Аралық бақылау сұрақтары: Көз алмасының құрылысы, көздің қабықтары



бет10/13
Дата10.03.2023
өлшемі76,63 Kb.
#73057
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
curak

Үлкен сілекей бездері (glandula salivaris majores): шықшыт безі (glandula parotidea), ең ірі сілекей безі; сірлі секрет бөліп шығаратын күрделі альвеолалық без. Ол тері астында төменгі жақсүйек тармағының сыртқы жиегі бойында орналасқан. Үстінде бетсүйектік доғаға дейін жетеді. Қапшықпен қапталған оның терең бөлігі (pars 174 profunda) бізтэрізді өсінді жэне оның бұлшықеттерімен жанасып жатыр. Без аркылы бет жэне құлак нервтері, ұйқы артериясы, төменгі жақсүйек венасы өтеді. Шығаратын түтігі (ductus parotideus) бездің алдыңғы жиегінен шығып ауыз кіреберісінің екінші жоғарғы үлкен азу тістің түсына ашылады. Кейде шайнау бүлшыкетінің бетінде косалқы шықшыт безін (glandula parotis accessoria) байқауға болады
Тіласты безі (glandulae sublingualis)-uibipbiuiTbi секрет бөліп шығаратын, альвеолалық-түтіктік без. Ол жақ-тіласты бұлшыкеті үстінде, ауыз қуысы шырышты қабығының астында орналасқан
14-Сурак
Тітстердің құрылысы;
Тістер (dentes), қызылиектердің жоғарғы жиектерінің бойымен, жоғарғы жэне төменгі жақсүйектердің тістік ұяшықтарында орналасқан. Тістер ауыз қуысынан шырышты кабығының түрі өзгерген 169 бүртіктері. Тістер үздіксіз қосылыстар - кағу (gomphosis) аркылы түбірлерімен козғалыссыз, ұяшыктарда бекіген.
Тістердің кызметі: асты бөлу, шайнау, майдалау, сөйлеуді қалыптастыру жэне дыбыстардың дұрыс айтылуына мүмкіндік туғызу. Ересек адамдарда калыпты тістер саны 32-ні кұрайды. Алғашкы (сүт тістер) тістер 6- айда шығады, ал 5 жастан бастап түсе бастайды, олардың орынын тұрақты тістер алмастырады.
Әр тісте сауытын, мойнын жэне түбірін айырады. Tie сауыты (corona dentis) қызылиектің үстінде орналасқан көлемді бөлігі.
Беттері: жоғарғы жэне оған сәйкес төменгі тістердің бір-бірімен жанасатын шайнау беті (occlusalis), тілдік бет (lingualis) тілге қорған беті, кіреберістік бет (vestibularis) ауыз кіреберісіне қараған беті, жанасу беті (contactus) екі жағындағы көрші тістермен жанасқан беттері. Tie түбірі (radix dentis) - тіс ұяшықтарында орналаскан. Түбір саны 1-ден 3-дейін. Әр түбір өзі аттас тесігі бар үшымен (apex radicis dentis) аяқталады. Tic ұшының тесігі (foramen apicis dentis) арқылы, тіс куысын толтырған тіс ұлпасына (pulpa dentis) баратын артериялар, веналар жэне нервтер кіреді. 34-сурет. Pharynx 1. pars nasal is 2. pars oralis 4. esophagus 5. trachea 170 Tic мойыны (cervix dentis) - тіс сауытымен түбірінің арасындағы кызылиекпен капсырылған кішкентай бөлігі. Tie сауыты ішінде тіс куысын (cavitas dentis) жэне тіс түбірінің өзегін (canalis radicis dentis) ажыратады. Тістің негізгі кұрастырушы бөліктері кіреуке (enamelum), дентин (dentinum) жэне цемент (cementum). Тістің басты бөлігін дентин құрайды, сауыты (corona) кіреукемен, ал түбірі (radix) цементпен капталған. Адамдарда төрт түрлі тісті айырады: күрек тістер, ит тістер, кіші жэне үлкен азу тістер. Тістер ауыз қуысында жоғарғы жэне төменгі катарлар түзіп, симметриялы орналасады. Әр қатарда 16 тістен орналасқан. Сагитталды жазыктықта эр катар тепе-тең оң жэне сол бөліктерге бөлінеді. Әр бөлік 8 тістен тұрады: 2 күрек тіс, 1 ит тіс,2 кіші азу тіс жэне 3 үлкен азу тіс. Күрек тіс, кіші жэне үлкен азу тістер бір-бірінен пішіні мен түбір сандары аркылы ерекшеленеді. Күрек тістер (dentes incisivi), жіңішке жиекті, қашатэрізді сауыты бар, кесетін беті өткір, бір түбірлі. Төменгі күрек тістердің сауыты жоғарғыларға Караганда қысыңкы келеді. Ит тістер (dentes canini), сауыты үшкір ұшы бар конустәрізді, түбірі жалғыз, өте ұзын. Кейде екі түбірлі немесе ұштары екіге айырылған болуы мүмкін. Кіші азу тістер (dentes premolaris)-caybiTbi сопақша пішінді. Шайнау беттерінде конустәрізді екі шайнау төмпешіктері бар. Түбірі біреуі не болмаса, үшында екіге айырылуы мүмкін. Үлкен азу тістер (dentes molares)-caybiTbi кубтэрізді. Үшінші үлкен азу тіс-ақыл тіс (dens serotinus) шығу мерзімімен (27 жасқа дейін) жэне шағын көлемімен ерекшеленеді. Үлкен азу тістердің шайнау төмпешіктері бар. Төменгі жэне жоғарғы жақсүйектер тістерінің кабысуын тістеу деп атайды. Қалыпты тістеуде жоғарғы жақсүйек тістері төменгілерді жауып тұратыны байқалады.
15-Сурак
Жұтқыншақтың құрылысы;
Жұткыншак (pharynx) (34, 35-суреттер) - ауыз куысын өңешпен қосады. Жұтқыншақ хоандар арқылы мұрын қуысымен жэне аңқа арқылы ауыз қуысымен қатысады.
Мұрындық бөлік тек қана тыныс алу жолына, ауыздық бөлік тыныс алу жэне асқорыту жолдарына, ал көмейлік бөлік таза тыныс алу жолына жатады
Асқорыту жолының жоғарғы бөлігіндегі шоғырланған бадамшалар корғаныстык кызмет атқарады. Барлығы алты бадамша: тіл, жұтқыншақ жэне жұп түтік, таңдай бадамшалары. Бұл бадамшалар шеңбер құрап Пирогов-Вальдейер сақинасын түзеді.
Шырышты кабық (tunica mucosa) жұтқыншақтың төменгі бөлігінде, құрылысы бойынша шырышасты негізге ұқсас келеді, ал жоғарғы бөлігінде катпарлар түзбейді жэне өте тығыздығымен ерекшеленгендіктен, жұтқыншақ-базилярлық шандыр (fascia pharyngobasilaris) деп аталған.
Жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің шырышты қабығы кірпікті, ал ауыздық жэне көмейлік бөліктері көпқабатты жалпақ эпителиймен көмкерілген. Жұтқыншақтың шырышты қабығында көп мөлшерде шырышты бездер орналасқан. Дэнекертіндік табақша сыртынан бұлшықеттік қабықпен (tunica muscularis) қапталса, ол үстінен адвентициялык кабыкпен (adventitia) жабылған. Жүтқыншак көлденең-жолақ бұлшыкеттерден тұрады.
16-Сурак
Сыртқы мұрынның құрылысы, мұрын қуысы
1. Мұрын аймағының кұрылысы (Regio nasalis) Тыныс алу жүйесі (systema respiratorium) тыныс алу жолдарынан кұралған, ал олар өз ретінде куыс көлемінің біркелкілігі кабырғаларындағы шеміршектік немесе сүйектік тіндермен жэне өкпе аркылы камтамасыз етілген түтіктер жүйесінің жиынтығы. Мұрын аймағына сырткы мүрын жэне мүрын қуысы жатады. Сыртқы мүрын (nasus externus), мүрын қырына (dorsum nasi) жалғасатын мұрын ұшынан (apex nasi), мұрын түбірінен (radix nasi) жэне айналасы танаулармен (nares) шектелген мүрын канаттарынан тұрады. Сыртқы мүрын сүйектік жэне шеміршектік тіндерден түзілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет