Арал өңірінің климаттық режимі Оқу тобы: б-21-1м Орындаған



бет2/4
Дата28.11.2022
өлшемі4,32 Mb.
#53197
1   2   3   4

Арал теңізі экологиялық апатқа дейін құрлық ішіндегі ірі су айдыны еді. Тереңдігі 53 метрге дейін баратын теңіз бетінің аумағы 64,5 мың шаршы шақырымға дейін жететін. Ұзындығы 428, ені 235 шақырымға дейін созылып жататын. Суының көлемі 1060 текше шақырым болды.

Аралдың өзіне тән ерекшеліктері аз емес. Академик Л.С.Берг ХХ ғасыр басында Арал теңізін зерттеп жүріп, оны «Кері ағысты теңіз» деп атаған. Оның мәні мынада: Солтүстік жарты шарда барлық денелер жердің айналу бағытының әсерімен оңға қарай қозғалады. Гольфстрим ағысы да солай. Ал, Арал бұл заңға бағынбайды, солға қарай ағады (иіріледі)


Арал теңізінің
тартылуы
1957 ж
1987 ж
1998 ж
2002 ж
ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ЖІБЕРІЛГЕН ҚАТЕЛІКТЕР МЕН ОНЫ МЕҢГЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕЛМЕУІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ ТАРИХИ-ТАБИҒИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕУ;
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДҰРЫС ЖОСПАРЛАМАУ, СУДЫҢ ҚОРЫН ЕСЕПКЕ АЛМАУ;
СУДЫ ӨТЕ КӨП ҚАЖЕТ ЕТЕТІН КҮРІШ, МАҚТА ДАҚЫЛДАРЫН БАРЫНША КӨБЕЙТІП ЖІБЕРУ;
ЖЕРДІ ИГЕРУДІҢ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАМАУ ЖӘНЕ СУДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНБАУ;
Арал өңірі Қазақстан бөлігінің экологиялық қолайсыз аумағын топтау
Қалыптасқан экологиялық қолайсыз жағдайдың ауыртпалық дәрежесін, айналадағы табиғи ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының адам денсаулығына әсерін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тұжырымдамасы негізінде Арал өңіріндегі экологиялық қасірет аумағы:
экологиялық апат;
экологиялық дағдарыс;
экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып бөлінеді.
Экологиялық апат аймағы шекарасын белгілеудің негізгі өлшемдері мыналар:
халық өлімінің тұрақты өсуі;
экологиялық себептерге байланысты амалсыздан көшіп кету;
айналадағы табиғи ортада ластаушы заттар шоғырлануының жол берілетін шекті нормативтерден халық өміріне қауіп төндіретін мөлшерде асып кетуі;
экологиялық жүйенің толық күйреуі және олардың өздігінен қалпына келу қабілетін жоғалтуы;
су объектілерінің ғасырлар бойы ауытқудан асып түсетін апатты жағдайда тайыздауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет