Әйел организмінде жүктіліктің дамуы жаңа функционалдық жүйенің – ана-ұрық пайда болуына байланысты. Ана мен ұрық арасын байланыстыратын негізгі буын – плацента. Жүкті әйел организміндегі физиологиялық өзгерістер:
Жалпы өзгерістер
Жыныс жүйесіндегі өзгерістер деп екі топқа бөлінеді.
Жүкті әйелдің сырт бейнесі жүктіліктің екінші жартысында қатты өзгереді: бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ-қолдары, бет сүйек жақтары үлкейеді. Іш ұлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқаяды, әйелдің жүріс-тұрысы өзгереді, Шекспир айтқандай – “жүктілердің тәкаппар жүрісі” пайда болады. Іштің төменгі аймағында, жамбаста, сүт безінде шамадан тыс майлар жинала бастайды.
Қан және жүрек қан тамыр жүйесі.Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсеудің себебі – қан көлемінің шамамен 30-50% -ға ұлғаюы, жана қан айналымының пайда болуы, жатыр көлемінің және әйел салмағының өсуі. Қанның сандық және сапалық көлемі өзереді, плазма көлемі ұлғайып, гиперволемия байқалады. Плазма көлемі эритроциттерден көп болғандықтан, жүктіліктің физиологиялық анемиясы дамиды.
Қан және жүрек қан тамыр жүйесі. Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсеудің себебі – қан көлемінің шамамен 30-50% -ға ұлғаюы, жана қан айналымының пайда болуы, жатыр көлемінің және әйел салмағының өсуі. Қанның сандық және сапалық көлемі өзереді, плазма көлемі ұлғайып, гиперволемия байқалады. Плазма көлемі эритроциттерден көп болғандықтан, жүктіліктің физиологиялық анемиясы дамиды.
Тыныс алу жүйесі.Жүктілік кезінде тыныс алу мүшелері ұрықты оттегімен қамтамасыз етеді. Әйелдің тыныс алуы терең, жиі болады.
Бауыр. Жүктіліктің соңғы айларында бауыр жоғары,артқа, оңға жылжып, көлемі шамалы ұлғаяды, өт жолдары кеңейіп, өт көлемі артады.
Жүйке жүйесі. Жүктілік ағымында ОЖЖ өзгеріп отырады, 3-4 айына дейін ми қыртысындағы қозу ошағы төмен, содан кейін біртіндеп жоғарылайды.