Аралық бақылау сұрақтары: Көз алмасының құрылысы, көздің қабықтары



бет3/13
Дата10.03.2023
өлшемі76,63 Kb.
#73057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
curak

1.Құлақ қалқаны (auricula) иілген жұп құрылым, бедері бойынша сопақшаға жақын, екі жағынан жұқа тері қабатымен қапталған шеміршекті табақша түрінде болады. Адамның құлақ қалқанының сыртқы жиегі шиыршық (helix); шиыршықтың алдындағы құрылым қайық (scapha); қайықты алдынан шектейтін шиыршық алды (antehelix); сыртқы есту жолын алдынан шектейтін кішігірім төмпе - бүртік (tragus); құлақ қалқанының шеміршек болмайтын төменгі бөлігі - сырғалық (lobus auriculae).
Адамның құлақ бұлшықеттері рудименттелгендіктен құлақ қалқанының қозғалысы өте аз немесе мүлдем қозғалмайды.
2.Сыртқы есту жолы (meatus acusticus externus) құлақ қалқанының иілген бетінің сыртқы естесігімен (porus acusticus extenus) басталатын терең бөлігі болып табылады. Сыртқы есту жолы ұзындығы 24 мм шамасында, кішігірім бұрыш жасап иілетін, алға және төмен ашылатын түтік. Оның сүйекті (үштен екі бөлігі) және шеміршекті (үштен бір бөлігі) бөліктерін ажыратады. Есту жолының шеміршегі құлақ қалқанының иілген жалғасы болып табылады. Ал сүйекті бөлігі самай сүйектің дабыл және қабыршақты бөліктерінен түзілген. Оның ішкі жиегінде дабылдық тілік (incisura tympanica) болады. Сыртқы есту жолы қасындағы тіндермен тығыз бітісетін, кейбірі құлық бөлетін тер бездері болатын терімен жабылған
Дабыл жарғағы (барабанная перепонка, membrane tympani) Ол сыртқы дыбыс тесігін ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Оның 2 бөлігі: 1. үлкен бөлігі қатты керілген 2. кіші бөлігі босаңдау орталығында шұқырша бар. Оны «дыбыс кіндігі» дейді.
6-сұрақ
Ортаңғы құлақ;
Ортаңғы құлақ(среднее ухо, auris media) 1. дыбыс қуысынан 2. үш есіту сүйекшелерінен 3. есіту түтігінен тұрады. Дабыл қуысы(барабанная полость) самай сүйегінің тасты бөлігінде сыртқы құлақ түтігі ішкі құлақтың ортасында. Оның көлемі 1 см 3 -дей оған есіту тесігінің жіңішке саңылауы арқылы ауа кіреді.
Дабыл қуысының 6 қабырғасы бар. Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы ішкі қабырғасы ішкі құлақпен шектеседі. Бұл қабырғасында 2 тесік бар. Олар: 1. сопақша тесік, үзеңгішемен жабылып тұрады; 2. дөңгелек, ол ұлу терезесі. Артқы қабырғасы самай сүйегінің емізікше өсіндісіне қараған. Алдыңғы қабырғасы - Евстахий түтігі, ол ортаңғы құлақты жұтқыншақпен жалғастырады. Жоғарғы қабырғасы – ми сауытының ортадағы шұңқырымен төменгі қабырғасы – самай сүйегінің мойынтұрық шұңқырымен шектеседі.
Оның қабырғасын ажыратады: дабыл қуысы төбесінен түзілетін - жамылғылық (paries tegmentalis);
мойындырық шұңқырына сәйкес келетін - мойындырықтық (рагіes jugularis);
ұйқы өзегінің қабырғасымен шектелетін - (paries caraticus)
дабыл қуысының артқы қабырғасынан-емізіктәрізді өсінді ұяшықтарымен жанасатын - ұяшықтық (paries mastoideus);
дабыл қуысының латералды жағынан - дабыл жарғағының көп бөлігімен шектелетін - жарғактық (paries membranaceus);
дабыл қуысының медиалды қабырғасы лабиринтке жалғасып жатады сондықтан -ішкі құлақ лабиринтінің сыртқы беті болып табылатын лабиринттік (paries labirinthicus)- қабырғалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет