Аралық бақылау №1 Сұрақтары: Тірек-қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы


Анализаторлардың И.П.Павлов бойынша жіктелуі



бет19/24
Дата20.02.2023
өлшемі141,06 Kb.
#69635
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ФИЗИО 2 сем РК1

31. Анализаторлардың И.П.Павлов бойынша жіктелуі
Анализатор – (талдағыш) – анализатор (грек. аnalysis – қаз. бөлшектеу, жаю) талдама (сыртқы түйсікті мүшелерден бастап, миға дейінгі күрделі жүйке механизмі; ол дүниедегі сыртқы құбылысты,әсерді қабылдайды және талдайды). И.П.Павловтың ұсынған ұғымы. Тітіркендіргіштерге әсерлену мен қабылдауда, өңдеуде қатысатын афференттік және эфференттік жүйке құрылымының жиынтығын білдіреді. Көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері, қимыл-қозғалыс (кинестетикалық ) т.с.с. талдағыштар (анализаторлар) бар А. – организмнің сыртқы және ішкі ортасынан келетін тітіркендіргіштерді талдау және синтездеу қызметін атқаратын жүйке аппараты. Түйсіктердің физиологиялық негіздері болып табылатын – ол тітіркендіргіштің оған сәйкес анализаторға (сезім мүшесіне) әсері нәтижесінде пайда болатын жүйке процесі. И.П.Павлов бойынша, анализатор – бұл тітіркендіргіштерді қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттік және эфференттік жүйке жолдарының жиынтығы. А. тітіркендіргіштердің әсерімен рефлекторлық түрде өзгеріп отыратын белсенді мүше, сондықтан түйсік пассивті емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсенді психикалық процесс болып табылады. А. үш бөлімнен тұрады: Перифериялық бөлім (рецептор) – сыртқы энергияны жүйке процесіне айналдыратын арнайы трансформатор. Афференттік (орталыққа бағытталған) және эфференттік (орталықтан шығатын) жүйке талшықтары немесе өткізгіш жолдар; А-дың мидағы қабықасты және қабықты бөлімдері; бұларда перифериялық (шеткі) бөлімдерден келетін жүйке импульстарының өңдеуі іске асады. А.-дың шеткі бөлімдерінің белгілі бір жасушаларына ми қыртысы жасушаларының белгілі бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осылайша, мыс., көз торының әртүрлі нүктелеріне ми қыртысында кеңістік бойынша әртүрлі орналасқан нүктелер сәйкес келеді.


32. Қалқанша безі гормондарының жалпы сипаттамасы. Құрамында йоды бар гормондардың метаболиттік әсері (Т-3, Т-4).
Қалқанша без тіні дәнекер тіннің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 м км болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин. Олар белокпен қосылып, йодтиреоглобулин деген тұтқыр коллоидты зат түзеді. Ол зат фолликулада көпке дейін сақталады. Кейін керек кезде коллоидты заттан гормондар бөлініп қанға өтеді. Эпителийлі беткей тіндерінде протоеаздардың әсерінен йодтиреоглобулин ыдырайды, белсенді гормондар босатылады. Қан плазмасында гормондар альбумин және глобулинмен қосылады, ал нысаналарда бұл комплекстер ыдырап, тироксин мен трийодтирониндерді босатады. Бұл гормондардың жасалуына аминқышқылдар, тирозин және йод қажет. Адам организмінің сұйықтық ортасындағы гормондардың 75%-ға жуығы белоктармен байланысқан қалпында ағып жүреді. Бұл тиреоидты гормондардың бүйрек арқылы шығарылуына жол бермейді. Гормондар тек бос қалпында ғана әсер етеді. Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6-10 есе жоғары. Гормондардың күйрелуі біршама ақырын жүреді (2-4 тәуліктен кейін). Артық гормондар бауырда ферменттік күйрелуге ұшырайды. Бездің дәнекер тінді стромасында «ақшыл» жасуша немесе С-жасушалар деп аталатын ерекше түрі табылды (ағыл. calctonin), кейде оны орысша атына байланысты К-жасуша деп те атайды. Бұлар кальций және фосфор алмасуын реттеуге қатысатын, құрамында йод жоқ — тирокальцитонин және өте белсенді катакальцин гормондарын бөліп шығарады. Қалқанша без қанмен өте жақсы қамтамасыз етіледі. Мұндағы қан ағысының минуттық мөлшері бездің өз көлемінен 3-7 есе көп. Қанның мөлшері жағынан ол организмде бірінші орын алады. Бұл оның ішкі секрециялық қызметінің белсенділігін көрсетеді. Қалқанша без жүйке талшықтарымен жиі торланған, оның жүйке қызметінің реттелуі симпатикалық, парасимпатикалық және денелік жүйкелер арқылы жүзеге асырылады. Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізетін әсері, олардың «калоригендік» — жылу өндіру ықпалынан өте жақсы көрінеді. Тиреоидты гормондар жоқ кезде алмасу үрдістерінің жылдамдығы төмендейді, ал көп болғанда негізгі алмасу тыныштық қалпында да, қалыпты жағдайда да 2 есе жоғарылауы мүмкін. Жылу өндіру нәтижесі жоғары сатыдағы жануарлар мен адам организмінің барлық жасушаларында, әсіресе бауыр, бұлшықет және жүйке жүйесі жасушаларында айқын байқалады. Гормондар зат алмасудың түрлі жақтарына, барлық ферменттерді белсендіру жане тотығу үрдістерін күшейту арқылы әсер етеді, әсіресе белоктың синтезделуін және майлар мен көмірсулардың ыдырауын күшейтетін митохондриялық үрдістерді тездетеді Түрлі жануарлардың организмін зерттеу арқылы, оларда минерал алмасуды реттеудегі тиреоидты гормондардың мәні анық дәлелденген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет