12.Өрмекші тәрізділер класы.Класстың сипаттамасы және системасы.Құрылыс ерекшеліктері.Маңызы
Өрмекші тәрізділер – омыртқасыздардың бір класы. Өрмекші тәрізділердің класына атмосферамен тыныс алатын мүшелері жапырақшалау келген өкпелері мен кеңірдектері бар құрлықта тіршілік ететін хелицералылар жатады. Денесі – бас көкірек пен құрсақтан тұрады, бірақ бұлары жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділерде – кенелерде – жалпы бір бөлім бірігіп кетеді.
Бас көкірегі әдетте сегменттенбейді, бірақ өрмекші тәрізділердің кейбір отрядтарында оның кейінгі жағы дербес екі-үш сегментке бөлініп келеді . Бас – көкіректің алты жұп аяқ-қолдары болады, бұлардың бірінші жұбы ауыздың үстінгі жағында жатады да, қалған бес жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ – қолдардың бірінші жұбы хелицерылалылар қысқарып, 2-3 мүшелігі ғана қалған. Олардың ұшында қысқыш немесе тырнақ сияқты болып біткен мүшелік алу, яки ең сезімі мүшесінің жұмысын атқарады. Бұл - пелипальпалар. Бас көкіректің аяқ-қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары.
Өрмекшінің денесі жұмыртқа пішіндес келген екі бөлімнен құралады. Екі бөлімнің арасындағы байланыстырып тұрған жіңішке сабақша құрсақтың алдыңғы жақтағы ең шеткі ұшы болып табылады: ол құрсақтың бірінші сегментіне сәйкес келеді.
Бас көкіректе алты жұп аяқ-қолдар болады. Аяқ қолдар өспеген бос жері бас көкіректің бетіндегі екі қалқанша болып саналады үлкен аралық қалқанша бас-көкіректі жоғары жағынан, ілгері жағынан бүйірлерінен және аздап артқы жағынан жауып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |