Проблемалық оқыту әдісі. Бағдарламаланған оқытумен қатар оқытудың ең жаңа перспективті әдісіне проблемалық оқыту жатады.Егер бағдарламаланған оқытудың негізіне ойлаудың алгоритмдік түрі жатса, проблемалық оқыту, шығармашылық тапқыр ойлауға сүйенеді. Мұндай ойлау әсіресе стандартты емес есептерді шешуде қажет болады. Сонымен қатар проблемалық әдіс математикалық теорияны оқып үйренуде аса тиімді болады. Сондықтанда проблемалық әдіс болашақта орта мектепте математиканы оқытудың негізгі әдісінің бірі болуға тиіс.
Проблемалық оқыту теориясы көптеген педагогтар еңбектерінде (Махмутов, Матнишкин, Оконь т.б.) зерттелді. Бұл теорияның ең басты ұғымдары «проблема» (оқулық) және «проблемалық жағдай» (ситуация) ұғымдары болып табылады. Проблемалық жағдай оқушыны жаңа білім алуға итермелейтін ойлау әрекетіне бастайды, оған жағдай туғызады.
Оқулықтарда математикалық есептер мынадай екі жағдайда проблемалық жағдайға душар етеді:
1)Егер оның шарты мен талабының арасына ойлау субъектісі болып саналатын оқушы адам т.а.
2)Ол адам бұл есепті қалай шешуді білмесе. Оқушыларда проблемалық жағдай белгілі бір проблемалық жағдай қоюдың негізгі үй тәсілін көрсетуге болады.
1.Мұғалімнің өзі қоятын проблема.
2.Проблеманы қою және оны тұжырымдау.
3.Проблеманы сипаттайтын шарттарды қарастыру.
4.Қойылған проблеманы шешу.
5.Алынған жауаптың дұрыстығын негіздеу.
6.Проблеманы шешу жолын және оның нәтижесін зерттеу.
7.Жаңа білімді арнайы іріктеп алынған есептерді шешуге қолданылады.
8.Қойылған проблеманы мүмкіндігінше кеңейту.
9.Проблеманың алынған шешуін қарастыру.
10.Жасалынған жұмысқа қорытынды жасау.
Эвристикалық әдіс. Оқытудағы эвристикалық әдіс деп - әдістемеде негізін диалогтық (сұрақ-жауап) формасынадғы эвристикалық әңгімені түсіндіреді. Мұнда мұғалім оқушыға білімді, ұғымды бірден дайын түрде бермей, өз орнымен қойылған сұрақтар арқылы оларда бұрын қалыптасқан білімдерімен бақылаулары және өмір тәжірибесіне сүйеніп, жаңа ұғымға ережелермен дәлелдеуге және есептеудің шешімін өзгертіп келтіру керек.