Аралық бақылау сұрақтары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Заманауи медицинадағы өзектілігі


Гаметалар тазалығының заңдылығы. Гамета түзу



бет9/20
Дата07.12.2022
өлшемі1,53 Mb.
#55703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
Аралы ба ылау с ра тары №4 Онтогенез. Онтогенез типтері. Замана

Гаметалар тазалығының заңдылығы. Гамета түзу.

Гибридтердің екінші ұрпақтарында белгілердің байқалуының және ажырасуының заңдылықтарын түсіндіру үшін Г.Мендель гаметалар тазалығы гипотезасын ұсынды. Бұл гипотезаға сәйкес ата-аналар гаметаларында тек бір тұқым қуалаушылық факторы болады. Бірінші ұрпақ гибридтері (Аа) бірдей мөлшерде екі типті гаметалар түзеді, олардың тең жартысында доминантты (А), ал екінші жартысында рецессивті (а) факторлар болады. Гибридтік өсімдіктер фенотипі бір келкілік заңына сәйкес бірдей болады.
Гибридтік ағзаларда рецессивті тұқым қуалау факторы (а) жойылмайды не кірікпейді, гаметалар түзілген кезде ол доминантты фактордан дербес ажырайды.
Г.Мендель тұқым қуалаушылық факторларын және гамета түзілу үдерісінде олардың ажырасуын, жасушаның белгілі бір құрылымдарымен байланыстырмаған. Дегенмен, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы пайда болғаннан көптеген жылдар бұрын, Г.Мендель гаметалар тазалығы гипотезасын қалыптастырып - гендердің, хромосомалардың болатындығын және мейоз, ұрықтану үдерістерінің маңызын дұрыс ұғынғанын генетика ғылымының дамуы дәлелдеп берді


  1. Ядролық және цитоплазмалық генетикалық материалдың тұқым қуалауы.

Ядролық :Тұқым қуалайтын материал жасуша ядосында, хромосомаларда орналасады
Цитоплазмалық : Тұқым қуалайтын материал пластидтер мен митохондрия ДНҚ-сы сақиналы молекула түрінде цитоплазмада, сондай-ақ басқа да ядродан тыс генетикалық элементтерде орналасады. Цитоплазмалық тұқым қуалау Мендель заңдылықтарына бағынбайды және белгілер анасы жағынан тұқым қуалайды.

Цитоплазмалық тұқым қуалау көрінісі негізінен цитоплазмада орналасқан екі жасушалық органелламен байланысты: өсімдіктерде – хлоропласталармен және митохондриялармен.
Адам жасушасының митохондриясында меншікті ДНҚ-сы болады, онда митохондрияның кейбір нәруыздарын кодтайтын аздаған гендер жинақталған.
Митохондрияларда орналасатын гендер тек әйел гаметасы арқылы ғана беріледі, жұмыртқа жасушасында 1000-нан жоғары митохондриялар болады, ал сперматозоидтарда әдетте митохондриялар болмайды. Зиготада тек аналық жасушадан алынған митохондриялар болады.
Цитоплазмалық тұқым қуалау Мендель заңдарына бағынбайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет