40. Гипоталамустың нейросекреторлық қызметі: либериндер мен статиндер. Гипоталамустың гипофизбен қызметтік байланысы. Аденогипофиздің ролі. Гипоталамус – жүйке жүйесіні бір бөлігі болып табылады және ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады. Оның ядролары нейросекреторлық қызмет атқарып, либерин мен статин деген нейропептидтер бөледі. Ол екеуі бір-біріне қарама – қарсы жұмыс атқарады: либериндер – күшейтуші, босатушы болса, статиндер – тежеуші, тоқтатушылар. Либериндердің – 7, статиндерді – 3 түрі анықталған.
Либериндер: тиролиберин, кортиколиберин, люлиберин, самотолиберин, меланолиберин, фоллилиберин мен пролактолиберин жатады.
Статиндер: меланостатин, пролактостатин, матостатин жатады.
Бұл екі гормон тәріздес заттар ішкі органдардың өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус пен гипофиздің атқаратын функциялары бір-біріне ұқсас. Гипоталамустың нейрондарының аксондары гипофиздің аяқшаларының көмегімен оның артқы бөліміне барып фиксацияланады. Негізінен, гипоталамус гормон емес, прогормогдар бөледі. Прогормондар гипофиздің артқы бөлімінде жетіліп барып, гормонға айналады. Гипофиздің артқы бөлімі гипоталамустың аксондары арқылы байланысса, оның алдыңғы және ортаңғы бөлімдері қантамырлар арқылы гуморальды жолмен байланысып, түйіспе құрайды. Түйіспелер арқылы қанға нейростимуляторлар бөлінеді. Гипоталамустың нейросекрециялық жасушалары гипофиздің алдыңғы бөліміне либериндермен әсер етіп, аденогипофиздің гормондарды бөлуіне әсер етеді.
Аденогипофиз 3 түрлі клетка – хромофильдік, базофильдік, ацидофильдік клеткалардан құралады.
-Ацидофильдік жасушаларда – пролактин, лактоген гормондары түзіліп, сүт безінде сүттің түзілуі мен оның сыртқа шығуын қамтамасыз етеді.
-Базофильдік жасушалардан – тиротропин, гонадотропин, аденокортикотропин бөлінеді. Аденокортикотропин бүйрекүсті безінің функциясын жақсартады, глюкокортикоидтардың түзілуін қамтамасыз етеді. Гонадотропин жыныс гормондарының түзілуін қамтамасыз етеді. Тиротропин – қалқанша бездің жұмысын жақсартады.