Қарахандар мен қыпшақтардың орналасу территориясы. Қоғамдық құрылыстары


Қарахандықтардың жер иеленуі.Иқта



бет4/7
Дата05.03.2023
өлшемі106,5 Kb.
#71680
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тарих орта ғасыр 4апта

Қарахандықтардың жер иеленуі.Иқта — aлғашқы кезде бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың дәстүрлерін жалғастырған Қарахан мемлекеті, алайда, экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да олардың қарапайым қайталануы болған жоқ. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскерилендік жүйе болды. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына ауданның, аймақтың немесе қаланың халқынан бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтар алуға құқық берді. Мұндай тартулар «иқта» деп аталды, ал оны ұстаушы араб терминімен мұқта немесе иқтадар (парсы термині) деп аталды. Деректемелерде X—XII ғасырларда Қазақстан аумағында иқтаның таралуы жөнінде жанама мәліметтер ғана сақталған. Иқта институты Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының шаруашылық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарды. XII ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде Қарахан мемлекеті құлағаннан кейін жаулап алушылардың (қидандар) мұнда қалыптасқан институтты қабылдамай тастауы айта қаларлықтай жай. Олардың гурхандары «әмірлерге иқтаны иеленуге жол бермеді, бірақ оны өздері тарту етіп, былай деді: «Иқтаны алғанда зорлық-зомбылық көрсетеді». Деректемелерге сөйкес, иқталардын мазмұны мен иқтадарлардың құқықтарын тәртіптеу дәлме-дәл тиянақталды. Низам әл-Мүлік былай деп жазды: «Иқтасы бар муқта, мұны біліп қойсын, халыққа қатысты оларға занды тұрдегі, өздеріне тапсырылған салықты ізгі ниетпен жинаудан басқа ештеңеге де бұйрык, берілмеген; олар мұны жинаған кезде, халықтың жан басына, мал-мүлкіне, әйелдері мен балаларына қауіп келмесін, олардын заттары мен иеліктері қауіпсіз болсын, муқтаның оларда ешқандай жұмы- сы болмасын». Демек, иқта институты иқтадарға шаруаларды занды түрде ресімдеп бекітуді көздемеген, дегенмен көптеген иқтадарлар өздеріне (иқтаны) шартты түрде ұстауды мәңгілік бекітіп алуға тырысқан. Иқта бірнеше сипатта болды. Атап айтқанда, иқта үлгісіндегі феодалдық, жер сыйлықтары ірі, орташа және ұсақ жер сыйлықтарына бөлінді. Ірі үлесті-жер сыйлықтарын әулеттің мүшелері, орташа және ұсақ төрелер, олардын вассалдары алды, яғни вассалитет немесе көп сатылы феодалдық иерархия қатынастары болды. «Әскери иқта» («иқта' ат-и-хашам») категориясы ең көп тараған категориялардың бірі еді. Иқта алған Қарахан әскер- басылары, тегінде, оны өздеріне бағынышты жауынгерлермен бөліскен болса керек. Үлестердін мөлшері иқтадардың кызметіне, әскери дәрежесі- не және сіңірген еңбегіне байланысты болды. Иқтаны екінші біреулерге беру арнайы грамотамен ресімделді, онда әдетте иқтадардың және үлестің ақшаға шағылған құны көрсетілді. Жанама деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінде, тегінде, әскери адамдар үшін заттай және ақшалай ақы беру институты да болса керек. Иқтадарларға билеушілер талап еткен бойда өздерінің қару-жарағы бар адамдарын алып әскери қызметке келу міндеттелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет