Аралық бақылау сұрақтары: Көз алмасының құрылысы, көздің қабықтары


Көмейді жоғарғы жэне төменгі көмей артериялары



бет13/13
Дата10.03.2023
өлшемі76,63 Kb.
#73057
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
curak

Көмейді жоғарғы жэне төменгі көмей артериялары (сыртқы ұйкы, бүғанаасты артерияларының тармақтары) канмен қамтамасыз етеді. Веналық ағым аттас веналар арқылы жүзеге асады. Лимфа ағымы мойынның терең лимфа түйіндеріне бағытталады.
Көмей жоғарғы жэне төменгі көмей нервтерімен (Х-жүп, кезбе нервінің тармақтары) симпатикалык сабаудың тармақтарымен нервтенеді.
18) Жалпы ұйқы артериясы

Иық-бас сабауы (truncus brachiocephalicus) ІІ-оң қабырға шеміршегі тұсында қолқа доғасынан басталып кеңірдектің алдында және иық-бас венасының артында орналасады, оң төс-бұғана буынының деңгейінде оның соңғы тармақтары болатын оң жалпы ұйқы және оң бұғанаасты артерияларына бөлінеді.


Сол жалпы ұйқы артериясы (a.carotis communis sinistra) тікелей қолқа доғасынан басталады.

19) Ішкі ұйқы артериясы


Ішкі ұйқы артериясы (a.carotis interna) ми мен көру ағзасын қанмен қамтамасыз етеді. Оның келесі бөліктерін айырады: мойын (pars cervicalis), үңгірлі (pars cavernosa), тасты (pars petrosa) және милық (pars cerebralis).
Артерияның милық бөлігі көз артериясын беріп түрік ертоқымының алдыңғы еңкейген өсіндісінің ішкі жиегі жанында соңғы тармақтарға (алдыңғы және ортаңғы ми артериялары) бөлінеді.
Көз артериясы (a.ophtalmica) тармақтары:
1. Торлы қабықтың орталық артериясы (a.centralis retinae)
2. Көзжас артериясы (a.lacrimalis)
3. Артқы торлы артерия (a.ethmoidalis)
4. Алдыңғы торлы артерия (a.ethmoidalis anterior)
5. Артқы кірпіктік ұзын және қысқа артериялар (aa.ciliares posteriores longae et breves)
6. Алдыңғы кірпіктік артериялар (aa.ciliares anteriores)
7. Бұлшықеттік артериялар (aa.musculares)
8. Қабақтардың медиальді артериялары (aa.palpevrales) қабақтардың латеральді
артерияларымен қосылып жоғарғы және төменгі қабақтар доғасын түзеді.
9. Шығыршықүсті артериясы (a.supratrochlearis).
Ортаңғы ми артериясында (a.cerebri media ) сынатәрізді (pars sphenoidalis), аралшық (pars unsularis) және қыртыс (pars corticalis) бөліктерін ажыратады.
Алдыңғы ми артериясы (a.celebri anterior) қарама-қарсы аттас артериямен алдыңғы дәнекер артерия (a.comminicans anterior) арқылы қосылады.
Артқы дәнекер тармақ (a.communicans posterior) сыртқы және ішкі ұйқы артериялары тармақтарын қосушылардың бірі болып саналады.
Алдыңғы бүрлі артерия (a.choroidea anterior).
Бұғанаасты артериясының (a.subclavia) тармақтары: артерияның үш бөлімін айырады: біріншісінен – омыртқа артериясы, кеуделік ішкі артерия және қалқанша-мойын сабауы, екіншісінен – қабырға-мойын сабауы, үшіншісінен – тұрақсыз, мойынның көлденең артериялары шығады.
Бірінші бөлімнің тармақтары:
1. Омыртқа артериясы (a.vertebralis) төрт бөлігін ажыратады: омыртқа бағанасы
алдындағы (pars prevertebralis), мойын (pars cervicalis), ауызомыртқалық (pars
atlantica) бассүйек ішіндегі бөлік (pars intracranialis).
Мойын бөлігінің тармақтары: а) түбіршіктік тармақтар (rr.radiculares), б) бұлшықеттік тармақтар (rr.musculares)
Бассүйек ішіндегі бөлік тармақтары:
а) алдыңғы жұлын артериясы (a.spinalis anterior), б) артқы жұлын артериясы (a.spinalis posterior), в) артқы және алдыңғы менингеальдық тармақтар (rr.meningei), г) артқы төменгі мишық артериясы (a.cerebelli inferior posterior).
20) Сыртқы ұйқы артериясы
СЫРТҚЫ ҰЙҚЫ АРТЕРИЯСЫ (a.carotis externa) – жалпы ұйқы артериясының екі тармағының біреуі, ол едәуір тармақтар береді.
Сыртқы ұйқы артериясының алдыңғы тармақтары.
Жоғарғы қалқанша артериясы (a.thyroidea superior) қалқанша бездің жоғарғы ұшында алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бұл артериялардың бүйір тармақтары:
1. Тіласты асты тармағы (r.infrahyoideus)
2. Төс-бұғана-емізік тармағы (r.sternocleidomastoidea)
3. Көмейдің жоғарғы артериясы (r.laringea superior)
4. Жүзік-қалқанша тармағы (r.cricothyroideus).
Тіл артериясы (a.lingualis), тіласты сүйегінің үлкен мүйізінің жанында артқы тармақтарын береді, ал оның соңғы тармағы – тілдің терең артериясы (a.profunda linuae), тілге енгенге дейін одан екі тармақ шығады: тіласты артериясы (a.sublingualis) және тіласты үсті тармағы (r.suprahyoideus).
Бет артериясы (a.facialis) тіл артериясынан сәл жоғары басталады. Бетке келесі тармақтар береді:
1. Жоғарғы ерін артериясы (a.labialis)
2. Төменгі ерін артериясы (a.labialis inferior )
3. Бұрыштық артерия (a.angularis)
Бет артериясының мойынға беретін тармақтары:
1. Бадамшалық тармақ (r.tonsillaris)
2. Иекасты артериясы (a.submentalis)
3. Жоғарылаған таңдай артериясы (a.palatina ascendens)
Сыртқы ұйқы артериясының артқы тармақтары:
1. Құлақтың артқы артериясы (a.auricularis)
2. Шүйделік тармақ (r.occipitalis)

3. Біз-емізік артериясы (a.stylmastoidea), ол артқы дабыл артериясын (a.tympanica posterior) береді.


Шүйде артериясы (a.occipitalis) келесі тармақтар береді:
1. Құлақтық тармақ (r.auricularis)
2. Төмендеген тармақ (r.descendens)
3. Төс-бұғана-емізік тармақтары (r.sternocleidomastoidea)
4. Емізіктәрізді тармақ (r.mastoideus).
Жұтқыншақтың жоғарылаған артериясы (a.pharyngea ascendens) тармақтары:
1. Жұтқыншақтық тармақтар (r.pharyndealis)
2. Төменгі дабыл артериясы (a.tympanica inferior)
3. Артқы менингеальдық артерия (a.meningea posterior).
21) Бас пен мойынның веналары
Ішкі мойындырық вена (v.jugularis interna), ми қатты қабығының сигматәрізді қойнауының жалғасы. Бастапқы бөлігінде жоғарғы буылтық (bulbus superior), ал бұғанаасты венамен қосылатын орнынан жоғары төменгі буылтық (bulbus inferior) орналасқан. Төменгі буылтықтың үстінде және астында бір-бір қақпақ бар. Ішкі мойындырық венаның бассүйек іші құйылыстарына жатады: көз веналары (vv.ophthalmicae superior et inferior), лабиринт веналары (vv.labyrinthi), диплоеалық веналар (vv.diploicae) артқы самай диплоеалық венасына(v.diploica temporalis posterior) алдыңғы самай диплоеалық венасына (v.diploica temporalis anterior) маңдай диплоеалық венасына (v.diploica frontalis) және шүйде диплоеалық венасына (v.diploica occipitalis) қан бассүйек сүйектерінен ағып шығады.
Шығаратын (эмиссарлық) веналар (vv.emissaria): емізіктәрізді эмиссарлық вена (v.emissario mastoidea), айдаршық эмиссарлық вена (v.emissaria congylaris), шекелік.
эмиссарлық вена (v.emissaria parietalis) арқылы диплоелық веналар бастың сыртқы веналарымен қатынасады.
Ішкі мойындырық венаның бассүйек сырты құйылыстары:
1. Тіл венасы (v.lingualis) – тіласты венасынан, тілдің терең венасынан тілдің дорсальді веналарынан түзілген.
2. Бет венасы (v.facialis)
3. Жоғарғы қалқанша венасы (v.thyroidea superior), қақпақтары бар.
4. Жұтқыншақ веналары (vv.pharyngeae)
5. Төменгі жақсүйек артындағы вена (v.retromandibularis).
Сыртқы мойындырық вена (v.jugularis externa) – сағасында және мойынның ортаңғы тұсында қақпақтар орналасқан. Бұл венаға құяды: мойынның көлденең веналары (vv.transversae colli), алдыңғы мойындырық вена(v.jugularis anterior), жауырынүсті венасы (v.
suprascapularis).
Бұғанаасты венасы (v.subclavia), қолтық венасының жалғасы.
22) Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері
Лимфа жүйесі - (systema lumphaticum) тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Оның элементтерінің қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты иммунды қорғаныш қызметін қамтамасыз ететін иммуңды жүйе мүшелеріне және тасымал қызметін атқаратын лимфа әкелуші жолдарға бөлінеді.
Лимфа әкелуші жолдарын келесі қүрылымдық звеносы қақпақтары бар, лимфа тамырларына (vasa lumphatica) өтетін лимфа посткапиллярлары болып табылады. Олар мүшелер қатынасына байланысты: ішкі және мүшеден тыс болып бөлінеді. Олар лимфа кері бағытымен әсер ететін, азғана қақпақ санымен сипатталады. Лимфа қантамырлары мүшелер мен олардың жаныңда бір-бірімен бірігіп лимфа өрімін (plexus lumphaticus) құрайды. Қантамырлары арқылы лимфа белгілі мүшеге немесе дене бөлігіне регионарлы лимфа түйіндеріне (nodi lumphatici) барады. Ол барьерлі фильтрациялық, иммунды қызмет атқарады. Лимфа әкелуші лимфа тамырлары бір түйіннен оның жолындағы келесі лимфа түйіндеріне, мойындағы веналық бұрышқа қарай жалпы ағыс бағытында, ішкі мойынды-рық пен бүғанаастылық веналардың қосылысынан құралады. Дененің ірі бөліктерінен лимфаны жинай отырып (қол-аяқ, бас, ішкі мүшелер) лимфа тамырлары ірі коллекторлық сабаулар (trunci lumphatici) жөне түтіктер (ductus lumphatici) құрайды. Адам денесінде 6 ірі лимфа түтіктері мен сабаулары және ұсақтары бар. Олардың 3-уі сол веналық бұрышқа (көкірек түтігі, сол мойындырық және сол бұғанаастылық сабаулар), ал 3-уі оң веналық бұрышқа (оң лимфа түтігі, оң мойындырық және сол бұғанаастылық сабаулар) қүйылады.
Бас пен мойын. Лимфа бас пен мойыннан оң және сол жақ мойын лимфа бағаналарына — trunci jugulares dexter et sinister-лepre жиналады, ал олар ішкі мойындырық венасына параллелді жүре отырып, оң жақтағы бағана - ductus lymphaticus dexter-re немесе тікелей оң жақтағы веналык бұрышқа, ал сол жақтағы бағана - duc-tus thoracicus немесе тікелей сол жақтағы веналық бұрышка құяды.
Баста лимфа түйіндері негізінен оның мойынмен шекарасы бойында топталады. Түйіндердің бұл топтарынан мыналарды атап көрсетуге
болады.

  1. Шүйде түйіндері - nodi lymphatici occipitales. Бұларға бастың 
    шүйде, шеке және самай аймактарының артқы бөлігінен лимфа 
    тамырлары құяды.

  2. Емізіктәрізді түйіндер - nodi lymphatici mastoidei, сол аталған 
    аймақтардан, сондай-ақ құлақ қалқанының артқы бетінен, сыртқы есту тесігінен және дабыл жарғағынан лимфа жинайды. 

  3. Шықшыт түйіндері (беткей және герең) - nodi lymphatici paroti- 
    dei (supcrficiales et propundi), маңдайдан, самайдан, қабақтын латералды 
    бөлігінен, кұлақ қалқанының сыртқы бетінен, шықшыт буынынан, 
    шықшыт безінен, жас бездерінен, сыртқы есту тесігі қабырғасынаң дабыл 
    жарғағы мен есту түтікшесінен лимфа жинайды.

  4. Төменгі жақсүйекасты түйіндері, nodi lymphatici submandibulares 
    - иектің латералды жағынан, жоғарғы және төменгі еріндерден, ұрттан,мұрыннан, қызылиек пен тістерден, қабақтардың медиалды бөлігінен,қатты және жұмсақ таңдайдан, төменгі жақсүйекасты және тіласты сілекей бездерінен лимфа жинайды.

  5. Бет түйіндері, nodi lymphatici faciales (үрттық, мұрын-еріндік)
    көзұясынан, мимика бұлшықеттерінеи, ұрт, ерін, қызлиек шырышты 
    бездерінен, ауыз бен мұрын аймағындағы сүйек қабығынан, төменгі 
    жақсүйекасты және тіласты бездерінеп лимфа жинайды.

  6. Иекасты түйіндері, nodi lymphatici submentales - төменгі 
    жақсүйекасты түйіндері сияқты бастың дәл сол аймақтарынан, сондай-ақ тіл ұшынан лимфа жинайды.

Мойында лимфа түйіндерінің екі тобын ажыратады: алдыңгы мойын түйіндері - nodi lymphatici cervicales anteriores және латералды мойын түйіндері - nodi lymphatici cervicales laterales. Алдыңғы мойын лимфа түйіндері беткей және терең болып бөлінеді, солардың ішінен: көмейалды, қалқаншалық (қалқанша бездің алдында жатады), кеңірдекалды және кеңірдекмаңы лимфа түйіндерін ажыратады

Үштік нерв ми негізіне сезімтал, radix sensoria, және қозғалтқыш, radix motoria, – екі түбіршікпен шығады. Бұл нервтің шығатын жері мишықтың ортаңғы аяқшасы мен көпірдің шекарасы болып табылады. Нерв алдыға жүріп, самай сүйек пирамидасының алдыңғы бетіндегі үштік батыңқыда орналасқан үштік түйінге, ganglion trigeminale, келеді. Бұл түйін ( Гассер түйіні) сезімтал нейрондардан түзілген. Үштік нервтің сезімтал түбіршігін – Гассер түйініндегі сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) түзеді. Олар жоғарыда аталған сезімтал ядроларда аяқталады. Үштік нервтің қозғалтқыш түбіршігін – қозғалтқыш ядроның аксондары құрайды.

23-Сурак Бет нерві (VІІ)
Бет нерві, n.facialis – аралас нерв (49-сурет), ол сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Осыған сәйкес бет нервінің көпірде орналасқан сезімтал, парасимпатикалық және қозғалтқыш үш ядросы бар. Сезімтал ядросы – жеке ядро, nucleus solitarius, парасимпатикалық ядросы – жоғарғы сілекей бөлетін ядро, nucleus salivatorius superior, және қозғалтқыш ядросы – бет нервінің ядросы, nucleus nervi facialis, деп аталады. 
Бет нервінің сезімтал талшықтары дәм сезу қызметін атқарады да жеке ядрода аяқталады. Парасимпатикалық талшықтары жоғарғы сілекей бөлетін ядродан шығады. Сезімтал дәм сезу және парасимпатикалық талшықтары қосылып, бет нервінің бір бөлігі – аралық нервті, n. intermedius, түзеді. Ал, қозғалтқыш ядро нейрондарының аксондары меншікті бет нервін, n.facialis, құрайды. 
Бет нерві аралық нервпен және кіреберіс - ұлу (VIII) нервімен бірге ми негізінен көпірдің артқы жиегінде, оливаның латералды жағынан (көпір- мишық бұрышы) шығады. Одан кейін олар ішкі есту өтісіне, meatus acusticus internus,енеді. Бұл жерде меншікті бет нерві мен аралық нерв өзара қосылып, беттік өзекке, canalis facialis, өтеді. Беттік өзектің иінінде, geniculum canalis facialis, бет нерві иін, geniculum n.facialis, түзеді. Осы жерде сезімтал нейрондардан құралған иін түйіні, ganglion geniculi, орналасады.
Бет өзегінде бет нервінен үш тармақ шығады:
1. Тастық үлкен нерв, n. petrosus major, парасимпатикалық нерв. Оны жоғарғы сілекей бөлетін ядроны түзетін бірінші парасимпатикалық нейрондардың аксондары түзеді. Тастық үлкен нерв, бет нервінің иіні тұсында басталып, тастық үлкен нерв өзегінің саңылауы, hiatus canalis nervi petrosi majoris, арқылы пирамиданың алдыңғы бетіне шығады. Одан әрі аттас жүлгеде, sulcus n. petrosi majoris, орналасып, жыртық тесік арқылы бассүйек негізінің астында (сыртында) орналасқан қанаттәрізді өзекке енеді. Өзекте ішкі ұйқы өрімінен, plexus caroticus internus, бөлінетін симпатикалық, тастық терең нервпен, n.petrosus profundus, қосылып, қанат-таңдай өзегінің нервін, n. canalis pterygoidei,түзеді. Бұл нерв қанат-таңдай шұңқырында орналасқан аттас түйінге енеді. Нервтің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтар, түйінді түзетін парасимпатикалық екінші нейрондарға нервтік импулсті жеткізеді.
Қанат-таңдай түйіні жоғарғы жақсүйек нервімен түйіндік тармақтар, rami ganglionares, арқылы байланысады. Бұл тармақтар арқылы жоғарғы жақсүйек нервінен келетін сезімтал талшықтар түйін арқылы үзілмей өтіп, түйіннен кететін тармақтар құрамында жалғасады. Ал, қанат-таңдай түйінінде орналасқан екінші парасимпатикалық нейрондардың аксондарынан түзілген түйінненкейінгі тармақтардың бір бөлігі түйіндік тармақтар арқылы жоғарғы жақсүйек нервіне барып қосылады да, одан кейін бетсүйек нервісінің құрамында көзжас нервісіне барады. Екінші бөлігі түйіннен кететін нервтердің құрамында таңдай және мұрын қуысының бездерін нервтендіреді. 

24-СуракТілжұтқыншақ нерві (ІХ)


Тілжұтқыншақ нерві, n.glossopharyngeus – сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық (секреттік) талшықтардан құралған аралас нерв. Осыған сәйкес, нервтің сопақша мида: 
1) сезімтал – VІІІ, ІХ және Х жұп нервтерге ортақ – жеке ядро, nucleus solitarius;
2) қозғалтқыш – қос ядросы, nucleus ambiguus;
3) парасимпатикалық – төменгі сілекей бөлетін ядро, nucleus solivatorius inferior, деп аталтын үш ядросы бар.
Тіл – жұтқыншақ нерві 5-6 түбіршіктер түрінде сопақша мидан - оливаның артында, кезбе және қосымша нервтердің жоғарғы жағынан шығады. Аталған нервтермен бірге латералды жаққа жүріп, мойындырық тесіктен, foramen jugulare, шығады. Осы аймақта тіл-жұтқыншақ нервінің сезімтал нейрондардан түзілген жоғарғы және төменгі екі түйіні бар. Жоғарғы түйіні, ganglion superius, мойындырық тесіктің ішінде, төменгі түйіні,ganglion inferius, тесіктен шыққаннан кейін – самай сүйек пирамидасының астында орналасады (50-сурет). 
25-Сурак
Кезбе нерв (Х жұп)
Кезбе нерв, n.vagus, аралас нерв, оның сопақша мида орналасқан үш сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық ядролары бар. 
1.Сезімтал ядросы – жеке ядро, nucleus solitarius, VII, IX және X жұп нервтерге ортақ болады.
2.Парасимпатикалық ядросы – кезбе нервтің артқы ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi, деп аталады.
3.Қозғалтқыш ядросы – қос ядро, nucleus ambiguus, IX және X жұп нервтерге ортақ болып келеді.
Кезбе нерв 5-10 түбіршікпен сопақша мидан, оливаның артындағы артқы латералды жүлге арқылы шығады. Түбіршіктер бір-бірімен қосылып, мойындырық тесіктің алдыңғы бөлігі арқылы IX, XI жұп нервтермен бірге бассүйек қуысынан шығады. Мойындырық тесігінде жоғарғы түйін, ganglion superius, ал тесік астында төменгі түйін, ganglion inferius, (сезімтал), орналасқан. Мойындырық тесігінен шыққан соң кезбе нерв ішкі мойындырық вена мен ішкі ұйқы артериясының артқы жағында, олардың арасымен төмен жүріп, осы вена мен жалпы ұйқы артериясының арасында орналасады. Олар ортақ дәнекер тіндік қынапта орналасып, тамырлы - нервтік буда құрайды. Кеуде торының жоғарғы тесігі, apertura thoracis superior, аймағында кезбе нерв бұғанаасты артериясы мен венасының аралығынан өтеді (51-срет). Сол кезбе нерв кеуде қуысына еніп, қолқа доғасының алдыңғы бетінде орналасады. Кеуде куысында кезбе нервтер өкпе түбірлерінің артқы жағымен өтіп, өңешке келеді. Оң кезбе нерв тармақтары өңештің артқы қабырғасымен, сол кезбе нерв тармақтары өңештің алдыңғы қабырғасымен төмен түсіп тармақтарға бөлінеді де, өңештің отаңғы бөлігі деңгейінде өзара қосылып өңеш өрімін, plexus esophageus, түзеді.
Көкеттің өңештік саңылауы аймағында өрімнен алдыңғы және артқы діңдер, trunci vagales anterior et posterior, түзіліп өңешпен бірге іш қуысына өтеді де, асқазанның алдыңғы және артқы беттеріне келеді. 
27-сурак Қосымша нерв (ХІ жұп)
Қосымша нерв, n.accessorius, қозғалтқыш нерв. Оның қозғалтқыш ядросы - қосымша нервтің ядросы, nucleus nervus accessorii, деп аталады да, екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі сопақша мида - ромбтәрізді шұңқырдың түбінде орналасқан, төменгі бөлігі І – VІ – жұлын сегменттерінің деңгейінде, алдыңғы мүйіздің артқы бөлігінде орналасқан. Осы ядроларға сәйкес қосымша нервтің сопақша мидың артқы - латералды жүлгесінен шығатын, бассүйектік түбіршіктері, radices craniales, және жұлынның алдыңғы түбіршіктері мен артқы түбіршіктерінің арасынан шығатын жұлындық түбіршектері, radices spinales,ажыратылады. Жұлындық түбіршіктер жоғары көтеріліп, шүйделік үлкен тесік арқылы бассүйек ішіне енеді. Бассүйек ішінде жұлындық және бассүйектік түбіршіктер қосылып қосымша нервті түзеді. Ол бассүйек ішінен мойындырық тесік, foramen jugulare, арқылы шығады. Тесікте нерв ішкі және сыртқы тармақтарға бөлінеді. Ішкі тармақ, ramus internus, кезбе нервке қосылып, оның құрамында жұтқыншақ пен көмей бұлшықеттерін нервтендіруге қатысады. Сыртқы тармақ, ramus externus, меншікті қосымша нерв болып табылады да ішкі ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық венаның аралығымен төмен түсіп, төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшықетті нервтендіреді. Одан кейін осы бұлшықеттің сыртқы жиегінен шығып, артқа жүреді де трапециятәрізді бұлшықетті нервтендіреді. 

28-сурак Тіласты нерві (ХІІ)


Тіласты нерві, n.hypoglossus – қозғалтқыш нерв. Ол сопақша мида ромбтәрізді шұңқырдың тіласты нерві үшбұрышында орналасқан қозғалтқыш ядроның, nucleus nervi hypoglossi нейрондарының аксондарынан түзілген. Көптеген түбіршіктері (10-15) арқылы сопақша мидың пирамдасы мен оливасының аралығынан шығады. Бассүйек ішінен тіласты өзегі, canalis hypoglossali, арқылы шығып, ішкі ұйқы артериясы мен ішкі мойындырық венаның арасымен төмен түседі. Содан кейін сыртқы ұйқы артериясының сыртқы жағында орналасып біз-тіласты бұлшықеті мен қос қарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасының астымен өтіп, дөңесі төмен иілген доға түрінде төменгі жақсүйекасты үшбұрышына келеді. Тіласты – тіл бұлшықетінің, m. hyoglossus, латералды бетінде орналасып, тілдің бұлшықеттерін нервтендіретін соңғы тілдік тармақтарға, rr. linguales, бөлінеді.
Тіласты нервінің құрамында І және ІІ мойындық жұлын нервтерінің тармақтары өтеді. Бұл тармақтар тіласты нервінен – жоғарғы түбіршік, radix superioir, түрінде бөлініп, мойын өрімінен кететін - төменгі түбіршікпен, radix inferioir, қосылып, мойын ілмегін, ansa cervicalis, құрайды. Бұл ілмектен кететін тармақтар тіластыастылық : төс - тіласты, төс - қалқанша, қалқанша - тіласты және жауырын - тіласты бұлшықеттерін нервтендіреді. 
29-сурак
МОЙЫН ӨРІМІ
Мойын өрімі , plexus cervicalis (СI-CIV), мойынның терең: m.levator scapulae, m.scalenus medius, m.splenius cervicis, бұлшықеттерінің алдыңғы латералды бетінде орналасады. Өрімді алдыңғы жағынан m.sternocleidomastoideus, жауып жатады. Мойын өрімінің қосымша, тіласты нервтерімен байланысы бар. Өрімнен кететін тармақтар: бұлшықеттік, терілік (сезімтал) және аралас нервтер болып бөлінеді.

Терілік (сезімтал) нервтер мойын өрімінен төс – бұғана - емізіктәрізді бұлшықеттің ортаңғы бөлігінен жоғарырақ шығады да теріастылық бұлшықеттің, m.platysma, астында орналасады.


1. Құлақтық үлкен нерв, n.auricularis magnus (С3), құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ өтісін нервтендіреді.
2. Шүйделік кіші нерв, n.occipitalis minor (С2-С3), төс – бұғана - емізік тәрізді бұлшықеттің артқы жиегін бойлай жоғары көтеріліп, шүйде аймағының латералды бөлігін және құлақ қалқанының артқы бетін нервтендіреді.
3. Мойынның көлденең нерві, n.transversus coli (CII-CIII), көлденен бағытта алдыға қарай жүріп, мойынның алдыңғы және латералды аймағының терісін нервтендіреді. 
4. Бұғанаүстілік нервтер, nn.supraclaviculares (С3-С4), төмен қарай жүріп, делтатәрізді және кеуделік үлкен бұлшықеттер аймағын жауып жатқан теріні нервтендіреді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет