушының ата-аналарык елді. Жиналыста ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларын әлеуметтік желілерге отырғанда қадағалаудың түрлері, баланың психо-эмоционалдық жағдайы туралы кеңес мүшелері сөйледі. Балаларымен әңгіме кеңес жүргізіліп, «Ата-аналар бақылауы» бағдарламасын үй компьютеріне орнатып, балаларды қадағалау керектігі түсіндірілді. Әртүрлі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта көбейіп кеткен қоғам үшін қаупі мол ойындарға балалардың кірмеуі қатаң қадағалануы қажет екені айтылды. Сонымен қатар балалардың қалта телефонындағы әлеуметтік желілерді ата-ана тарапынан үнемі қадағалап отыруы қажет екеніне баса назар аударылды.
Гимназия психологі балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу тақырыбында түсініктеме жұмысын жүргізді. Оқушылардың мінез-құлықтарындағы пайда болатын оғаш қылықтарға ата-аналардың назар аударып, себебін анықтап отыруы керек екендігі айтылды. Өзі-өзіне қол жұмсауға әрекет ететін қауіпті топқа кіретін балалардың психологиясына тоқталды. Өзі-өзіне қол жұмсаудың алдын-алуда ата-анаға кеңес берді.
Республикалық «Мектепке жол» акциясында жағдайсыз, көмекті қажет ететін жанұя балаларына мектепке қажетті құралдар мен киім кешектер берілді.
Алтын күз жәрмеңкесі, Денсаулық күні, Жаңа жыл мерекесі, Наурыз, ардагерлерді аралау, салауатты өмір салты және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне мектебіміздің қамқорлық кеңесі ерекше назар аударады. Ата – аналар қауымдастығы өкілдері бракираж комиссиясы жұмысына араласып, мектеп асханасын тексереді. 
Жыл бойы әлеуметтік педагогпен бірлесе қамқоршылардың тұрмыс жағдайларын зерттеу және бала құқықтарының орындалуын тексеру мақсатында рейдтер, «Сенім» телефоны және Сенім жәшігі жұмысы, жетім және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалардың түрлі қалалық ұйымдастырылған қайырымдылық іс- шараларына қатыстыру, ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайы, жетім балаларға, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп баланы отбасынан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары да жүргізілді.

Келесі оқу жылына алға қойған қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаты:



  1. Гимназияның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;

  2. Білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында гимназия оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;

  3. Мектепке қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;

  4. Мектептің әрі қарай сапалы дамуына ықпал ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет