Қарапайым математика оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым саласы ретіндегі объектісі, пәні, міндеттері


Практикалық-лабораториялық жұмыстар



бет8/23
Дата23.11.2022
өлшемі143,47 Kb.
#52073
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
2.Практикалық-лабораториялық жұмыстар .
Математиканы оқып үйренуде әртүрлі практикалық-лабораториялық жұмыстардың елеулі мәні бар. Бұлардың мектепте көптен қолданылып келе жатқан ежелгі формаларына сызбалық жаттығулар, жер өлшеу жұмыстары, модельдеу, есептеу техникасымен жұмыс істеу т.б. жатады.
Лабораториялық жұмыстар өздерінің көздеген мақсаттарына қарай танымдық және қолданбалы болып екіге бөлінеді.
Танымдық лабораториялық жұмыстар оқушыларды жаңа математикалық деректермен таныстыру үшін қолданылады.
Қолданбалы лабораториялық жұмыстарда оқышулар өздерінің алған математикалық білімдерін нақты практикалық есептер шешуге қолдануға үйренеді.
Практикалық жұмыстар кезінде кейде нақты объектіге барып өндірістік және басқадай өмірлік-практикалық мәні бар нақты есептер құрып, шешу сандық материалдар жинақталады. Мұндай жұмыстарды математикалық және кешендік (бір мезгілде бірнеше пән бойынша) экскурсиямен (топ серуен мен ) ұштастыруға болады. Жұмыс 5-7 оқушылардан тұратын топтар бойынша жүргізіледі. Жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін мектептің математикалық кабинеттерінде өлшеу құралдары мен жабдықтардың (эккер, астролябие, эклиметр, мензула т.б.) 5-7 комплекті болуы қажет.
Оқудың лабораториялық және практикалық әдістері мектеп практикасында ХХ ғасырдың басынан бастап қолданыла бастады, олар оқытудың жаңа әдістеріне жатады.
3.Оқушылардың өзіндік жұмысы.
Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің формаларының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекет оқушылардың ой еңбегі мен практикалық әрекеттерінің қызметін болжайды.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап – оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден, тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді.
Екіншіден, оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көз-қарасын өзгертуді талап етеді.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің нәтижесі – олардың алған білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың өзіндік жұмыстарының әртүрлі жіктеулері көрсетіледі. Олардың ішінде оқыту теориясы мен практикада жиірек кездесетіндері мыналар:
1.Дидактикалық мақсаттары бойынша: оқып үйренетін тексеретін, диагноздық, алынған білімді баянды ететін және т.б.
2.Даралау дәрежесі бойынша: мазмұны әртүрлі бірақ бірдей тәсілмен орындалған; мазмұндары бірдей, бірақ әртүрлі тәсілдермен орындалады; мазмұндары әртүрлі және әртүрлі тәсілдермен орындалады.
3.Білім материалдары бойынша: оқулықпен жұмыс, есептерді шешу және салыстыру, лабораториялық және сызбалық жұмыстар.
4.Оқушылардың ізденімпаздық дәрежесіне байланысты жұмыс және т.б. Оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстарының жіктеуін қарастырайық. Осы жіктеуге сәйкес оқу үрдісінде өзіндік жұмыстардың 4 түрі қарастырылады.
а) үлгі бойынша орындылады;
б) реконсруктивті-вариативті;
в) эврикалық (ішінара ізденуді талап етеді);
г) щшығармашылық (ізденуді талап етеітін) жұмыстар;
Өзіміз игеріп жүргізген өзіндік жұмыстардың ең жоғары сатысы тақырыпаралық және пәнаралық зерттеу жұмыстарын орындау болып табылады. Мұндай өзіндік жұмыстарды орындау үшін оқушылар өзінің игерген білімдері негізінде есептер шығару тәсілдерін түрлендіріп, басқа жағдайға ауыстыруы, өз бетінше жаңаша шығару жолдарын көрсетуі оның мазмұнын, мақсатын, шығару жоспарын дайындауы керек.
6. Математиканы оқытудың ғылыми-танымдық әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет