2.Жүзім ұлуының қан айналу жүйесі
Ұлудың қаны түссіз, қан айналу жүйесі ашық типті,яғни қан тамырлары үзіліп қан дене қуысына құйылады.Қан айналымын қарастырсақ,жүректің қарынша бөлімінен ірі қолқа басталып ол кейін екіге-дененің алдыңғы жағына бағытталған бас қолқасына және артқы жағына бағытталған-ішкі қолқасына бөлінеді.Қолқадан артериялар тарайды.Өкпелі моллюскалардың артериялары бірте-бірте капилярларға ауысады.
Соңында қан тамырлары үзіліп, қан дәнекер клеткаларынан құралған ішкі тканьның ұсақ түтікшелеріне немесе лакуналарға құйылады да оттегінен айырылып біртіндеп ірі венозды лакунаға жиналады. Осыдан қан желбезекке немесе өкпеге өтіп, онда тотығып, енді оттектенген артериальды қан жүрекке құйылады. Бауыраяқтылардың қаны түссіз, құрамында амебоцит қан түйіршіктері бар. Кейде қанда гемоглабинге ұқсас заттар болады, ал кейбір түрлерінде қанда белок қосылыстарының болатындығы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |