Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері



Pdf көрінісі
бет16/53
Дата06.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#113329
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Рк психология

 Сезiмталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетiнiң пайда болуына себепшi 
сыртқы әсер күшiнiң ең төменгi деңгейi мен сол жауап-әрекеттiң туындау 
шапшаңдығы.
 Жауап-әрекетке келу - бiрдей ықпалды сыртқы не iшкi әсерлерге болған ырықсыз 
жауап-әрекет дәрежесi.
 Белсендiлiк - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және 
кедергiлердi жеңу үшiн жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, 
зейiн қою, бағдар таңдау т.б.).
 Жауап-әркетке келу мен белсендiлiк қатынасы - адам iс-әрекетiнiң өзiн пайда еткен 
себепке қаншалықты тәуелдi екенiн бiлдiруi: кездейсоқ сыртқы немесе iшкi жағдайлар 
(көңiл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам т.б.
Икемдiлiк - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңiл әрi 
жылдам үйренiсе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тiптi жат қылық көрсетуi.
Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекет-тер мен процестер, сөйлеу, ым-
ишара қозғалыстары мен ой бiлдiру шапшаңдығы.
Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекетi мен iс қимылына себепшi 
жағдайлар - нақты мезеттегi сыртқы сезiмдер немесе өткен мен болашаққа 
байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезiмдiк қызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшiн қажет ең төменгi әсердiң шамасы 
мен оның туындау жылдамдығы. 
 Аталған қасиеттердi ескерумен қазiргi заман психо-логиясында темпераменттiң барша 
ғылыми қауым қабылдаған төрт типiнiң сипаттамасы:
1.
 
Сангвиник - жоғары дәрежелi әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдiк оның 
белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең. Назарын тартқанның 
бәрiне араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлi, шапшаң. 
Сәл нәрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен көңiлi қалып, мұңаяды. Бет-


жүзiнен көңiл-күйi, заттар мен адамдарға болған қатынасы бiлiнiп тұрады. 
Сезiм-талдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсерi болмаған дыбыстар мен 
жарыққа елеңдей бермейдi. Мұндай адам көтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс 
қабiлетi мен қуатының жоғары болуынан жаңа iске қаймықпай кiрiседi, ұзақ 
уақыт талып-шаршамастан қызметiн жалғастыра алады. Зейiнiн таңдаған 
объектiне тез шоғырландырады, тәртiптi, қажет болса, өзiнiң ырықсыз 
әрекеттерi мен сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады. Әрекетi жедел, ақылы-ойы 
икемдi, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезiмдерi, көңiл-күйi, қызығулары мен 
ниеттерi өзгерген жағдайға байланысты жеңiл ауысып отырады. Сангвиник 
төңiрегiндегiлермен тiл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшiл. 
Қиналмастан бiр iстен екiншiсiне ауыса алады, қажет болса, қайта үйренiп, 
жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типтi адам өткенi мен 
болашағын болжастыруда өзiнiң субъектив пайымдау-ларының жетегiнде қалып 
қоймай, көбiрек сыртқы әсерлердi объектив бағамдауға бейiм, экстраверт.
2.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет