Қорытакелгенде, жалпы орта білім беретін мектепте шешендік өнерді пән ретінде оқыту аса қажет және оны оқытуды жолға қою үшін педагог-мамандардан, әдіскер-ғалымдардан оның жалпы дидактикалық және арнайы ұстанымдары осы аталмыш пәнді оқытудың нақты әдістері мен түрлерін іріктеуді қажет етеді.
Оқушыларды шаршы топ алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістері мен амал-тәсілдері. Біздің адами іскерлік қарым-қатынасымыз сәтімен жүзеге асуы үшін тек қана тілді, оның грамматикасымен сөздік қорын терең біліп қою жеткіліксіз. Дидарласушыңды еліктіре отырып, оған әсер ету үшін, өз бағытыңызға зейінін аудару үшін, өзіңізге ұнамды адамдармен, тіпті өз қарсыластарыңызбен сөйлесе білу үшін, дос-жаран арасындағы әңгімеге қатыса білу үшін, өз сөзіңізді орынды үйлестіре білуге үйрену аса қажет.Заманында Аристотель күллі адам баласының белгілі дәрежеде шешендіктану іліміне қатыстылығын анықтаған. Демек, іскер бизнесмен, мұғалім, заңгер, аграном, әлеуметтік сала қызметкері, саясаткер, менеджер, дін саласын уағыздаушы өз кәсібінің шарықтау шегіне жеткісі келсе, сөйлеу өнерін жете меңгеруі тиіс. Себебі олар адамдармен үнемі қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, кеңес беруге, ұстаздық етуге, ресми ретте шаршы топ алдында сөйлеуге тура келеді. Ал шаршы топ алдында сөйлеу үшін, не айтатыныңды білу аздық етеді, бұған қоса, қалай айту керектігін білген жөн. Іскер маман сөз сөйлеуге даярланудың алғашқы кезеңінде мақсатына орай «Кімдерге сөйлеймін?», «Оларға не айтамын?», «Оларға бұны не үшін айтамын?» деген сауалдарды ойлануы тиіс.
Егер де мәтінді өзге біреу әзірлесе, ол тек сөздің жансыз сұлбасы ғана. Ендеше, бұнымен сөз сөйлеуші шешеннің көл-көсір әсер туғызуы мүмкін емес. Тыңдаушылар мінбедегі сөйлеушінің дисгормониясын бірден аңғарады. Іскер маманның сөйлеу мәдениетінің заңдылығы, табиғи арнасы ежелгі дәуірден бастау алады. Бұл шешендік өнерге қатысты ұлы данышпандардың түйіндерінде көрініс тапқан. Заңдылықтың табиғатын таразылап ұсынылар кейбір тұжырымдарға, пайымдауларға кезек берсек, төмендегіше түйіндерді әр кез ескеру артық емес.