Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары



бет27/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71
Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Гимназия ұжымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;

  2. Тәрбие мен оқыту саласына халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;

  3. Халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету.

Қорытындылай келе, биылғы оқу жылына жоспарланған шаралар толық орындалды.


ІІІ.Мектеп қызметінің 2022-2023 оқу жылына арналған мақсат, міндеттері





Гимназия 2022-2023 оқу жылы мектептің даму бағдарламасында көрсетіліп бекітілгені
негізінде осы оқу жылында төмендегі мақсат, міндеттерді алып отыр:
БАҒЫТЫ: қоғамдық-гуманитарлық бағыт, тіл, қоғамдық пәндер білімін ұлттық құндылықтарға негіздеп оқыту.
МИССИЯСЫ: Ұлттық салт-сана, рухани мәдениетті бойына сіңірген, дені сау, рухы күшті алаш зиялыларының ұлттық демократиялық идеяларын дәріптейтін, тәуелсіздік туын биік көтеретін алаш мұрагерлерін оқытып-тәрбиелейтін мектеп.
МАҚСАТЫ: Қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім беру арқылы білім алушының білім мен ғылымға бәсекелестік қабілеттілігін арттыру және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны оқытып-тәрбиелеу.
МІНДЕТТЕРІ: Гимназияның даму бағдарламасы 2021-2025 оқу жылдарына арналып, даму индикаторлары анықталып, жоспары 5 стратегиялық бағыт бойынша бекітіліп, әр бағыттың міндеттері төмендегідей анықталды.
1-стратегиялық бағыт: «Білім беру сапасын дамыту»

  • -Білім сапасына мониторинг жүргізу арқылы өсу динамикасын бақылау, олқылықтармен жұмыс ұйымдастыру, мұғалімдер арасында күзгі және қысқы оқулар ұйымдастыру;

  • -«Ұшқыр ой алаңы», «Оқуға құштар мектеп», «Жетекші мектеп», «PBL»-жобаға негіздеп оқыту, «Үш тілділік», «Өнегелі өмір», «STEAM негіздері», «Адал ұрпақ» жобаларын енгізіп, облыстық жобаларға жүйелі қатысу, пәндік олимпиада, ғылыми жобалар, зияткерлік сайыстарға қатысатын оқушылар базасын құру;

  • -Оқушылардың функционалық сауаттылығын артыру мақсатында «Дарынды оқушылармен жұмыс», «Үлгермеуші оқушылармен жұмыс» бағдарламасымен жұмыс ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет