Қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі



бет11/11
Дата13.04.2023
өлшемі29,25 Kb.
#82003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қарапайым физиотерапия

Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қойылатын дене бөлігін, теріні тексеру, қажет болған жағдайда ұстарамен түктерін алу.
2. Науқасты ыңғайлы етіп отырғызу немесе жатқызу.
3. Сүлік қоятын жерді және оның айналасын спиртке малынған мақта тампонымен тазалау, жылы суға малынған екінші мақта тампонымен
қызарғанша сүрту.
4. Әзірленген жерді 40% глюкоза ерітіндісімен сулау.
5. Бір сүлікті артқы жақ сорғышымен пробирканың түбіне салу.
6. Тазартылған дене бөлігіне пробирканы жақындатып сүлікті жіберу, сүлік теріні сорғанда пробирканы босату.
7. Жоғарыдағы тәсілмен барлық сүлікті қою.
8. Қанға тойған сүлік өздері түседі.
9. Сүлік түспеген жағдайда мүсәтір спиртіне малынған мақта тампонымен денесін тітіркендіру.
10. Сүлік сорған жерді йод ерітіндісімен сүрту, антисептикалық таңғышпен байлау.
11. Таңғышты бір тәуліктен кейін шешу, жарақаттанған жерді және теріні 3% сутегі асқын тотығымен тазалау, 2-3 күнге антисептикалық таңғышпен байлау.
12. Қолданған сүлікті залалсыздандыру ерітіндісіне салу, жою.
Ескерту: сүлікті қан тамырлар бойымен қоюға болмайды, себебі қан көп кетеді.
СТАНДАРТ
Қыздырма компресс
Көрсеткіштері: буындардың жергілікті қабынуында, гематомаларда, соққы алудың екінші тәулігінде, катаралды отитте.
Қарсы көрсеткіштер: тері бүтіндігінің бұзылуы, соққы алудың бірінші сағаттары мен тәулігінде, терідегі аллергиялық және іріңді бөртпелер, қатерлі ісіктерде.
Әзірле:
— дәке, бинт, мақта;
— компресс қағазы;
— жартылай спиртті ерітінді;
— лоток;
— қайшы;
— пайдаланылған материалдар үшін лоток
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Компресс қойылатын дененің мөлшеріне сай 8 қабатты дәке салфетканы әзірлеңіз.
2. Дәке салфетканың жан-жағынан 1-2 см шығып тұратындай компресс қағазын қиып алыңыз.
3. Компресс қағазының жан-жағынан 1-2 см шығып тұратындай мөлшерде мақтаны әзірлеңіз.
4. Компресті бекіту үшін бинтті әзірлеңіз.
5. Жартылай спирт ерітіндісін әзірлеңіз (96% спирт пен суды 1:1 қатынаста).
6. Дәке салфетканы жартылай спиртті ерітіндіге малып, сығып алыңыз.
7. Науқас денесіне ұқыптылықпен біртегіс етіп дәке салфетканы қойыңыз.
8. Оның үстінен компресс қағазы мен мақтаның бір қабатын қойыңыз (компресс қағазы бүктеліп қалмауын, ал мақта алдыңғы екі қабатты толық қамтығанын қадағалаңыз).
9. Компрессті бинтпен орап, бекітіңіз.
10. 1-2 сағаттан соң компрестің нәтижесін таңғыш астына саусақты кіргізіп тексеріңіз. Егер салфетка ылғалды және жылы болса, онда комперсс дұрыс қойылған.
11. Компрессті 6-8 сағатқа қалдырыңыз (мүмкіндігінше түнгі мезгілге).
12. Компрессті шешіп алғаннан соң, орнына құрғақ жылы таңғыш байлаңыз.
Ескерту:
— Құлаққа компресс қою үшін бірінші және екінші қабаттарды құлақ қалқаны шығып тұру үшін кесу кере

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет