Аралық бақылау сұрақтары: Мантия қуысының қызметі


Тақта желбезекті моллюскалар.Кластың құрылыс ерекшеліктері,көбеюі,дамуы,маңызы.Системасы



бет13/18
Дата09.05.2022
өлшемі29,6 Kb.
#33451
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
14.Тақта желбезекті моллюскалар.Кластың құрылыс ерекшеліктері,көбеюі,дамуы,маңызы.Системасы

Тақтажелбезектілер- ұлулар типіне жататын екі симметриялы, қос жақтаулы, омыртқасыз жануарлар.

Бұл кластың ең басты ерекшеліктері: басы жоқ, денесі тұлға және аяқ бөлімінен тұрады; денесі бүйір жағынан қосжақтаулы бақалшақпен қапталған, оның оң жақ және сол жақ жақтаулары дененің арқа жағында лигамент немесе тістері арқылы өзара байланысады; жұп ктенидиялары көпшілігінде үлкен тақталы желбезекке айналған (кластың атауы да осыдан).

Тақтажелбезектілердің сыртқы тері жабыны үш түрлі эпителийден кұралған: мантиялық, жалпақ және желбезек. Тақтажелбезектілердің басының жойылуы, олардың басында орналасатын ауыз қуысының, жұтқыншағының, үккі, жақ аппараты мен сілекей бездерінің семіп қалуына алып келді. Жыныс жүйесі бұтақталған түтіктер немесе қалқаншалар түрінде дамыған, жұп гонадалар немесе жыныс бездерінен тұрады. Тыныс алу мүшесі — алғашқы желбезектер немесе ктенидиялар. Денесінің артқы бөлігінде түтікті қалтаға ұқсас V-тәрізді иілген жұп бүйрегі орналасқан. Қан айналу жүйесі ашық типті, яғни қан тамырлары үзіліп, қан арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері — лакуналарға құйылады. Нерв жүйесі шашыранды — түйінді. Сезім мүшелері нашар дамыған, ол моллюскалардың жәй қозғалып тіршілік етуіне байланысты болу керек.

Тақтажелбезектілер тек жынысты жолмен көбейеді. Жұмыртқалары суда еркін қалқып немесе су түбіндегі заттарға бекінеді. Ұрықтануы сырттай. Жұмыртқадан трохофора тәрізді личинка шығады. Біраз өзгерістерден кейін, трохофора, тақтажелбезектілерге тән келесі желкенше немесе велигер (veliger) деп аталатын личинка сатысына айналады. Трохофораның үстіңгі жағы, прототрохпен бірге, кірпікшелермен қоршалып жүзуге арналған — желкенге (velum) ауысады, көпшілік түрлерінде желкеннің орталығында тобелік табақшасы сақталған. Біршама уақыт еркін жүзіп жүрген желкенше (велигер) су түбіне шөгіп, биссус жіпшесімен субстратқа бекініп, желкені жойылып, ересек түріне айналады.

Маңызына келсек, юалықтар мен басқа теңіз жануарларының қорегі. Теңіз түрлерінің көбі ағаш пен тастарды теседі, кемелер мен гидротехникалық құрлымдарға зиян келтіреді. Кәсіптік маңызы бар жануарлар, (жылдық аулауымы 2,9-3,1 млн. т 1978-80 жылдары) және аквамәдени жануарлары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет