35. Бүйрек үсті безінің гормондары, олардың метаболизм мен ағзаның қызметін реттеудегі маңызы. Бүйрекүсті безі - бүйректің ішкі және жоғарғы жағында орналасқан, пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері тіптен майда, жұп ішкі секреция (эндокринді) безі. Бүйрекүсті безінің сыртқы жағында орналасқан қыртысты заты — қуыстық мезодермадан қалыптасқан интерренальды денеден, ал ішкі бозғылт заты — симпатикалық түйіндермен бірге жүйке қыршаларынан жетілетін супраренальды мүшеден қүралған. Бүйрекүсті безінің бозғыл затнейроэндокринді бездерге жатады. Бездің қыртысты затын құрайтын пішіні мен мөлшері әртүрлі безді жасушалар (эндокриноциттер), өз кезегінде пішіні әртүрлі эндокриноциттер бағандарынан құрылған үш: шумақты (доғалы), будалы және торлы аймақтар түзеді. Шумақты аймақ эндокриноциттері — минералокортикоид гормондарын, будалы аймақ жасушалар — глюкокортикоид гормондарын, ал торлы аймақ эндокриноциттері —андроген гормондарын бөледі. Минералокортикоид гормондары — альдостерондар организмдегі су және түз алмасуын, ал глюкокортикоид гормондары — кортикостерон, кортизон, гидрокортизон көмірсу, протеин және липид алмасуын реттеуге қатысады. Андроген гормоны — аталық жыныс гормоны тестостеронға ұқсас. Бүйрекүсті безінің ішкі жагындағы бозғылт затты — медуллалы эндокриноциттер (нейроэндокринді хромаффиноциттер) құрайды. Ақшыл түсті эпинефроциттер (нейроэндокриноциттер) - адреналин, ал күңгірт түсті норэпинефроциттер - норадреналин гормондарын бөледі. Бүйрек үсті безінің милы қабаты адреналин мен норадреналин өндіреді. Адреналиннің секрециясы ашық боялатын хромаффиндік жасушалармен, ал норадреналин – қанық боялатын хромаффиндік жасушалармен жүзеге асады.
Адреналин негізгі зат алмасу процесін күшейтеді: көмірсулар–майлар алмасуын жүрек қан тамырлары және бұлшық еттер жұмысын реттейді. Оқыс түскен үлкен физикалық немесе психологиялық ауыртпалықтар жағдайында ағзаның оларды тез жеңуіне көмектеседі. Адреналиннің өте аз мөлшерінің өзі жүрек жұмысын күшейтеді, сүтқоректілердің бас миының кейбір нейрондары синтездейтін катехаломин тобына кіретін медиатор. Адреналиннің секрециясы ағзаның жаңа жағдайларға бейімделуге байланысты өзгерістерге ұшырауы кезінде күшейіп тыныс алуды шапшаңдатады қандағы глюкоза мен бұлшық еттердегі сүт қышқылын көбейтеді. Адреноциттер түрі өзгерген симпатикалық жүйке жүйесінің нейроциттері болғандықтан, адреналинді қозу кезіндегі постганглионды симпатикалық жүйке талшықтарының ұштары да бөледі. Адреналин катехоламиндерге жатады. Адреналиннің әсерінен құрсақ қуысындағы қан тамырларының арнасы тарылып, көкбауыр мен бауыр қан тамырларындағы қанның қоры қан тамырларына шығарылады да, қан айналымындагы қанның мөлшері көбейеді; жүрек пен ми қан тамырларының арналары кеңейеді; жүректің жұмысын күшейтеді; көмірсудың организмдегі алмасуын реттеуге қатысады (бауыр жасушалары мен бұлшықеттер талшықтарында қорланған гликогеннің глюкозаға айналуын қамтамасыз етеді). Адреналин мен норадреналиннің физиологиялық қасиеті ұқсас. Әдетте, Адреналиннің 70-90% -ы катехоламиндер, ал норадреналинне қалғаны тиеді. Адреналин мен норадреналин секрециясын реттеу симпатикалық преганглионарлық талшықтар арқылы жүзеге асады. Олардың ұштарында ацетилхолин өндіріледі. Мүмкін болатын тізбек: мимен қабылданатын тітіркендіргіш – гипоталамустың артқы ядроларының қозуы – преганглионарлы талшықтар – адреналин мен норадреналиннің түзілуі. Адреналин мен норадреналиннің әсерлері альфа және бета рецепторлардың арқасында іске асады. Ағзадағы барлық жасушаларда осы рецепторлар болғандықтан, соның ішінде қан жасушалары – эритроциттер, лимфоциттер, адреналин мен норадреналиннің гормон ретінде әсер етуі мейлінше кең болып табылады. Әсіресе катехоламиндердің гликогенолиз бен липолизді белсендіретін қабілеті бар екенін атап өту керек. Гликолиз бауыр жасушаларында бета-2-адренорецепторторлардың байланысуы арқасында іске асады. Бұл процесс қте тез іске асады. Сонд. адреналин мен норадреналин ағзаның төтенше жағдайларында, стресс кезінде қолданылады. Липолиз- энергия көзі ретінде майлардың май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырауы, адреналин мен норадреналин бета-1 и бета-2-адренорецепторларымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзеді. Альдостерон — адам мен жануарлар организмдеріндегі минеральды зат (Na , К ) және су алмасуын реттейтін бүйрекүсті безі қыртысты затының гормоны (кортикостероид гормоны). Альдостеронның әсер ету механизмі натрий ионының реабсорбциясына қатысатын нәруыздың синтезінің белсенуімен байланысты. Бұл нәруызды
калий-натрий-белсенді АТФ-аза немесе альдестеронмен өндірілетін нәруыз деп атауға болады. Әсер ету орны – бүйректің дистальды каналдарының эпителийі. Оларда албдестерон мен альдестерондық рецепторлар әсерлесуінен мРНҚ мен рРНҚ өнімі артады және натрий тасымалдайтын нәруыз синтезі белсенеді. Нәт. Бүйрек эпителийі біріншілік зәрден натрийдің интерстициальды тінге қайта өтуін күшейтеді де, одан қанға өтеді. Натрийдің белсенді тасымалының механизмі калийдің экскрецмясымен біріктірілген. Натрий реабсорбциясы кезінде судың да реабсорбциясы пассивті түрде дамиды. Сонд. Альдестерон натрий жинақтаушы и калийуретикалық гормон болып табылады