Нәжісті талдау. Амебиаз диагнозы нәжісте амебаның тіндік түрін анықтауға негізделген. Ішек амебиазын бактериялық дизентериядан ажырату керек.
Сигмоидоскопия кезінде таңдалған ректалды жағындылар.
Амебаларды өсіруге арналған орта. Амебаны өсіретін қоректік орта - созылмалы және симптомсыз ішек амебиазын диагностикалау кезінде қолданылатын сезімтал әдіс. Амебаларды өсіруге арналған қоректік орта: Бека-Дорбоглав ортасы, тиогликолат баламалы ортасы (NIH тиогликол сорпасы), Крейг ортасы, Нельсон ортасы және Робинзон ортасы.
Серодиагностика. Серологиялық сынамалар инвазивті амебиаз кезінде ғана оң нәтиже береді (тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГАР), имунно ферменттік талдау (ИФТ) және латекс агглютинация реакциясы). Сатылымдағы ИФТ тест жүйесі Entamoeba антигендерін анықтау үшін қолданылады
Молекулярлық диагностика. Нәжістегі E. Histolytica қоздырушысын анықтау үшін ДНҚ зондтары мен радиоиммунды талдау қолданылды. Бұл тез және нақты әдіс.
7. Амебиаз: Патогенезі, клиникасы, иммунитеті, диагностикасы және алдын алу
Зертханалық диагностика 2. Ішектен тыс амебиаз диагностикасы. Диагноз:
Микроскопия. Бауыр абсцессінен іріңді микроскопиялық зерттеу кезінде E. histolytica трофозоит сатысын анықтауға болады
Бауыр биопсиясы. E. histolytica трофозоит сатысын бауыр амбиазын бауыр биопсиясының сынамасынан анықтауға болады.
Серологиялық диагностика. Бауыр амебиазын анықтауда серологиялық тестілердің маңызы зор. Тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГАР), латекс агглютинация реакциясы, диффузиялық преципитация реакциясы (ДПР), ацетатты целлюлозалы мембрана, қарсы ағымды иммуноэлектрофорез және имунно ферменттік талдау (ИФТ).
Нәжісті талдау. Бұл маңызды емес, өйткені E. histolytica цисталары нәжісте бауыр амебиазының 15% жағдайында ғана анықталады.
Рентгенологиялық зерттеу. Бауырдың ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік томография немесе магниттік-резонанстық томография ішектен тыс амебиазды анықтауда маңызы зор. Амебиялық абсцесс пен бауырдың басқа типтегі абсцессін диагностикалауға кеудені рентгенологиялық зерттеулеру, оң жақ гемидиафрагманың көтерілуі, ателектаз немесе плевра эффузиясы жатады.
7. Амебиаз: Патогенезі, клиникасы, иммунитеті, диагностикасы және алдын алу
Алдын алу
Тамақтанар алдында жемістер мен көкөністерді жақсылап жуу