13.Жүзім ұлуының жыныс жүйесі
Жүзім ұлуының бір гермафродитті безі болады, сонда сперматозоидтары мен жұмыртқалары пісіп жетіледі. Гермафродитті безі ұзын гермафродитті жолына жалғасады. Гермафродитті (тұқым шығарғыш) жол ерекше ақуызды бездің түтікшесін өзіне қабылдап кеңейеді, оның жуандау жолы жұмыртқаларды, ал жіңішкесі сперматозоидтарды өткізу қызметін атқарады. Ары қарай жалпы гермафродитті жол екі жеке жолға бөлінеді: аталық және аналық. Аталық тұқым шығарғыш жолы екі шыбыртқы және жыныс клоакасына ашылатын бұлшықетті шағылыс мүшесімен аяқталады. Аналық жұмыртқа шығарғыш жолы кеңейіп, оған жыныс клоакасына ашылатын қынап ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |