Қарқаралы, Қазылық, Жатушы едің жазылып



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата15.03.2017
өлшемі8,26 Mb.
#9298
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ескерту:  Қарқаралының құрметті,
белгілі азаматы, өлкетанушы Юрий
Григорьевич Поповтың маған жазған
хаттарында Мұхамет-Әли әкеміз ту-
ралы көптеген құнды, маңызды
мәлімет беруінде, Мұхаңның Совет
үкіметінен бұрын да, кейін де қоғамдық,
саяси, мәдени оқиғаларға белсенді
қатысып, елге, халыққа қамқоршы
болғанын, сол кездегі маңызды
қоғамдық тапсырмаларын
орындағанын айтады, неге десеңіздер
Мұхамет-Әли әкеміз сөзге шешен,
аралық қатынаста тілмәр болған,
орыс тілінде оқи да, жаза да, сөйлей де
білген. Сондықтан Мұхаңа жан-
жақтан келген орыс
ақын, жазушы-этно-
графтар, ғалымдар
қ а з а қ т а р д ы ң ,
орыстардың тұрмыс
жағдайларын, салт-
дәстүрін білу үшін,
сол ақсақалдың ауы-
лына барып,
жолығып, өздеріне
қажетті мәлімет
алып газет, журнал
беттеріне жазып
тұрған.
Мұхамет-Әли әкеміз
ел шежіресін де
жақсы білген, саяси,
мәдени өткен
уақиғаларды жазып
жүрген мұқабалы кі-
табы болған, оған
өлең, әзіл-сықағында
жазып жүрген. Бірақ
әкеміздің мұралары
сақталмай, дүниеден өтерінде үйге
халық, ақын-жазушы көп келіп, қаралы-
ауыр күндері ұрланып кеткен. Қанша
іздеу салынғанымен нәтиже болмады.
Үлкен үйімізде бар болғаны екі жәшік
ою-өрнектері қалған, оны Ахат ағамыз
екеуіміз ҚазССР Ғылыми академияның
этнография бөліміне өткізгенбіз, бұл
бөлімді басқарып отырған Ұлы Отан
соғысының батыры Мәлік Ғабдуллин,
«бұл  өрнектерді біз пайдаланамыз» деп
қабылдаған. Кейін естіп-білдік ҚазССР
академиялық Абай атындағы опера
және балет театрының
архитектуралық өрнектеуінде құрылыс
кезінде пайдаланғандығын. Ол деректі
біз ерте кезде «Қазақ әдебиеті» газе-
тінен оқып білгенбіз.
Мұхамет-Әли әкеміз елде жүріп талай
уақиғалар мен той-думандарда болып,
сөз сөйлеп, өлең оқып, домбыраға салып
ән айтып та жүрген. Ел аузында
Мұхаңның мақал-мәтелдері мен
өлеңдері, қолма-қол айтатын әзіл-
сықағы әлі де сақталған, ел аралағанда
байқауға болады.
Енді сол Мұхамет-Әли Толыбаевтың
мұрасынан келтірейін:
ЖАС ҰЛАНДАРҒА
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
100
Гүлзипа Толыбаева
Гүлзипа Толыбаева
ХАТЫ ЖОҒАЛСА ДА, АТЫ
ЖОҒАЛМАЙДЫ
(әкем Құдайберлі Мұхамет-Әли
Толыбаев туралы толғаныс)

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
101
Мұхаң бұл өлеңді 1927 жылы жазған,
жастарға арнап, олардың тәрбиесіне,
болашағына көңіл бөліп, келешекте бі-
лімді, өнерлі болғанын қалаған. Бұл
өлеңнін сөзін де, әнін де өзі шығарып, әр
кез, әр жерде жастарға орындап, дом-
бырамен айтып отырған. Бұл өлеңді
мен үлкен үйдегі Ахат ағамыздың ай-
туымен жазып алғам.
Оқыңдар ғылым жас ұлан,
Албыртып, қызу-мас ұлан.     
Ғылым білсең-бақ, дәулет,
Надандық-зор қас ұлан.
Надандықты жоюға
Советтен ғылым ашылған.
Жеміс екті халық үшін, 
Алыңдар теріп шашылған.
Қазақтықты жойыңдар,
«Надан» деп таңба басылған.
Түз хайуаны «қазақ» деп,
Мазақ қып әркім басынған.
Мазағына қорланып,
Намысты ерлер ашынған.
Оқыңдар да қарсылас,
Басылсын асып тасынған.
Ғылымды жұртқа құл болып,
Надан халық бас ұрған.
Бұзатын істен сақтанып,
Берік бол қатты тас ұлан.
Адамдықты жоятын
Төрт нәрседен қаш ұлан
Папирос, қарта, насыбай
Ішкілік-бәрі нас ұлан.
Болсаңдар үйір оларға,
Киімсіз қалдың аш ұлан.
Оқымай надан қалсаңдар,
Өзіңе-өзің қас ұлан.
Білсеңдер ғылымын заманның,
Боласың елге бас ұлан.
Ұлық болсаң-кішік бол,
Асып-таспай пәс ұлан.
ЕЙ, АҒАЛАР!
Бұл өлең Қарқаралы елінде 1927-30-шы
жылдары жазылған, қоғамға әсері
күшті болған.
Бұл өлеңді бауыр апам Марқамия
Мусинаның жатқа айтуымен жазып
алғам.
Құлақ сал сөзіме парасатпен, Ағалар!
Тәңіріңнің тағдырым ақылды 
пенде шамалар
Бекер деме сөзімді, қай наданда 
сана бар?
Құдыққа құлан жығылса, жамандар 
тұрып табалар.
Қысылғанда ер жігіт бір тәңірге 
паналар.
Түсіндіріп айтсаң да ақымыздың 
емі жоқ.
Аққа зауал бар деген, ақ иіліп сыну жоқ.
Атысыздан би қойсаң, 
алмастырар еліңді,
Мүшелі сөзін айталмай, сындырар 
бір күні беліңді.
Аталыдан би қойсаң, бәйге атыңдай 
сенімді,
Сылап, сипап, шырмалап, 
көркемді қылар еліңді.
Аспандағы тұрымтай шабыты
түспей сүзе ме?
Жем басары жоқ болса, жерден 
торғай іле ме?
Ұрса-қамшы өтпеген, үй қасынан 
кетпеген.
Атасы жүйрік болмаса, ел қадірлі 
біле ме?
Қаулап жанған жалын өрт, су 
қоймасы сөне ме?
Ойсыз адамға айтқан сөз құлағына 
ене ме?
Өкінумен болармыз, өткен іс 
қайтып келе ме?
Аузымды ашып сөйлесем, 
көңілім толған  кім игі
Термелеген құрғақ  сөз кімге де 
болсын өнеге.
Бәрін айтып келгенде, ғазиз да 
көңілім жүдеме.
АҚЫН ӨЛІМІ
Бұл өлең-жоқтауды Мұхамет-Әли То-
лыбаев Қарқаралының ардақты, сүйікті
ұлы, ақын, батыр, әнші, сазгер Мәди
Бәпиұлына (41 жасында  ақ
гвардияшылардың қолынан  Қарқаралы
түрмесінде атылған) арнаған.
Бұл өлең-жоқтауын Мұхаң
қарқаралылықтарға (Мәдиді өз
қолымен қойып, оған қолдан ағашқа
арабша ойып жазып, ескерткіш, ру бел-
гісі ретінде үлкен сұр алып тастың
үстіне белгі ретте кішкене Қаракесек
қойған, бұл алғашқы қойылған ескерт-
кіш болатын) қолына кішкене қара ән
домбырасын алып, Мәдидің “Ұшқара”
әнінің желісімен орындаған.
Бисмәлләһа бір Алланың бірлік аты,
Жақсының өзі өлсе де, өлмейді хаты.
Қапыда тағдыр жетіп, қаза тауып,
Ер Мәди би Қазыбек жұрағаты.
Жылаумен айтып болмас, 
қайтып келмес,
Тұғырға ұшқан сұңқар қайтып қонбас.
«Ләй-а аста-хиру на сағатын
Оләй-астақ тимун» деген аят
Тағдырдан ілгері-һәм кейін болмас.
Ғазиз жан не көрмейді жүрсе тәнде,

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
102
Көнбейді кеше кетсе хаққа пәнде.
Ақ тұйғын алғыр қыран жерге қонбас,
Ер Мәди қапылыста өтті арманда,
Кез келіп уақытылы күн болды шайт,
Рахымсыз бір дұшпаннан діні қатты.
Қазақтың мүшеліне болды бір іс,
Ақыры қайырымен болғай арты.
Белгілі орта жүзге арыстаным.
Ел мүддіріп, ат сүрінер жер кез келсе,
Дос үшін қайрат қылып қарысқанның
Тар кешу, тайғақ өткел, нәзік жерде
Қиядан қыран жетпес табысқаның.
Тағдырдың жазуына себеп болып,
Фәниден бақиға ұшып алыстадың.
Құтылмас ерден иман дегенді алып,
Рахмат дариясына ғарыштадың.
Хор қызы, ұжмақ гүлі даяр болып,
Мехнатсыз рахат тауып қауышқаның.
Көз жетті-ау  дүниенің жалғанына,
Жеткізген кімді құдай арманына.
Боқатты қорытылған  алтындай боп,
Тазартып халық қолына алғанына.
Атасы нар туғанның ботасы деп,
Ел жүгін мойнына артып алғанына
Кейінгі аруақтардың зуриятттарына,
Кем-кетік азық болды толғанына
Жарқ етіп бұлт арасынан 
шыққан күндей,
Дұшпанға қайда жүрсе барғанында.
Қайтпас құрыш, қара болат 
асыл ерден.
Бір тұяқ артта белгі қалмады ма?
Күллі дос, баршамыз да армандаймыз,
Арты жоқ шолақ дүние жалғанына
Қан жұтып, дос қайғырып, қала бердік,
Тұл болды екі жесір алғаны да
Кім келіп, кім кетпейді заманадан.
Дұшпаны ердің ісін табалаған.
Қастығын Айғожаның ойласаңдар,
Болар ма дәл осындай жаман адам
Өнер мен ақыл, қайрат-бәрі өзінде,
Көре алмай орыс-қазақ қамалаған
Дұшпан елді аңдитын алдын тосып,
Әкімге «дауыс беріп» сағалаған.
Дауысы тағдырына тура келіп,
«Сәт, міне болды» деп шамалаған.
Жұмысы біткеннен соң «қайтамын» деп
Ат іздеп, жаһар ішім  жаралаған. 
Ертеңгі жаназаға кірмеу үшін,
Түн қатып бір арықпен тағалаған
Арыққа шана жегіп түнде келген.
Жатыққа сыр білмейтін күнде келген,
Батыр ғой жан жүрмейтін тыныш 
жатар деп,
Қуанышын сыйғыза алмай үйге келген.
Сиынса, Алла жәрдем мұсылманға,
Алладан кәпір жақын қысылғанда.
Қосылып кісілермен ел өртеген.
Бола ма осы да есеп мұсылман.
Атысы бір Келдібек баласы еді.
Мал басы қатар өскен талас еді.
Үш жүзге билік айтып, атақ алған
Қазыбек Сәдібектің ағасы еді.
Сәдібек мал бағатын қазақ еді,
Тең кісі Қазыбекке аз-ақ еді.
Сырт қорған Қазыбек бар, еш қапы жоқ.
«Малым» деп, күндік-түні азынап еді.
Торқа деп жүн-жабағы бөстектері,
Келемеж әркімдерге мазақ еді.
Жуастан ақырында жуан шықты,
Бір тажал Теміржанов мұнан шықты.
Пайғамбар әулетіне қастас болмас.
Ғауарыж діннен шыққан мұнан шықты.
Мұсылман мұсылманға жаназа оқу 
Мирас боп Пайғамбардан бізге шықты.
Егер де мұсылман болса намазы ертең.
Қаладан түнделетіп неге шықты?
Кему мен қайғырудан болмас пайда,
Тұрмаймыз бәріміз де фәни жәйда.
Бұрынғы пәтуалы адамдар айтқан:
«Болған іске болат бол» деген қайда?
Әркім –ақ қайғы-қасірет тартушы ғой,
Дос-жар мен туысқанға батулы ғой.
«Күллі шайхен засихатылмуат» 
деген аят,
Әркім өлім торбайтын тартушы ғой.
Жылаумен айтып болмас, 
қайтып келмес,
Ұшқан сұңқар тұғырға қайтып қонбас.
Ескерту: Бұл өлең-жоқтауды мен
Марқамия Мусинадан жазып алғанмын.
Кейін ел аралап жүріп, Егіндібұлақта
тұрып жатқан Шәміш Усина бауыр
апама сәлем бере барғанымда, ол кісі-
ден де біраз мәлімет алып,
Марқамиядан жазып алған өлең-
жоқтаудың мәтінін Шәмішке оқып
салыстырғанымда, ол кісі де жатқа осы
вариантты еш өзгеріссіз айтып берді.
Сондықтан жазып алғанымның қатесін
таппадым. «Орталық Қазақстан»
газет бетіне 1990 жылы 19-шы
қаңтарында Мұхамет-Әли әкеміздің
жоқтауы «Ақын өлімі» басылып
шықты.
ЕЛ ШЕЖІРЕСІНЕН...
Бұл   шежіренің басы ғана, Марқамия 
Мусинадан жазып алғанмын.
Орта жүз екі арыс-ел арғын, найман,
Арқаға Алатаумен қанат жайған.
Мейрамның күң тоқалдан Болатқожа.
Бәйбішенің төрт ұлымен сайран салған.
Ата мұра еншіге туыс теңеп,
Шешесін «Қарқабат!» деп ұран салған.
жан қорған қып топанмен сабағаннан
«қаракесек» деген ат содан қалған,
Одан кейін төртінші Шаншар бабаң
Мал басқа берекелі-құт боп туған.
Шаншардың немересі Қазыбек би 
Ақылмен Қоңтажының тілін буған.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
103
Толықсыз тоқсан жесір жүлде алып,
«Күң баласы» дейтұғын кірді жуған.
Аузынан шыққан сөзім тәбәрік қып,
Ішкендей мейірі қанып зәмзәм судан.
Егескенге белгілі айтқан сөзі,
Кем тимес белдескенге ішкен у-дан,
Қағазға белгісіздер сиып болмас,
Жақсымен әр елде көп бірге туған...
Ескерту: Бұл шежіре толық емес әрі
қарай шежіре жыртылып қалған, «Ше-
жіре кітабы 1936 жылы 30-шы мамырда
Мұхамет-Әли Толыбаев әкеміз кенет
қайтыс болғанда, келім-кетім  кісі көп
болып, үйде жанашыр жан болмаған
кезде ұрланып кеткен ізсіз.
ӨЛІККЕ КӨҢІЛ АЙТУ
Атамыз адам пайғамбар,
Таралып содан қалғандар.
Екі дүниенің патшасы
Мұхаммед те өткен пайғамбар 
Жан жолдасы олардың.
Солардан артық қай жан бар?
Тумақ мирас, өлім хақ,
Бақи боп кім қалғандар?
Қазаға риза, пәлеге сабыр
Қыл ғибрат алғандар.
Әуелден бар ма өлмеген,
Басына өлім келмеген,
Атам, Анам демеген,
Жаны ашыған, бермеген
Бауыры бүтін бір құдай,
Ешбір зауал көрмеген,
Қожасына құл болмас
Әміріне көнбеген.
Ескерту: Өмірде туу да бар, өлім де
бар болғандықтан, Мұхамет-Әли Толы-
баев ел ішінде жүріп, талай той-думан,
өлік-жітікке қатысқан. Қай жерде болса
да киелі аузымен, жүрегінен шыққан
дуалы сөзімен, қоңыр дауыспен салған
әнімен халыққа тоқтау салып, демеп,
ақыл-кеңес, күш-қайрат, жігер беріп
отырған.
МАРҚАМИЯҒА
Мұхаң үрім-бұтақ ішінде қыздарын
ерекше көріп, сыйлап, қамқорлығына
алған, олардың өнерлі, ибалы болып,
тәрбиелі болғанын қалаған, үйге
қонақтар келгенде, қыздары оларға
шай құйып беріп отырып, келген
қонақтардың әндерін, әңгімелерін естіп
өздеріне қажетті білім, тәрбие алып
отырған.
1932-ші жылы Марқамия қызына:
Марқамия, шырағым, майысқан көлде
құрағым,
Айран да болсаң-қымыздай 
көңілге сусын тұрағым
Өзің әйел, Тұрсының жас, кім білер 
қайда тұрмағың,
Әйелмін демей алыстап, ұзаққа шапқан
пырағым,
Қасқабатты ажал тұр, білесің 
бе уағын?
Алланың сыры ғайып қой, кеттің-ау
ұзап, шырағым,-деп хат жазыпты.
Әзіл сықақтар
Мұхамет-Әли Толыбайұлы сөзге өте
шешен, тілмәр болған, айтар сөзді
қолма-қол өлеңдетіп, әзілімен қолма-қол
айтқан. Мұхаңның айтқан лебізін
тыңдағандар мақал-мәтелін, ойынан
шыққан ұтымды, пайдалы, ұшқыр
сөздерін пайдаланып та жүрген.
Жалқауларға
Кеселді жалқау, қылжақ бас,
Әзір тамақ, әзір ас,
Сырты таза, іші нас,
Артын ойлап, ұялмас.
**** *** *
Кедейліктің кенже ұлы-ұйқы мырза,
Ерте жатып, кеш тұрса, болады ырза.
Кедейшілік пен керімдік бірдей келіп,
Еріншекке сәлем айт, келсін мұнда.
*** *** ***
Араққұмарларға
Күн қақты сұр жолақтай шыр бітпеген,
Кісідей өрт сөндірген, түр бітпеген.
Араққа апиынды қосып ішіп,
Құдайым мал басыңды өндіртпеген.
Ал асаудай, аптығың-басып 
арындайсың-
Жел сөзге, құмары жоқ, жалындайсың.
Сабын жаққан терідей жылп-жылп етіп,
Шіркін-ай, айтқан жерден табылмайсың
Ақайдың Хасеніне
Бақ-дәулет ер қорғаны ерге бітер.
Шүйгін шөп елге қоныс жерге бітер.
Тастаған тас домалап өрге қарсы
Ағайын-ынтымағы бірге бітер.
Болғанға салған уақыт зауал жетсе,
Жақсылық бақпен бірге желге кетер.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
104
Елулікті еңсерген еңселі елдігімізбен, ел таныған
егемендігіміздің қадірін тани еселеп, қамдана
қарпып, тапырауын тарих толқынына жұтылмай,
ғасырлар тоғысындағы дүние дүрмек дауылынан
бойымызды тіктей жұбымызды жіктей, пайым
парқымызбен, байсалды нарқымыздың арқасында
көк өрім келбеті, көк туымызды көлбей көтеріп,
әлем қауымдастығы алдындағы тіршілік теңізінің
ашық айдынында жігерлі екпінмен желкенімізді тік-
теп, ерік жігерімізді таныта алғанымыз үлкен
мақтаныш, салиқалы сабырлы сарабдал саясаткер
ел басымыз ұлт   көшбасшысы Нұрсұлтан
Әбішұлының  байыпты басшылығы арқасында қол
жеткен, сананы сабырға шақырар, болжаулы
болмысымыздың мәніде мағыналы сәті келген ізгі-
лікті таным, игілікті іс екеніне ешкімнің таласы
бола қоймас.
Тереңнен тартып тектілігімізбен болмысымыздың
басына бақ қонған, базарлы шақтарымен әттеген-
айы көп соқтықпалы соқпаққа түскен ауыр
кезеңдерін ескере, еске алар болсақ сол алмағайым замандарда елім деп еніреп, ес
жиғызған тұрлаулы тұлғалар атқарған ересен ерліктерімен, беренді беделімен бі-
лікті білімімен, елін емірене ұлықтап қиыннан қиыстыра сөз тауып, жоралғы жосын
жол ашқан асыл арыстарымыз баһадүр барыстарымыз қаншама. Ежелден Ұлы
дала ұрпақтары әз халқымен қандас қарындас үшін атқарылған ұлағатты істі, ірі-
ліктітірлікті ұлықтаған жұртпыз, бағаналы барын барынша базарлап, сүбелі сөзге
жол берген, елдің бірі едік.
Бүгінгі еркін елдігімізбен, еркіндігіміздің бастауында тұрған тұрлаулы
тұлғаларымыз жетерлік, ұлан байтақ жерімізді, ұшса құс қанаты талатын кеңде
керім кеңістікті игілікпен игеріп, көз алартқан анталаған жаулардан сақтай білу
жолында жан беріп жан алысқан ерлеріміздің ерен еңбегін бүгінгі жалын  жастарға
жеткізуде  білімдар білікті аға ұрпақ өкілдерінің алдында үлкен міндет тұр, себебі
біз көрген кеңес дәуірінің содыр саясаты жүйелі түрде жіктеп біздің өткенімізді өз
ыңғайларына қарай әдіптеп толағай табыстарымызды тұқыртып, тұрлаулы
тұлғаларымыздың соңына шам ала түскенінін нақтылы сезініп сол
келеңсіздіктермен керағар заманда ғұмырымыздың  елеулі шағы өткенідіктен ке-
шегімен бүгінгіге болжаулы баға бере отырып, байсалды байыптай аларлық мол
мүмкіндігіміз баршылық екені рас.
Осы орайда елімізбен жеріміздің тұтастығы үшін арпаласқан алмағайым заманда
қаймана қазақ ұлысының басына бұғау түсіп:
«Қаратаудың басынан көш келеді
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді
Қарындастан айырылған жаман екен
Екі көзге мөлдіреп жас келеді»-
дерлік кезеңінде зарыққанға қорған торыққанға демеу болған тұлғалар  үш жүздің
басын қосып хан мен қараның қамын ойлап халықтың бірлігімен келелі тірлігінің ба-
стауында тұрған баянды бабаларымызбен байрақты батырларымыздың сана-
тында аталатын айшықты айбарымыз,түгел сөздің түбі бір деп кеткен Майқы
би, әулие Қорқыт баба, жел маясын желдіркен Асан-қайғыдай, қасиет қонып, қыдыр
дарыған дара дана бабаларымыздың жалғасы  жүйелі сөзбен жүйрік ой орамының
асылдары арқалыҮйсін Төле би, қазып айтар Қаз дауысты Қазыбек би, айтулы
абыз Әйтеке билер еді. Бітімгершілікпен биліктің тізгінін берік ұстап халқының бе-
реке бірлігімен байқуат тірлігі  үшін ханныңдақаһарын қайтарып, сырттағы
жауғада, ел ішіндегі деттеген дауғада бітеу бітім айтатын тұрлаулы тұтқа,
әділдіктің әліппесін әспеттеген аузы дуалы, алды кеңде кенерелі көреген көсем,
шиеленген байламды шебер шешер шешендердің  бірі талассыз бірегейі, ол
жоғарыдағы шоғырлардың ішіндегі білікті айшықты абыз бабамыз Қаз дауысты
Қазыбек би болатын.
Сол даңқты бабамыз:
Біз Қазақ деген мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз
Аманжол 
Аманжол 
ҚУАНБАЙ
ҚУАНБАЙ
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
ҰЛАҒАТ ҰЙЫТҚЫСЫ ҰЛЫЛЫҚ

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
105
Елімізден құт береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп 
Найзаға үкі таққан елміз – депбасталатын байламы ерек, бабы бөлек, жас болсада
айтқан аталы сөзіне ділі басқа, тілі ұстаған діні басқа, тәңірсініп тағында
отырған өзімшіл өр көкірек өрікпіген хан алдында қадап қадағалап айтқан сөзін
таңдана танып түйсігімен түсінген, тосыла жасып жол берген ханныңда тегін
адам еместігін айтуымызда  жөн болардай ау. Ал сол жалын жастық шағында жау
алдында жарқ еткен жасындай жігерлі бабамыздың ертелі-соңғы бітімгершіліктің
бірегей бітімін  айшықтап айтқанын тануымыз, болжаулы болмысымыздың бе-
реке беделіндей тірлігіміздің бедері, қадырмен қасиетіміздің бай қазынасы екенін
қаны қазақ, жаны қазақ әр ұрпағы жан тәнімен қапысыз қабылдап ұғынуға тиісті.
Одан әрі бабамыз қаз дауысын қалықтатып;
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз
Досымызды сақтай білген елміз
Дәм тұзды ақтай білген елміз
Асқақтаған хан болса таптай білген елміз – деп дәйекті сөзбен дегбірін қашырып
шешімімен кесімін өзі айтып, онсызда мойып қалған хан қаһарын жасытып
елдігіміздің тегін тектеп,  жаугершіліктің кегін ақ найзаның ұшы емес қара сөздің
қуатымен қайтарғанына тарлан тарих тағылымы куә.
Сен қалмақ,біз қазақ қарпысқалы келгенбіз
Қазақ қалмақ баласы табысқалы келгенбіз
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз
Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз – деп дегбірін қаштырып,
отты сөзбен әуелінде мысы басып тұрған безбеннің  бетін бері қаратып, жеңісті
шаппай ұтқыр тіл ұтымды уәжбен ақтай білгені қандай тапқыр таным мадақты
мақтаныш.
Бұдан әрі әйдік мақаммен:
Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз
Тұтқыр сары желімін жабысқалы келгенбіз
Сен темірде біз көмір еріткелі келгенбіз
Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін – депуәж күтпей уәде тосқан бағылан
бабамыздың осы асыл маржан жаққұт жырдай жосылған батагөй бітімгершілік ап-
санасын ұлағатты білімдар ұрпақтары өз деңгейінен түсірмей, әлемнің бар тіліне
аударып, әр елдегі елшіліктеріміздің маңдайшасы көректі жеріне іліп қойса ары-
стандай арынды, қабыландай қарымды бабамыздың батасы дарырдай көрінеді
маған, әрине әлем қауымдастығындағы мемлекеттердің қазіргі қарым қатынасы
бітімгершілікпен бәтуәсі заманауи ғылыми дамыған ара қатынастары саясат сер-
келері әйдік әлемі бізге беймәлім болғандықтан, ұшқыр ой сана салмағын осымен
тежегенім дұрыс болар деп ойлаймын.
Қасиеті қолдағыр Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың қазіргі тың деректермен
жарияланып жүрген ғылыми мәмілелерге сүйенсек 1667 жылы түп тамырдай
қасиет дарыған сырлы Сыр бойында дүниеге келіп 1764 жыл осы біздің өңірде таза
асыл талғамы, қадір салмағымен ғасырға тақау жас жасап күз айларының соңына
қарай дүниеден өткені мәлім. Алдымыздағы 2017 жылы қасиетті бабамыздың 350
жылдығы қарсаңында отырғанымыз нақты дәйекті дерек..
Осы орайда 2007 жылы Қарқаралыда  алқалы  алаш қадір тұтқан бағылан әнші,
күрескер арқалы азамат болған Мәдидей ерге елінде Қарқаралыда еңселі ескерт-
кіш орнатылғанда осы мерекеге арнайы шақырылған қазақ өнерімен әдебиетінің
қаймағы, ақын жазушылармен ғылым серкелері шен-шекпенділер қатысқан үлкен
жиында ұлысымыздың ұлағат өресі ерек білімдары марқұм академик жазушы
Рымғали Нұрғалиев ағамыз өз кезегінде тебірене сөилеп:
- Иә, бауырларым Мәдидей ерге мәнді ескерткіш орнаттыңдар, енді ол ерекше
ескерілді күрескер ақын кешкен қасыретпен, тал бойындағы текті қасиетпен арда
есімі еленіп енді мәңгілікке беттемек, алайда бауырларым алқалы азаматтар біз
үшін іс мұнымен бітпек емес, рас тайының жарысын әспетедік, ал тұлғалы тұлпар
бабамызға не құрмет көрсетіп жатырмыз, ала құйындатып атын алып берген ау-
данды таратып тындыңдар, ал сол бабамыздың аруағы кімнен кем еді, ендеше ен-
дігі мансаптағы мәнді мақсаттарың келешекте ел алдында, ар алдында атқарар
істеріңнің басы осы болу керек»-  депайтқан аталы сөзін өз құлақтарымен есті-
гендер әзірге баршылық, осы ұлағатты сөздің мән мағынасы кешігіңкіреп кейінірек
болсада естір құлаққа жетіп кейінгі үш-төрт жылдың бағдарында барымызды
танырлық жан жадыратар  жарқын істер атқарылып жатқанына  ел болып
қуанудамыз құп алудамыз.
Сол толымды істердің бірегейі  ол 2011 жылы сәулетші М.Мансуров
бауырымыздың үлкен сүйіспеншілікпен, танымды шеберлік түйсігімен түйінделіп
Қарағанды қаласының нақ төрінде орнықты орын тепкен, әсем әрлі әспетті еске-
реткіші, еңселі берен бекзада бейнелі мүсіндіескерткіші еді.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
106
Осы кезекте «Өзіңдікі төрге озбай, өзегің талады» -демекші бұл шаралар ерте
қозғалғанмен облыс көлеміндегі сол кездегі билік басындағылардың немқұрайлы
қылықпен кейінге ысыруы құлықсыздығы салдарынан кешіккен көп тілегі барып-
барып тек ұлт жанашыры ұлағатты перезентінің бірі,қазіргі қорғаныс министрі
Серік Нығыметұлы Ахметовтың сол үлгілі үлкен іске басшы, қолдаушыларға
нақты қосшы бола білгендігін айтуымыз өте маңызды.
Сондай-ақ көптен күткен дәйекті жәдігер аса ауқымды татымды таралым, та-
нымал ғалымдармен тарихшыларымыздың елеулі ерен еңбегі, ол  2011жылы
«Болашақ» баспасынан шыққан «Қаздауысты Қазыбек би» энцклопедиясы еді,
көптен күтілген жанға жағар жарқын іске жарық сәуле түсіріп тартымды
еңбегімен еленген шығармашылық топқа-«Жақсының жақсылығын айт, аллам
нұрын ашсын» -демекші ғылым докторы, энцкикопедия редакторы Нұрлан Ду-
латбековке, редколегия мүшелері Мәулен Хамзин, Берік Рахымов, Ермек
Балташұлы сынды танымал ғалым, қарымды журналист ұлтжанды ұлағатты
бауырларымызға ерек еңбек тағылымды танымды істеріне береке беріп,
шығармашылық шабыттары шарықтай түсіп өздері ұлықтаудан жалықпаған
қасиетті баба рухы қолдай берсін деп– елеңге еміренген ел жұрты атынан үлкен
ризашылығымды  білдірмекпін.
Осы орайда жерлесіміз тарих ғылымының докторы професор Жамбыл
Артықбаевтың «Қаз дауысты Қазыбек би»- кітабы мен жоғарыда аталып өткен
энциклопедиялық еңбек, бабамызды танып білудегі орасан зор татымды  жол
басшы екенін атап өтуіміз орынды, әрине ғасырға жуық ғұмыр кешкен ұлтымызбен
ұлысымыздың сол кезеңдерде ел тізгінін ұстаған хандармен, қарымды бек
сұлтандарға ақылшы кемеңгер кеңесші бола білген ерен еңбегі үшін ол өз дәуірінің
ұлттық рух танымындағы асыл ардақтарының бірі екені талассыз. Аруақты абыз
бабамыздың артына қалдырған аса мәнді мәйекті философиялық танымдағы
сана сезімді билер ерекше толғамдары, ой өрнектері тапқырлықпен сабақтасқан
ұшқыр ой тұжырымдары, әділеттік әліпесіндей адал шешімді биліктегі ерен же-
тістіктері, ел ынтымағы мен бірлігіне бағытталған өрелі өнегелі ғұмырнамасы
куә. 
Я, қарымды қасиет дарыған, ортасынан оза шауып ұлттық ұлағатымыздың
тұрлаулы тұлғасына айналған арда абызымыз жайында айтылар айғақты де-
ректер ғылыми зертеулер әліде алдағы күннің үлесінде екені даусыз, алдымыздағы
келетін абыз ардағымыздың 350 жылдығыда аса алыста емес, ендеше барымызды
бағалар, өткенімізді саралай аларлық ілгері ілімді ғылыми орта, осы салада ой
өрнегін оздырып жүрген қаламы қарымды жазушы замандастарымыз, орнықты
ойлы журналистер қауымы құлшына еңбектенер уақыт алда ғой деп есептей от-
ырып, теңіз тамшыдан құралады демекші  ұлықтаушы бір ұрпағы ретінде ерте-
ректе шежіре қартардан естіп құлақтақалған бірді-екілі әңгіме аңыз жобасын
көпшілік назарына ұсынуды жөн көріп отырмын.
Кіл қара көктің тұқымы аталған Шаншар абыздың немересі келелі келісті Келді-
бек бидің ұлағатты ұрпағы аруақты Қазыбек бабамыз ат жалын тартар тұста
оны әлі жассынған екі ағасы Сәдібекпен Асан жасы ұлғайған әкелері Келдібектің ор-
нына жол жағынан  ендігі билік айту бізге тиесілі деп әр жерде сөз шығарып
шыдамсыздық танытқанын естіген алқалы аруақты би атамыз ойлана келе, өзі
іші сезетін бас араздықтың алдын алу үшін ержеткен Сәдібекпен Асанды және
Қазыбекті, Балапан мен Бөденені алдына шақырып алып:«Менің бауыр ет балала-
рым атам қазақ «Қыран құс қартайғанша,қайратты, кемігенше қанатына сенеді,
ұшып қонатын тұрлаулы тұғырына  сенеді, ал кәрілік жетіп  деттегенде жолын
жалғар жанаттары балаларына сенеді»- деген, ендеше менің тұғырым болған ел
жұртымның тұрлаулылығына сенімім зор, ал жолымды жалғар жанатым ісімде ие
болар санатым сендерсіңдер, енді мына аманатымды орындаңдар, себебі маған
мүмкіндік барда біреуіңді биліке ұсыну жолы тұр, әкелерің болғансоң мен үшін
бәріңде бірдейсіңдер ертең араларыңда артық ауыз сөз бас араздық болмауы үшін
мына Бөденемен Балапан әлі жастау ал, Сәдібек, Асан және Қазыбек үшеуің ертең
жөн білер жолбасшы алып жолға  шығасыңдар әйгілі білімдар Әнет бабадан  бата
алып келесіңдер, көреген көсемдігімен білгір, білімпаз шешендігімен аты шыққан
сәуегей сол кісінің шешімі шешім, қайсыңды таңдасада кесімі кесім»- деп жастарға
жол амандығын тілеген екен. Шұрайлы шұғылалы Шыңғыс тау  шалғайында
жатқан қалың тобықты еліне жол тарқан жүргіншілер Әнет бабаның ақ ордасына
деттей жетіп, қайдан келгенін негізгі мақсатарын баяндайды.Сонда Әнет баба
«Е, қабырғалы қалың ел қаракесектен келген екенсіңдер, әкелерің Келдібек,
аталарың Шаншар абыз болса көптен кем болмассыңдар,ат арылтып алыстан
келгендіктен  қазір барып қонақ кәде жеп, демдеріңді алыңдар шешімім ертеңгілік
болсын»- деп уәж айтады.
Ертеңінде үшеуін алдына алдырған абыз қарт ал жастар сендерге қояр шартым
біреу ақ ол мынау:     
-Күн, ай, жыл, хан мен қара парызы неде? Осыған толымды жауап бергенің менің

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
107
таңдауым болады–деген екен.
-Екі ағасы ойланыңқырап қалса керек, сондажас Қазыбек тамағын кенеп «Ата
ұлықсат болса мен айтайын» -депширыға ашылады:
- Күн парызы сәждеге бас ұрып, құбылаға қарап бес уақыт намазға жығылу;
- Ай парызы нәпсімізді тежеп, алладан сауап тілеп отыз күн ораза ұстау;
- Жыл парызы алламыздың айшықтаған құрбан айтында құрметпен мал шалып
құлшылық ету;
- Хан парызы халқына қорған болу, ал қара халықтың парызы ханына адал
қызметімен уәжіп – деген екен.
Сонда Әнет баба «Қозы асығы демеңіз, қолыңа жақса сақа қой»-деген міне осы
болар,  бар түйін шешілді міне, кіші болсада күші басым,нар атанға жүк болар ісі
басым мына баланы басшы етіңдер, қалғандарыңа қосшылықта  жарасар- деп
түйіндеген екен.
Ел аузында шежіре қарттар айтқан мына бір әлпеті әсерлі әңгімен сөз соңын
жалғап, қазіргі біздің мекенімізде ертеректе қалмақпен қазақ арасындағы қан
кешті жан кешті сұрапыл ұрыстардан босаған тұста, әз бабамыз аруағы
қолдағыр Қаз дуысты Қазыбек би әрісі орта жүз арғын ұлысын, берісі бес бошанды
бастап келіп қоныс сайлағаны белгілі, ұлысының ындымды ынғайына қарай өркенді
өріс таңдап орналасу ыңғайын қадағалап қоныс сайлағаны айғақ. Сол заманда
алымды атамыз, жер қайысқан қалың нөкерімен Қарқаралыдан шығып Бүркітті
мен Бұқпадан өтіп,  жолай кезіккен «Қу» тауының бөктеріндегі жалғыз қараша
қосқа ат басын бұрып жөн білмекке, қостан шыға көзін көлегейлеген Кеуанаға да-
уыстап:
-  Қария мына көрікті тауды неге Қу деп атаған көзіме сенсем құндыздай
құлпырып тұр ғой дегенде:
Кейуана «Е, құлпырса менің көзімдегі жасымды суалтып, көкірегімдегі қайғымен
басымды қуартып, барып уақыт өткенсоң, кезі келіп жеткен соң құлпырса
құлпырған шығар –дейді.
Бабамыз: «Кейуана, айып етпеңіз көзіңді шел, көкірегіңді шер басқан екен себебі
не десе.
Кейуана жоқтауын жалғап:
Қуарып тұрған Қу тауы
Түндігімнің жоқ бауы
Жалғызымды жалмадың
Маған қалды жоқтауы – депкүңірене берсе керек.
Сонда жайды білетін сенімді серіктерінің бірі  атамызға жағдайды былай мәлім
еткен екен:
Қалмақтардан бұрын бұл өлке Байгелді деген байдың мекені болған екен
жау келіп басып алғанда басқыншылармен қатты ұрыс салған кейуананың батыр
ұлы Байжігіттің сарбаздары тасқамалдай құз шыңды, торынғыдай тұтасқан
тоғайға сіңіп алып, ұзақ уақыт беріспей Қапылыста шауып тыныштық
көрсетпесе керек. Сонда басқа істер шарасы бомаған жау өте өрескел шараға
барып қалың әскерімен тауды түгел қоршап алып төрт пұшпағынан өртеп, есіл
ерлерді аяусыз жалын құшағына беріп есе қайтарса керек–дегенде: 
Сұңғыла бабамыз:  Сөз атасы Майқы би  «Не бір заман өтпес дейсің, қадіріне
жетер қайсың»-деген екен қария. Біз сол кектеріңізді қайтарып,  бәрінде  көріп, же-
рімізді қайтарып келе жатқан жайымыз бар. Өткенімізге салауат, қолымыз жет-
кеніне қанағат, келешеке арлы аманат болсын дейік, енді біз аттанамыз
жауымызды жеңіп қалдеріңізді біліп бұл атырапқа үдіре еніп жатырмыз.Алда
үкілеген үмітіміз бар, сол келелі келешегіміз үшін қай нәрсені болсада жақсылыққа
жориық келешекке кесірі тимесін, енді бұл таудың атын өзгертіп «Балқантау» -
болсын. Себебі қалмақтармен өткен қан кешті соғыста, бал арасындай көп қалмақ
осы тауды жаулап алып жерұйықтай жерсініп, Едігедей ерсініп, өлермендікпен
қарсыласа қорғап көпшілігі өліп тынды, біздіңде не бір асыл арыстарымыз жер
құшты, байқасаңдар осы таудың исі гүл жарған қарағай мен талына, тіл үйірер
балына таласқандаймыз-ғой, ендеше Балы-қан-тау десекте айыбы болмас, де-
секте мына алыс батысымыздағы асу бермес тауға жүйесіне лайықтап
Балқантау десек дұрыстыққа келер, ал батырлар билер бағыландарым енді бұл
таудың биігіне ешкім көз алартпасын, киелі киігіне оқ атпасын, осы Балқантаудың
бауыры алла жазып, ұрпақтарыма ырызық құтты мерейлі мекен болсын әумин.
Мына мүскіндерді біреуің бауырларыңа алыңдар «Елге ел келгені құт»-деген осы
болар деп қорытқан екен- деген, өзім көзін көріп  ұлағатты сөздерін естіген ұлы
бабамыздың тікелей ұрпағы Алшымбай бидің немересі, қаһарлы Қақабайдың бел
баласы еңселі Ермағанбет қарияның, Сәдібек атамыздың тұяғы Рақымжан қажы
ұрпақтары Сейфолла, жүйелі сөз шебері наманай ата баласы шежіре Сартай
ақсақалдардан қалған осыой тамыздық бірді екілі әңгіме желісін қал қадірім жет-
кенше ел жұртыммен жас жеткіншек ұрпаққа жетсін деген мақсатым еді.

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
108
РУХАНИ ҚАЗЫНА: 
ҒАСЫРДАН-ҒАСЫРҒА!
Қарқаралы қаласында Қарқаралы қаласының 190 жылдығына арналған
«Қарқаралы қаласы: тарихы мен бүгінгі» атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференция болып өтті. Конференция ұйымдастырушысы
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен
Қарқаралы аудандық әкімшілігі болды.
Қаладағы мәдениет сарайында өткен бұл аталмыш конференция 190 жылдық
мерейтойдың алғашқы іс-шарасы іспеттес таным мен талғамға бағытталған
рухани бас қосудың бірі болды. Жоғарғы оқу орындарында республикалық деңгейде
тарих шежіресі сан ғасырдың қойнауында жатқан қазақтың, оның ішінде
облыстағы көне  атажұрт Қарқаралының өткені мен бүгінін зерттеп  зерделеп
жүрген оқымысты, тарихшы, археолог, профессорлар дәл осы күні мәңгілік елдің
мәнін ұқтырғандай болды.
Конференцияны Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бірінші проректоры тарих
ғылымдарының докторы профессор Жұмашев Рымбек Мұратұлы ашып жүргізіп
отырды.
Алғы сөз аудан әкімі Х.Мақсұтовтың конференцияның ашылуымен құттықтаған
ықыласты тілегімен басталды. Аудан әкімі мерейтой қарсаңындағы тағлымды
рухани шараның өтуіне ұйытқы болып отырған Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың
ректоры ЖМ ХҒА академигі заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін
Көбеевке және университет ұжымына, тарих факультетінің ұжымына зор
алғысын білдірді. Қазақ ұлтының өткені мен бүгінінің құнды мұраларын бойына
сақтаған Қарқаралыдай киелі мекеннің тарихына терең бойлап болашақ ұрпаққа
рухани қазына қалдырсақ деп жүрген зерделі қауымға ризашылықпен қош көңілін
жеткізді. Аудан әкімі Халел Мұқатайұлы көне қаланың мерейтойын өткізу даңқ пен
дақпырт жинап, ат жүгіртіп той жасау емес екеніне осы конференцияның өзі негіз
болатынын ұқтырғандай болды. Оны конференцияда сөз алған тарихшы профес-
сор ағаларымыз дәлелдей түскендей болды. Өз зерттеу пайымдауларынша
Қарқаралының шежіресі 190 жыл емес, одан әріден басталып, бүгінгі тарихшы-
археологтарымыздың ашып жатқан тың-деректеріне сүйенсек болашақ ұрпақ ен-
шісіне тиер зерттеу жұмыстары жетіп артылмақ дегенге сайды. 
Алқалы мәжілістің жұмысын «Қарқаралы-мәңгілік елдің мәңгі қаласы» атты
Бану М
Бану М
ұҚАШЕВА
ұҚАШЕВА

алқалық баяндамасымен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Этнографиялық
қатынастар және Қазақстан халқы Ассамблеясы толеранттығы» ғылыми-зерт-
теу орталығының директоры, тарих ғылымдарының
докторы, профессор С.Сыздықов бастады. Рухани
қазынасы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан
қасиетті Қарқаралының мәңгілік елдің мәңгі қаласы деп
атауға тұрарлық мәртебесіне тоқталған астаналық
профессор осыған негіз боларлық біраз жайттың басын
ашты. Аудан әкіміне бірнеше кітаптар жинағын сыйға
ұсынды. Жыл сайын Қарқаралыдағы Қызыл кенттің та-
рихын зерттеп, студент-шәкірттерімен келіп қазба
жұмысымен айналысып жүрген профессор С.Жауымбаев
«Қарқаралы ауданын археологиялық тұрғыда зерттеу»
тақырыбында ой толғап, нақты жұмыстарымен хабар-
дар етті. Сөз соңында биылғы қазба жұмысының
нәтижесінде табылған жа-
уынгер қазақ халқының бес қаруының бірі қанжар
қылыштың бір ұшын көрсете тұрып, ашылмаған
жұмбақ дүниенің шеті мен шегі жоқ дегенді аңғартты.
Осындай құнды баяндамаларымен Орталық Қазақстан
академиясының доценті, филология ғылымының канди-
даты А.Самохин А.Брагиннің «Прадеды и правнуки: Кар-
каралинская повесть» шығармасы бойынша өз
пайымдаулары мен тарихи деректерін келтірсе,
ҚарМУ-дің профессоры тарих ғылымдарының докторы
З.Сақтағанова, Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси бай-
ланысы болған ХІХ-ХХ ғасырдағы Қарқаралы уезіндегі
тұрғын халықтың біршама тарихи көріністері жайлы
ғылыми деректерін келтірген баяндамасын оқыды.
Конференцияға қатысушыларды Қарқаралы өңірі жайлы баяндалған жайттардың
бәрі де өзіне тарта білді. Дегенмен де өте-мөте қызықтырған Ә.Марғұлан
атындағы археология институтының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Арман Бейсеновтың «Қасиетті Қарқаралы тарихының көне жауһарлары» атты
баяндамасы, экраннан слаид арқылы көрсетілген құнды қазба-жәдігерлер, олардың
көршілес Ресей және басқа шетел ғалымдарының зерттеуінен өтіп, өте жоғары
бағалануы көне Қарқаралының ғана емес, отырған жұртшылықтың мерейін өсірді. 
Қазақ деген ұлттың әлем халқы алдындағы абыройын көтеріп, ерте көне
дәуірден дамыған мәдениеті мен руханиятынан хабар беріп соған негіздеме болып
отырған бұндай жәдігерлер баға жетпес қазына-мұрамыз емес пе?!
Арман Зияденұлы ел мен жұртты тамсандырған мәнді сөзін осы құндылықтар
Қарқаралының өз мұражайларынан  орын алса, «Алтын адам» мүсіндерінің
көшірмелері қала көркін кіргізер көрікті орындарға орнатылса деген ойын ортаға
салды. Аудан әкімі Х.Мұқатайұлы да қоштап, осы көптен ойда жүрген ізгілікті іс
екенін, расында өз жерімізден шығып жатқан құнды жәдігерлер қаламызда неге
орналаспасқа» деген ойын жеткізді. Осыны құп алған А.Зияденұлы бірлесе жүзеге
асыруға келісті. Ғалымдар жағы да сүйсіне тыңдап, бүгінгідей презентациясын
мектеп, мұражайларда өткізсе деген ұсыныстарын айтты. Себебі, А.Зияденұлы
Қызыл кент, Кентөбе, Қасым, Нүркен, Бейбітшілік  қорғаны, Ақбейіт, Қарашоқы,
Қособа, Талды-Қостөбе, Едірей елді мекендерінен табылған  сақ дәуірінің тас
мүсіндері, жәдігерлері мен қазба байлықтарын айтқанда жұртшылық жүйрігі ала-
ман бәйгеде, озып келген қызба жігіттердей  қозғалақтаса желпініп қалды.
Түпсіз терең мұхит түбіне сүңгіп інжу-маржан іздеген тағлымды мәжілістің ба-
рысында киелі мекен өзінің құны мен қасиетін одан әрі арттыра түскендей болды.
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
109

]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
110
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың
доценті, тарих  ғылымдарының
кандидаты Қ.Өскембаев тарихи
тұлғатанудың өлкетану зертте-
уіндегі орны бағыты бойынша
“Ә.Ермеков және ХХ ғ  басындағы
ұлт зиялылары жайлы деректік
құжаттар жайлы» тақырыбында
әңгіме қозғады. Бірнеше жинақ кі-
таптарын қаладағы орталық
кітапханаға құрметпен табы-
стады. Бұндай сый-сияпаттарға
риза көңілін білдірген аудан әкімі
Х.Мұқатайұлы «Сыйдың бағалысы
да құрметтісі де кітап, Жылқы
берсеңіз желініп, шапан кигізсеңіз
тозып қалар еді. Ал мынау рухани қазына ұрпақтан ұрпаққа қалар өлшеусіз сый»
деп рахметін айтты.  Осындай тарихшы зерттеуші, оқымысты, ғалымдардың
қатарында өз өлкеміздің өткенін өзекті әңгіме етіп көтеріп жүрген жергілікті
өлкетанушы С.Оспанов «Қарқаралы тарихындағы Боқты көтерілісі» атты ба-
яндамасын оқып, өңір тарихын тағы бір қырынан танытты. Өз тарапынан
Қарқаралыны барша қазақтың тарихы деп көңіл бөліп осындай мәнді де маңызды
конференцияға келген меймандарға алғысын білдірді.
Конференцияда алқалық секциялық баяндамалар оқылып, онда Қарқаралы
қаласының бүгіні мен өткенін, көне тарихын зерделеген ой-пікір, деректі құжаттар
зерттеулер қамтылды. Қарқаралы қаласының 190 жылдығына арналған
халықаралық ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы және бір мәнді іс-
шаралармен толықты.
Ол баспадан таяуда ғана жарық көрген «Творцы и свидетели, истории Каркара-
линска» атты монографиялық жинақ кітаптың осы алқалы жиында тұсаукесер
рәсімінің жасалуы өзгеше сый болды. Кітаптың авторлары белгілі өлкетанушы
Ю.Попов және ҚарМУ-дың доценті тарих ғылымының кандидаты Л.Шотбақова
мен тарих факультетінің деканы, доцент  Г.Смағұловалардың тынымсыз
еңбектерінің арқасында “Қарқаралының 190 жылдығына арналады» деген арнайы
кіріспемен берілуі өлке тарихына қосылған құнды дүниенің бірі екенін көрсетеді.
Кітапқа қысқаша шолу жасаған Гүлнар Мұратбекқызы денсаулығына байланысты
Санкт-Петербургтан келе алмаған Юрий Григорьевичтің сәлемін жеткізіп,
кітаптың бірнеше данасын қала басындағы бірнеше мекеме-ұжым білім ордала-
рына таратты.
Конференция жұмысы қортындыланып Рымбек Мұратұлы ғалымдарға қатысушы
қонақтарға ауыл-село округ әкімдеріне, мекеме-кәсіпорын, мектеп басшыларына
тарих пәнінің оқытушыларына, өлкетанушыларға, қала халқына алғыс білдіріп,
Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың отандық өлкетану, тарихи тұлғатану
орталықтары жалпы тарих факультеті қарқаралылықтармен алдағы уақытта
да бірлесе жұмыс жүргізуге әрқашан дайын екендіктерін жеткізіп, жемісті еңбек
тіледі. Аудан халқының атынан, алғыс білдірген аудан әкімі Х.Мақсұтов орталық
Қазақстандағы мәртебелі білім ордасынан Қарқаралы өңіріне келіп халықаралық
ғылыми конференция өткізіп, өлкеміздің тарихы, өткені мен бүгінін саралаған
салиқалы жиынға бас қосқан лауазым иелеріне құрметпен ризашылығын жеткізді.
«Өткеніңді білмесең, өскенің қайсы» демекші өткеніміз бен өскенімізді танытып,
өскелең ұрпақтың таным-талғамына жол ашар рухани қазына осындай тағлымды
кездесулерден бастау алатыны анық. Сонда ғана өшпейтін тарих, өлмес мұра
ғасырдан ғасырға жетері сөзсіз.

Қарқаралы қаласының
190 жылдық тарихи шежіре-
сіне орайлас өткен
халықаралық конферен-
цияда жаңа кітаптың
тұсауы кесілді. «Творцы и
свидетели истории Карка-
ралинска» атты жаңа
кітаптың авторлары
Ю.Г.Попов, Л.К.Шотбақова,
Г.М.Смағұловалардың бұл
еңбектері өлке тарихына
қосылған өлшеусіз рухани
сыйлық, асыл мұра болар
тарихи құндылығымыздың
бірі болмақ.
Қарқаралының 190
жылдығына арналған бұл
монографиялық жинақ кітап
бай мұрағаттық құжаттарға сүйене отырып, өлкетану
зерттеулерінің деректемелерімен толығып, қаланың екі жүз
жылдық тарихының біразын қамтыған.
Кітапта сол тарихты жасаушылар мен оның куәсі болған
Қарқаралы тарихына қатысты айтулы іздері қалған тұлғалар
жайлы да сыр шертіледі. Тарихи және этнографиялық
өлкетанудың отандық тарихта алар орыны айрықша. Өткеннің
шежіресіне үңіліп, тарихты қайта жаңғыртуда елеулі үлес қосқан
тарихи тұлғалардың естеліктерінсіз, солардың еңбектерінсіз
алға жылжу мүмкін емес. Сондықтан аталған авторлар өздерінің
ғылыми жазбаларына тынбай ізденумен еңбек сіңіргендеріне мо-
нографияда қолданылған әдебиеттер, жазба еңбектер
мұрағаттық құжаттар мен дерек көздерінің көршілес Ресей,
Орта Азия, және басқа елдердің баспа мұрағаттарынан
]]]] 
Қарқаралы  
]]]] 
111
ТАРИХТЫ 
ТАРИХТЫ 
ЖАСАУШЫЛАР МЕН ОНЫҢ
ЖАСАУШЫЛАР МЕН ОНЫҢ
КУӘГЕРЛЕРІ
КУӘГЕРЛЕРІ
Бану М
Бану М
ұҚАШЕВА
ұҚАШЕВА

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет