Аралық бақылау №5 Педагогикалық құралдар: әңгімелесу және диалогтік оқыту. Тапсырмалар:
1. Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Диалог дегеніміз — өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты қалыптастыру. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой өрісін дамытумен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды.
Диалогтік оқыту әдісін қай сабақта болмасын қолданып отыру, сұрақтар арқылы оқушылардың жауаптарын түзету, олардың сол сұрақтың аясында терең ойлануына мүмкіндік беріп, оған дұрыс жауап беруіне жағдай туғызу мұғалімнің басты міндеті деп санаймын. Диалогтік оқытудың тағы бір тиімділігі бaлаларға топпен, серіктестерімен қарым-қатынасқа түсіп, берілген сұрақтар, тaпсырмаларды шешуге кіріскенде әр оқушы ойын ортаға салып, сұрақ қоюға тырысып бағады.
2. Білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі?
Мұғалімдер жауап алу мен шағын топтардағы жұмысты қоса алғанда,әңгімені жеке оқуға ықпал ететін педагогика құралы ретінде тиімді қолдану туралы өз идеяларын тұжырымдады.Ынталандырушы әңгіме туралы материалдарды талқылау және әңгіме түрлерін анықтау үшін топтарға сұрақ. Әңгіменің неше түрі бар?
1.Әңгіме –дебат
2.Кумулятивтік әңгіме
3.Зерттеушілік әңгіме
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл. Топқа тапсырма: Сыныпта әңгімелесуді пайдаланған кезде пайда болатын кедергілерге қарастыруға арналған зерттеушілік сипаттағы диаграмма жасауды ұсындым. Ресурс: Нейль Мерсердің кіріспе таныстырылымын пайдаланды
3. Ынталандырушы әңгіме туралы материалдарды талқылау және әңгіме түрлерін анықтау.
Мотивация - бұл орыс педагогикасы үшін жеткілікті танымал және сонымен бірге салыстырмалы түрде жаңа термин. Мотивация теориясымен көп айналысқан Л.С. Выготский, Ресейде психолог ретінде көбірек танымал және оның жұмысының педагогикалық құрамдас бөлігін әлі толық бағаламаған. Кеңестік педагогикада баланы алғашында білім алуға ынталандыру керек деп есептелді, сондықтан мотивацияны дамытумен арнайы айналысудың қажеті жоқ. Алайда соңғы уақытта мотивацияның маңыздылығы туралы көбірек адамдар айтып, оны заманауи сабақтың негізгі сәттерінің бірі ретінде қарастыра бастады.