Ұрықану – еркектің және әйелдің жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Аналық безде фолликуланы жетілдіретін гормонның әсерінен фолликулалар өсіп-өне бастайды. Олармен қоса жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Біріншілк фолликулалар (примордиалды) жетілмеген аналық клетка жасушасынан тұрады. Примордиалды фолликулалар сыртқы бір қабатты эпителий мен дәнекер ұлпасымен қоршалған. Әдетте осы фолликулалардың біреуі толық пісіп жетіледі де, эпителий мен дәнекер ұлпа бірқатар өзгерістерге ұшырайды.
Аналық жұмыртқа клеткасы толық пісіп жетілуі үшін екі рет бөліну сатысынан өтеді.
Аналық жұмыртқа клеткасы толық пісіп жетілуі үшін екі рет бөліну сатысынан өтеді.
Бірінші реттік бөліну саысында пішіндері бірдей емес ІІ қатардағы овоцит пен редукционды денешіктер түзіледі.
Екінші реттік бөліну сатысынан өткенде, жұмыртқа клеткасынан хромосомалар бөліне бастайды. Адамда әрбір клетка 22 жұп хромосомадан тұрады. 23-жұбы – жыныс хромосома, Х-хромосома әйелде, Х және У-хромосома еркекте. Пісіп жетілген аналық клетка адам организміндегі ең үлкен клетка – диаметрі 0,2-0,3мм. Фолликулалардың толық пісіп-жетілуі, етеккірдің 13-14 күніне сәйкес келеді. Осы кезеңде овуляция поцесі жүріп, пісіп жетілген аналық клетка құрсақ қуысына, содан соң жатыр түтікшесінің ең кең ампулялық бөлігіне түседі.
Ұрықтанғанан кейін (24 сағатта) түтікте зигота бөлінеді де, бірінші бөлінуден екі бластомер, төрт бластомер шығады. Бластомерлер ірә қарай асинхронды бөлініп, “тұт жемісі” тәрізді болады, бұл сатыны – морула сатысы деп атайды, осы сатыда жатыр қабырғасына енеді. Ұрықтың келесі бөліну сатысы – бластоциста. Бұл сатыда екі түрлі бластомерлер түзіледі, біреуі – үлкен күңгірт, ал екіншісі – ұсақ ашық түсті. Орталығында ірі күңгірт клеткалы морула (эмбриобласт), сыртқы қабатын “трофобласт” деп атайды. Келешекте эмбриобластан ұрық, ал трофобластан плацента түзіледі. Бластоциста үзілгеннен кейін 7-8 күнге қарай трофобласт протеолиттік ферменттер өндіреді, бұл ферменттер жылтыр қабықты бұзады. Осы кезде жқмыртқа клеткасы жатыр қуысына түсіп, шырышты қабатқа жабысады (имплантация). Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы біріккеннен кейін, ұрық морфологиялық және биологиялық өзгерістерге ұшырайды. Осыдан бастап жатырдың шырышты қабаты децидуалды деп аталады.