Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


– стратегиялық бағыт: «Адами ресурстарды дамыту»



бет28/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71
2 – стратегиялық бағыт: «Адами ресурстарды дамыту»

  • Мұғалімдердің кәсіби өсуін арттыру мақсатында түрлі кәсіби байқаулар, педагогикалық оқулар өткізу;

  • «Әдістемелік өнім» педагогикалық маркетинг ұйымдастыру;

  • «Lesson Study» сабақты зерттеу жобасы арқылы кәсіби тәжірибе алаңын, «PBL» жобасы арқылы оқытудың сапасын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мақсатты семинар-тренингілер ұйымдастыру;

  • -кадрлардың цифрлық сауаттылығын жетілдіруге қатысты міндеттерді орындау, сайыстар ұйымдастыру;

  • «Жас маман» клубы жұмысын дамыту, тәлімгерлік жүйемен жұмыс сапасын арттыру.

3 - стратегиялық бағыт: «Басқарудың алқалы формасын дамыту»

  • Оқытып-тәрбиелеуге қатысты барлық жұмысты бөлісіп атқару, «Бір мақсат, бір мүдде» тәртібін «Педагог мәртебесі» заңдылықтары негізінде ұйымдастыру;

  • Ата-аналарды мектеп өміріне көптеп тарту;

  • «Қамқоршылық кеңес» және басқа демеушілік көмек көрсетушілермен жұмысты жандандыру.

4-стратегиялық бағыт: «Оқу процесіне жағдай жасау»
-Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтау;
-АКТ және басқа қажеттіліктермен материалдық-техникалық базаны нығайту.
5-стратегиялық бағыт: «Мектептің жеке ерекшеліктері»
-«Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру» аясында «Жаһандық құзыреттіліктер», «Эссе оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері», «Туған өлкем», «STEAM негіздері, «PBL» - жобаға негіздеп оқыту, «Оқу сауаттылығы», «Көркем жазу», «Ұлттық өнер» курстары арқылы ұлттық құндылықтар негізінде оқытып-тәрбиелеу талаптары жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтижелер:

  • Оқу сапасын 60-65%-ға, оқушылардың білім сапасын көтеруге арналған жеке жоспар құрып жұмыстау, БТС(білімін тексеру сынағын) одан ары жалғастыру.

  • Кадрдың сапалық құрамын 50-55%-ға жеткізу, біліктілік санаты жоғары мұғалімдерді жұмысқа тарту, қабылдау, жағдай жасау. Оқушылардың білім сапасы мен шығармашылық белсенділіктерін арттыру, түрлі зияткерлік сайыстардан жоғары нәтиже көрсету.

  • Оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуы, олардың қарым- қабілетін дамытылуы, өмірге дайындығы, алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

  • Мектепішілік мәдениетті көтеру, жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықты игеру үшін адами және ұлттық құндылықтарға жеке жауапкершілікті арттыру, құқық бұзушылықты болдырмау.

  • Қалалық инновациялық мектептері арасындағы жыл көрсеткіші рейтингісінде жоғары орынға ие болу.

  • «Әлихан Бөкейхан – Ұлт көсемі» ғылыми-практикалық конференция дәстүрлі түрде өткізілуін сапалы ұйымдастыру.

  • Пәдік олимпиада, ғылыми жоба, кәсіби сайыстар, ҰБТ нәтижелері бойынша үздік мектептер қатарына ену.

  • МДБ-ның 5 бағыты бойынша талап, мақсат, міндеттерді нақты орындау, есептік мониторинг жасап отыру, құндылықтарға негіздеп білім беру мақсатын «Жетекші мектеп», «STEAM негіздері», «Оқуға құштар мектеп», «Ұшқыр ой алаңы» дебат жобасы, «Үштілділік заман талабы», «Адал ұрпақ», «Өнегелі өмір», «PBL», «Отбасы-мектеп» жобалары аясында жүзеге асыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет