Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Аралық бақылау
Шешендікке үйрету сабағында мәтінмен жүргізілетін әдістер мен амалдар
Орындаған: Шәріпхан Парзина
2022-2023 оқу жылы
Шешендікке үйрету сабағында мәтінмен жүргізілетін әдістер мен амалдар
Шешендік — сөз өнерінің бір шыңы десек, сөз өнерінің құралы — тіл. Тіл — халық қазынасы. Оны игеру — сол халықтың міндеті.Сөйлеу сөздік қорға тікелей байланысты. Ал сөздік қор әуелі отбасында, сосын балабақшада, әрі қарай ойын үстінде, адамдар мен тілдік қарым-қатынаста жинақталады.Тілді теориялық, практикалық жағынан игеру негізі мектеп қабырғасында қалыптасады.
Орта мектепте шешендік өнерді меңгерудің алғы шарттары мынадай:
Сөздік қорды байыту.
Сөзді орынды қолдана білу.
Бейнелеп сөйлеуге машықтану.
Сөз ішінде, сөз тіркестерін қолдана білуге дағдылану.
Мектепте шешендіктану негіздерін оқып-үйрену, шешендік өнер дегеніміз не, шешендік сөздің өзіне тән белгілерінің қандай екенін ұғындырудан басталуға тиіс. Одан әрі шешендік өнердің тарихына қысқаша шолу жасай отырып, оның даму кезеңдерін еске түсіреміз, шешендіктану ілімінің мәнін ашамыз. Оқушылар үшін өз сөздері арқылы екшей өрілген шешендік пен парасаттылықтың, ұшқыр ойлылық пен кісіліктің үйлесімділік үлгісін таныта білген ежелгі таңғажайып шешендер туралы мағлұматтардың мәні, маңызы ерекше.
Шешендікке айрықша тән қасиеттер - ойлап табу, орналастыру, сөзбен бейнелеу, есте сақтау, қысқа, нұсқа сөйлеу, тыңдарманы әр түрлі тәсілдермен сөзге ұйыту. Осыны оқушылар алдында мысалдар арқылы мезгіл-мезгіл дәлелдеп отыру керек.Кез-келген курсты, пәнді (ғылыми саласын) оқыту ұстанымдары жұмыс жүйесін үйлестіруде, оқыту әдістері мен амалдарын, түрлерін іріктеуде басшылыққа алынатын — бірден бір ортақ идеялар. Сол сияқты шешендік өнерді мектепте пән ретінде оқытудың өзіндік ұстанымдары болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |