16. Кірпікшелі құрттар. Класстың сипаттамасы және системасы.
Кірпікшелі құрттар – барлық ортаға кең тараған, көпшілігі өз бетімен қозғалып жыртқыштық тіршілік етеді, тек кейбіреулері паразиттік тіршілік етеді. Олар теңіздерде, түщы суларда және ылғалды топырақ арасында тіршілік етеді. Әртүрлі ортада еркін өмір сүруі, олардың дене қүрылысына үлкен ықпал еткен. Шамамен 3400 түрі белгілі.Кірпікшелі қүрттардың өкілдері тоспа суларда, баяу ағатын өзендерде, судағы өсімдік жапырақтарының қалтарыстарында тіршілік ететін ақ планария (Бепсігосоеіиш Іасіеиш). Пішіні жапырақ тәрізді, арқасынан қүрсағына қарай жалпақ болып келеді. Оның денесінщ алдыңғы үшында аздап қана байқалатын, қүлақша деп аталатын екі өсіндісі болады. Үзындығы 24-26 мм. Денесінің реңі ақ, қара, күлғін, жасыл, сары т.б. түрлі түсті болады. Көптеғен теңізде тіршілік ететіндерінің реңі өте ашық болып келеді. Эпителиалық клеткалардың арасында жарықты шағылыстырып кейін қайтаратын, әрі қауіп төнғенде атылып шығып, дененің бетіне шыққан соң улы ерітіндіғе айналып, қорғану қызметін атқаратын рабдит клеткалары болады. Тері эпителий қабатының астында үзынша, сақина тәрізді және қиғаш салалы ет талшықтары болады. Тері эпителиімен барлық үш ет қабаттары қосылып жалпақ қүртгарға тән тері-ет қапшығын құрайды. Тері-ет қапшығы ішінде ішкі мүшелері орналасқан паренхиманы қаптап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |