Қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі


Жылытқыш көрсетілімі, кері көрсетілімі, асқынулары



бет3/11
Дата13.04.2023
өлшемі29,25 Kb.
#82003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жылытқыш көрсетілімі, кері көрсетілімі, асқынулары.
Жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып, ішкі мүшелерге қанның толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді. Жылытқышты ауырған және көгерген жерге қойса, жылудың әсерімен ауырғаны басылады. Медицинада резеңке қалтадан жасалған және электр жастық жылытқыштары қолданылады.
Көрсеткіштері:
— Дененің әр түрлі бөліктерін жылыту үшін
— Жалпы жылыну үшін
— Созылмалы гастрит және колит ауруында(ауырсынуды басу үшін)
Гипертоникалық кризде
— Бүйрек ұстамасында
— Гематоманы емдеу үшін
— Радикулитте
— Буындардың қабынуында
— Тері және майлы қабаттың қабынуларында
Қарсы көрсеткіштері:
— Іштің түсініксіз ауырсынуы
— Жедел аппендицит
— Жедел холецистит
Жедел панкреатит
— Перитонит
— Қан кету
— Терінің зақымдануы
Іріңді жаралар
— Мастит
— Дене қызуы көтерілуі
— Қатерлі ісіктер
Ессіз пациенттерге
Асқынулар: күйік, денеде дақ болу
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық еті, оң жақ қабырға асты. 
Жабдықтар:резеңке жылытқыш(1.5-2), су температурасы (60-70 С), жеке орамал, 0,015 % деохлор ерітіндісі бар ыдыс, жылытқышты өңдейтін екі дәке, су температурасын өлшейтін термометр.
Процедура барысы:
1. Пациентпен сенімділік қарым қатынас жасау, процедураның мақсатын, жүрісін түсіндіру.
2. Керекті жабдықтарды дайындау.
3. Ыстық суды (600С) жылытқышқа құю.
4. Жылытқыштың жоғарғы бөлігін қысып ауаны шығарып бұрандасын жабу.
5. Жылытқышты аударып көру.
6. Төмен ұстап құрғатып сүрту.
7. Жылытқышты орамалмен пациентке беру.
8. Жылытқышты керекті жерге 20 минутқа қою.
9. Жылытқышты алып, суын төгу.
10. Пациенттің терісін қарап, ыңғайлап жатқызу жылы көрпе жабу.
11. Қолды жуып, резеңке қолғапты кию.
12. Жылытқышты 0,015 % деохлор ертіндісімен өңдеу (екі рет аралығы 15 мин).
13. Сумен жуып, құрғату арнайлы жеріне қою.
14. Қолғапты шешу, қолды жуып құрғату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет