Аралық бақылау сұрақтары: Мантия қуысының қызметі


Өгіз солитері. Құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклдары (дамуы), маңызы



бет16/18
Дата09.05.2022
өлшемі29,6 Kb.
#33451
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
аб2 зоо

17. Өгіз солитері. Құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклдары (дамуы), маңызы

Өгіз солитерінің (цепенінің) кішкене басы, қысқа мойны және буындардан құралған ұзын 10-20 м-ге жуық денесі болады. Солитердің алдыңғы ең жас 3-4 буындары болмаса, басқа буындарының әрқайсысында күшті дамыған гермафродита жыныс жүйесі бар. Осындай буынды - гермафродита буын деп атайды.

Kөпіршік пішінді аталық бездері паренхиманың арасында шашырап орналасқан. Аталық бездерінің тұқым шығару түтіктepi бipiгiп ортақ аталық жолын құрайды. Аталық жолы кеңейіп шағылыс (penis) мүшесіне айналып, буынның бүйір бөлігіндегі жыныс клоакасына еніп жатады.

Аналық мүшeci тарамдалған екі аналық бездерінен құралып, аналық жолы арқылы оотипке ашылады. Оотипке екінші жағынан сарыуыз безі де ашылады. Оотиптен eкi канал шығады. Бipeyi қынап, аталық жолымен қатар созылып жыныс клоакасына ашылады, eкіншici буынның алдыңғы бөлігіне бағытталып тұйық бітетін жатын.

Жұмыртқа клеткалары аналық безінен оотипке түсіп, осы жерде қынап арқылы келетін сперматозоидтармен қосылып ұрықтанады да, сарыуыз және қабыршақпен қапталып, тұйық бітетін жатынға өтеді. Осы жерде дамуының біріншi сатысы басталады. Жатынға түскен жұмыртқалардың саны өте көп, сондықтан жатынның орталық бөлімінен оң және сол жаққа қарай жанама тармақтары тарап, жұмыртқаларда толып жатады. Осылайша гермафродита буын «пісіп жетілген» буынға айналады. Денесінің соңғы жағындағы пiciп жетілген буындар үзіліп, иесінің сыртқы ортаға шығарылып тұрады.

Дамуы. Адамньщ iшегінен нәжіспен бipгe сыртқы ортаға шыққан пісіп жетілген буындар шіріп, ішіндегі жұмыртқалары топыраққа түседі. Дамуы үшін жұмыртқа аралық иесіне eнyi қажет.Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр. Жұмыртқа-онкосфера-финна-цистицерк.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет