Қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі



бет9/11
Дата13.04.2023
өлшемі29,25 Kb.
#82003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Есте сақтаңыз! Таңбаны бір тәулік бойы ауыстыруға болмайды, ол жерде тромб пайда болып жатады.
Ескертпе. Қан кету қауіпсіздігінен сүлікті көк тамырдың үстіне қоюға болмайды. Егер сүліктің белсенділігі төмендесе, үстін жылысумен сүртуге болады.
СТАНДАРТ
Қыша қағазын қою іс-әрекеттері
Көрсетілімі: тыныс жолдарының ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, гипертониялық криз, миозит, невралгия
Қарсы қөрсетілімі: тері ауруларында, дене қызуы 38ºС-тан жоғары, өкпеден қан кеткенде, қатерлі ісікте, тері сезімталдығы жоғарылағанда
Әзірле:  қыша қағазы, лоток, жылы су 37-40ºС, сүлгі
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қыша қағазының қолдануға жарайтындығын тексеріңіз (қағаздан қыша үгілмеуі және өзіне тән ерекше иісі болуы керек).
2. Лотокқа 37-40ºС жылы су құйыңыз (одан жоғары температурада эфирлі қыша майының қасиеті бұзылады).
3. Науқасты ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз,терісін тексеріңіз.
4. Қыша қағазын жылы суға малып (аздап суын сілкіп), денеге қыша жағымен біртіндеп салыңыз.
5. Науқастың үстін орамалмен және көрпемен жабыңыз (бірнеше минуттан кейін науқас жылылықты және күйгенді сезінеді).
6. Қыша қағазын 7-10 минуттан кейін алыңыз (дене терісінің қыша қағазын қойған жері қыздырады).
7. Теріні жылы суға малынған салфеткамен, сонан соң құрғақ орамалмен сүртіңіз. Науқасты қайтадан жылы жауып жатқызыңыз.
Ескерту: Қыша қағазын денеге ұзақ уақыт ұстаса, тері күлдіреп күйеді.
СТАНДАРТ
Жылытқышты қою
Көрсетілімі: тоңу кезінде, егуден кейінгі инфильтрат, спазм түріндегі ауырсыну, қызбаның 1-3-ші кезеңдерінде
Қарсы көрсетілімі: қан кету, іріңді жарақаттану, қатерлі ісіктер, терінің зақымдануы, құрсақ қуысы қабынуында, зақымданудың алғашқы тәулігінде.
Әзірле:
— резеңке жылытқыш
— 70ºС-тағы су
— сүлгі
залалсыздандыру еретіндісі
Іс-әрекет алгоритмі:
Жылытқыштың 2/3 бөлігін ыстық сумен толтырыңыз.
1. Жылытқыштағы ауаны шығарыңыз.
2. Аузын жақсылап бекітіңіз.
3. Жылытқыштың тығынын төмен қаратып төңкеріп, бүтіндігін тексеріңіз.
4. Жылықышты құрғата сүртіңіз.
5. Жылытқышты сүлгімен ораңыз.
6. Жылытқышты науқасқа беріңіз.
7. 5 минуттан соң терінің қызармағандығын тексеріңіз.
8. Жылытқышты суыған соң алыңыз.
9. Жылытқышты пайдаланып болғаннан соң, залалсыздандыру ерітіндісімен екі рет араға 15 минут салып сүртіңіз.
Асқынулар: 
— күйіктер;
тері пинментациясы
Ескерту: денесінде ісігі бар және терісі сезімтал, сонымен қатар балаларға жылытқышты қолданғанда су өте қатты ыстық болмауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет