ҚАРҚАРАЛЫ
№2(40) 2014 жыл
]]]]
Қарқаралы
]]]]
1
Қарқаралы, Қазылық,
Жатушы едің жазылып.
Жаз келіп қарды ескенде,
Баурыңа ел көшкенде,
Көштің жолы сүрлеу боп,
Қалушы еді қазылып.
Баурыңа мал толған тау,
Егізімнің сыңары,
Жатып қалған жас қозы
Жайылып қой болған тау.
Бірін сойса, той болар,
Қалған бірі балқаш боп,
Бағлан қозы қой болар.
Сайғағының терісі,
Бір өзі тонға бой болар.
Қарқаралы қайран тау,
Тиюші еді панаң тау.
Пайдасының белгісі:
Үйімде тұрған үлгісі:
Үлгісінің белгісі:
Шаңырағым, уығым,
Адал бақан, сырығым,
Ат ұстайтын құрығым.
Қазаныма қақпағым,
Желі, бір соғар тоқпағым.
Арба мен арыс белдігім,
Ел қыстауға келгенде,
Төрт түлік бірдей мал
сойып,
Тоғайыңның көрген
кеңдігін.
Ат жүре алмас аралдым,
Ішінде бұғы, маралдым.
Бұғы да марал жатқан
жер,
Мерген де таңдап атқан
жер.
Мерекеге батқан жер,
Артығын алып сатқан
жер.
Бай төбеті маңқылдап,
Байсал тауып үрген жер.
Балалы қаздай
майпаңдап,
Бəйбіше дəурен
сүрген жер.
Әкем бір күйеу
болған жер,
Шешем бір келін
болған жер.
Ақ бүркеншік салынып,
Ала берен киген тау.
Кетейін деп кетпедім,
Төңірегім толған жау.
Сайында қопа қамысым,
Тамам бір жұртқа
танысым.
Боранда малым ықпаған,
Үйімді дауыл жықпаған.
Шағыр бір, жусан,
изендім,
Сенен де кетіп күйзелдім.
Байлаулы атқа пішенім,
Матаулы атқа кісенім.
Ат арқандар қазығым,
Балаларға азығым.
Кетейін деп кетпедім,
Жаудан болды жазығың.
Он екі қазылық, он түнек,
Маңырап жатқан қой
түнек.
Есіл, Нұра-екі су,
Еңкейіп одан бетің жу!
Біріңде шекер, бірің бал,
Қай біріңді айтайын,
Бетеге, көде, жауылша,
Шулап тұрған бəрің мал.
Қош-есен бол, туған жер,
Кіндік, кірім жуған жер!
1820-1858
Күдеріқожа КөШЕКұЛЫ
Қарқаралы, Қазылық
Журналдың бұл саны Қарқаралы
қаласының 190 жылдығына арналады!
]]]]
Қарқаралы
]]]]
2
Қасиетті Қарқаралының
тарихына үңілсеңіз,
талай ғасырлардан өтіп,
қойнауы шежірелі мұраға
толы қазақтың тек-та-
мырына тереңінен бойлай
беретініңіз анық. Анығында
бұл киелі өлкенің жылнамасы
мыңжылдықтарға кете береді. Бұған уақыт
өткен сайын осы жердің тума топырағынан
табылып жатқан тарихи жəдігерлер дəлел.
Сондықтан бүгінде Қарқаралы қаласының ір-
гесі көтерілгеніне 190 жыл толу мерейто-
йында сол бай тарихымызды жаңғырта
отырып, кешегіні бүтіндеп, бүгінгіні тайға таңба басқандай
айшықтай беруіміз керек. Бұл үшін бізде тасқа басылған шежіре де,
əрдайым толығып келе жатқан жəдігерлеріміз де баршылық.
өткен өмір – халықтың айнымас тарихы. Осындай атаулы ме-
рейтойларда елді айрандай ұйытқан көсемдер, əділдіктен таймаған
шешендер, ел мен жерге қорған болған батырлар есіміне, олардың
ардақты рухтарына тағзым еткен лəзім. Сонымен қатар, бір заман-
дарда Ресей патшалығының қол астында болсақ та, ұлтты
ұйыстырып, елдіктің туын биікке көтерген марғасқаларымыз бен
майталмандарымыз болды. Сондай бірегей тұлғалар қай заманда
болсын «Арқаның сəукелесі» киелі мекен – Қарқаралы жерінен аз
шықпаған. Осы жердің қасиетті топырағы мен мөлдір ауасын жұтқан
талай қайраткер, ардагерлеріміз бар. Талай ғасырдан бері түтінін
түтетіп, ұрпақ тəрбиелеген, етегін қымтап, елдігін танытқан
ұлағатты халық бар.
Қарқаралы алғашқыда станица болып, кейін қала ретінде
орныға бастағанда да талай тарихи оқиғаларды бастан кешті.
Көптеген дүрбелеңнен өтіп, саяси дүмпулердің арасында болды.
Саяси жүйе өзгеріп, кеңестер билігі орнағаннан кейін де сол
уақыттағы жаңа уақыт лебімен алға баса берді. Экономикасы өсті,
мəдениеті дамыды. Жаңа ғимараттар салынып, сəулеті арта түсті.
Ашаршылық, қуғын-сүргін зұлматтарын да көргенін, елім деп
еңіреген аяулы ұлдарының қасапқа ілінгенін де жадымыздан
шығармауымыз керек. Кешегі сұрапыл соғыста да, алып мемлекет-
пен бірге тыныстаған Қарқаралы елі, жері жауды жеңуге белсене ат-
салысты. Осы жердің талай майдангері боздақ болып, қаншасы
батыр атанды.
Міне, сол Қарқарлыға биыл 190 жыл толып отыр. Екі ғасырға жуық
уақыт ішінде небір алмағайып заманды басынан кешті. Тағдырдың
қызығында, шыжығында татқан, ақ патшаның қасіретті саясатын
да басынан кешіріп, Ақпан, Қазан революцияларының да, Кеңес зама-
нында да талай зобалаң жылдардың куəгері болған Қарқаралы, енді
міне ғасырлар бойы аңсаған қазақ халқының тəуелсіздігі кезеңінде
өзінің 190 жылдығын қарсы алып отыр. Осы ортақ мерейтой құтты
болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Береке-бірлігіміз
бекем, тəуелсіз еліміздің тұғыры берік болсын.
Н
Н
ұрмұхамбет
ұрмұхамбет
ӘБДІБЕКОВ
ӘБДІБЕКОВ
Қарағанды облысының əкімі
Қарағанды облысының əкімі
МЕРЕЙТОЙ – ХАЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ
МЕРЕЙТОЙ – ХАЛЫҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ
]]]]
Қарқаралы
]]]]
3
Қарқаралы – ұлт зиялыларының шоғырланып,
қызмет еткен, Орталық Қазақстан өңірінің
барлық саяси оқиғаларының ордасы, ұлан
байтақ Сарыарқадағы тарихи, мəдени
шежірелердің мол қоймасы, табиғи көркіне көз
тоймайтын жер жаннаты.
Кезінде қазақ мемлекеттілігінің алғашқы қазығы
қағылған орталықтарының бірі болған, қазақ
өнерінің «Меккесі» аталған Қарқаралының
қасиетті жер екенін бүкіл Қазақ елі біледі.
Біз биыл атап өтейін деп отырған 190 жылдық
– ол Қарқаралының ресми түрде қала статусын
алғаннан бергі кезең. Ал тарихқа терең үңілсек,
Қарқаралының тарихы, Қарқаралы деген сөздің,
Қарқаралы деген жалпы ұғымның пайда бола
бастаған кезінен белгілі десек артық емес
шығар. Сайып келгенде, Қарқаралының тарихы
осы өңірде адамзат тіршілігі пайда болған кезден басталады деп
айтуымызға болады. Оған дəлел, «Суық Бұлақ» басындағы алғашқы адам
тұрағы, Кент тауларындағы үш мың жылға жуық тарихы бар атақты «Про-
тогород» қазбалары, Сақ дəуірі мəдениетінің куəсі Талды-2 орнынан
табылған Сарыарқаның «Алтын Адамы».
Қарқаралы өңірінің қасиетті топырағында қалың ел бірлігінің туын
көтерген қоғам қайраткерлері, жез таңдай шешендер, от ауызды орақ тілді
ақындар, аспандағы аққуға үн қосқан күміс көмей əншілер, қол бастаған ба-
тырлар, жұртшылықты ғажап өнерімен тəнті еткен табиғи талант иелері
дүниеге келген. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай,
«өткендердің қадірін білу, олардың арман-мүдделерін жалғастыру – адам-
гершілік парыз ғана емес, қоғамдық дамудың, ілгері басудың негізгі
алғышарттарының бірі», сондықтан біз, өткен тарихымызды ұлықтап,
қастерлеуіміз керек. Сол арқылы жас ұрпақты тəрбиелейміз.
Әрине, Қарқаралы көне тарихтан тамыр тартады. Бұл өңірден ежелгі
тайпалардың қоныстары, тасқа салынған таңбалар, орта ғасырлардан
қалған елдімекен орындары табылған. Қазба жұмыстары жалғаса берсе, бұл
тарихы қатпар-қатпар жердің берері аз болмайтыны анық. Қазірдің өзінде
Қарқаралы аумағында мемлекеттік қорғауға алынған 100-ден астам тарихи-
мəдени ескерткіштер бар. Бұл жайындағы деректер соңғы 300 жыл ішінде
жазылған көптеген жиһанкездердің еңбектерінен таба аламыз. Қарқаралы,
Балқантау-Қу, Темірші, Қызыларай өңірлерінде орта ғасырда осы жерді
мекен еткен түркі-қыпшақ дəуірінен қалған ескерткіштер сол бай да
мазмұнды тарихтан сыр айтады.
Туған жерімізге қатысты берідегі тарихта зерделеп қараған адамға көп
дерек айтатыны сөзсіз. 1897 жылғы санақ бойынша уезд құрамында 22
болыс, 31 мың түтін болып, 171 мың тұрғын мекендеген, Қарқаралы
қаласының өзінде 4451 адам өмір сүрген. Оның 63 пайызы қазақтар болған.
«Туған топырақтың тау-тасы – тынысың, торғайы – туысың», десек
Қарқаралының əрбір азаматы осы қасиетті мекенді көзінің қарашығындай
сақтап, əрбір тасы мен тауын, əр ағашы мен тоғайын, құсы мен аңын
қызғыштай қорып, келер ұрпаққа жеткізуге міндетті.
Енді, міне биыл, бүгінгі тəуелсіз қазақ елінің жетістіктеріне өзіндік үлес
қосып, келешекке нық қадам басып келе жатқан қасиетті Қарқаралы қаласы
ресми түрде 190 жылдық мерейтойын қарсы алуда. Осы айшықты мереке –
баршамызға ортақ дүбірлі той. Бұл атаулы күн өткенге салауат айтып, ке-
лешекке үміт артатын, елдіктің туын тұғырлы етіп, халқымыздың
көсегесін көгертетін күн. Осындай мерейтойлар жалғасын тауып,
халқымыздың мерейі үстем, абыройы айқын болсын дейміз. Қастерлі тари-
хымыз əлі талай ғасырларда халқымызбен қауышып, ұрпақтың үлгі тұтар
мұрасы бола бергей.
Х
Х
алел
алел
МАҚСұТОВ
МАҚСұТОВ
Қарқаралы ауданының əкімі
Қарқаралы ауданының əкімі
Арқаның жер шоқтығы
Арқаның жер шоқтығы
ҚАРҚАРАЛЫ
ҚАРҚАРАЛЫ
Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті, Ұлт
көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған биылғы дәстүрлі Жол-
дауы күллі қоғамдық-саяси өмірімізге жаңа серпіліс
әкелді. Осы аса маңызды саяси құжатта мемлекет
басшысы ел экономикасын өркендетудің өзекті мін-
деттерін алға тартты. Әлемдік өркениет
үрдісіне ұмтылған Қазақ елі қазір қарыштап дамып
келеді. Сүйікті Отанымыздың игілікті істері мен
өркенді өзгерістері баршамыздың нұрлы келешекке
деген сенімімізді нығайтып, үмітімізді ұштай түседі.
Қазақстан дүние жүзі қауымдастығында
тұрақтылығы тиянақты, бейбітшілігі баянды, береке-
бірлігі бақуатты мерейлі мемлекет. Ежелден елінің абыройын
асырып, ұлтының ұлылығын ұлықтаған даналар дәстүрі Елбасы саясатының
сындарлы бағыты, бұлжымас темірқазығы.
Бағзы замандардан бақ қарап, Қыдыр қонған жайсаң Жетісу мен көгілдір Көкше,
берекелі Баянауыл мен қасиеттті Қарқаралы, асқар Алтай мен асқақ Атырау,
сайын Сарыарқа кең пейіл Қазақтың құтты қонысы, өрісті өлкесі. Сылқым
сұлудың сыңғыр күлкісіндей сылдырап аққан Сыры мен Ілесі, Шуы мен Жайығы, Ер-
тісі мен Есілі қаймана халқымыздың асыл жауһарлары. Осы ұлан байтақ дархан
дала бекзада бабаларымыздың біздерге өмір бақи өшпес аманат етіп қалдырған
киелі Отаны.
Азаттықтың арайлы шуағына бөленген Арқаның алтын алқасы – Қарқаралы иісі
қазақ ұлысының ірі тарихи және мәдени орталығы. Сол Қарқаралыға биыл – 190
жыл. Ағаш уықты, киіз туырлықты қазақ баласының қара шаңырағы –
Қарқаралының іргетасы 1824 жылы қаланған еді. Содан бері екі ғасырдай уақыт
өтті. Талай дәуірдің дүлей дауылдарына төтеп берген мәрт мінезді Қарқаралы
халқының шежіресі ғасырлар тақтасына алтын әріптермен жазылып қалды.
Он тоғызыншы ғасырдың басында сонау Сыр бойында туып, Қарқаралы
топырағында дүниеден озған айтулы айтыскер ақын Күдеріқожа Көшекұлы:
«Қарқаралы – Қазылық, жатушы едің жазылып...Қарқаралы қайран тау, тиюші еді
пайдаң тау» деп тебірене термеледі. Қарқаралы Алаштың аймаңдай азаматтары
қызыққан киелі өлке. Қазақтың тұңғыш ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов осы
атырапта екі мәрте – 1855 және 1863 жылдары болды. Ол қызмет бабындағы бұл
сапарын халық ауыз әдебиетінің інжу-маржаны – ән-жырлармен танысуға арнады.
Шоқан мал шаруашылығы жөнінде көптеген қызықты деректер жинады. Оның
«Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны» деген бел-
гілі зерттеу еңбегі осы тақырыпқа арналған.
Орыс жазушысы М.М.Пришвин осы өлкеге 1909 жылы ат басын тіреді. Жақұттай
жайнаған жасыл алқапты көрген сәтін ол былайша толғана суреттейді: «Біз
жоғары өрлеген сайын әр шоқы жаңаша әсер етті. Жоғарғы жылтыр тастарға
қадалған қарағайлар. Биіктегі жартастар ну орманды екен, тау көлі күн көзімен
шағылысады». Табиғат-ананың көрікті келбетін қарымды қаламгер осылайша си-
паттайды.
Шалқар білімді Шоқанның сүйікті досы, белгілі саяхатшы – этнограф Г.Н.Пота-
нин осы өңірде болып алған әсері жайында орыстың Императорлық-географиялық
қоғамының Батыс-Сібір бөлімшесінде арнайы баяндама жасаған. Қарқаралы
Халел
Халел
МАҚСҰТОВ
МАҚСҰТОВ
Қарқаралы
Қарқаралы
ауданының әкімі
ауданының әкімі
Қарқаралы қаласына -190 жыл
АРҚАНЫң
АРҚАНЫң
АЛТЫН АЛҚАСЫ
АЛТЫН АЛҚАСЫ
]]]]
Қарқаралы
]]]]
4
үйезінің байырғы халқының білімге, орыс өнеріне деген ыстық ықыласына разы
болды. «Қазақ арасында ақындық өнер керемет дамыған, дала ақындар мен
жыршыларға бай екен» деп мәлімдеді.
Қазақтың мың әнін жинаумен тарихта тамаша із қалдырған белгілі музыка зерт-
теушісі А.В.Затаевич Қарқаралы атырабының құйма құлақ, көкірегі қазына жы-
рауларынан 154 әнді жазып алған. Атақты француз жазушысы Ромен Ролланға
жолдаған хатында Затаевич: «даланың әсемдігін, әсіресе, Қарқаралы даласының
сұлулығын мен өзімнің нашар французшаммен сізге жеткізуге батылым бармай
отыр» деп жазған болатын. Жиырмасыншы ғасырдың бастапқы тұсында қоғам
өмірінде елеулі серпілістер мен сілкіністер болды. Бұл айтулы оқиғалар Қарқаралы
өңіріне де қатты әсер етті. 1905 жылдың 15 қараша күні Қарқаралы қаласында
үлкен шеру өтті. Патша өкіметінің әділетсіздігіне қарсы шыққан халық үлкен
толқу туғызды. Қарқаралы үйезіндегі 22 болыстан келген 42 сауатты өкілге қол
қойдырылған атақты «Қарқаралы петициясы» жазылды. Бұл жеделхатта: «Қазақ
даласына қоныс аудару қозғалысы басталды. Ең шұрайлы жерлер сырттан кел-
гендерге бөлініп берілді, ең нашар жерлер қазақтарға тиді. Қазақтардың діни-ру-
хани істері тұрғысында көріп отырған астамшылықтарын санап айту қиын.
Халықтың рухани дамуына тосқауыл жасап, тек қана залал әкелді» деп ащы
ақиқатты жайып салды. «Көп қорқытады, терең батырады» дегендей «Қанды
жексенбіден» жүрегі шайлығып қалған Ресей империясының билеушілері
«Қарқаралы петициясының» кейбір талаптарымен санасуға еріксіз мәжбүр болды.
Қазақтардан Мемлекеттік Думаға депутат сайлауға рұқсат берді. Бірінші Думаға
Семей губерниясынан Қарқаралы үйезінің тумасы, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов
сайланды.
Қарқаралының текті топырағынан талай тарланбоздар мен дала данышпан-
дары түлеп ұшты. Туған халқының дарабоз даналығы мен кемел кемеңгерлігінің
айнасы, Қазақтың біртуар перзенті – Қаздауысты Қазыбек би бабамыз. Бала
биден дана би атанған көкірегінде көріпкелі бар кемеңгер аса бір қилы кезең,
дүрбелең дәуірдің шытырман оқиғаларын бастан кешті. Қазақ тарихында
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған қанды қырғын тұсында
«елден құт-береке қашпасын деп, жердің шетін жау баспасын деп» ата жұртын
көк найзаның ұшымен де, қызыл тілдің күшімен де қызғыштай қорғады.
Әйгілі күйші-сазгер, асқан дүлдүл домбырашы, аты аңызға айналған тұғырлы
тұлға – Тәттімбет Қазанғапұлы. Бал бармағынан қырық түрлі күй өрбіген
дәулескер домбырашы ұлттық өнер қазынасына мәңгі өлмейтін, ешқашан
көнермейтін мол рухани мұра қалдырды. Тұлпар талант Тәттімбеттің
«Сылқылдақ», «Көкейкесті», «Балбырауын», «Салқоңыр» сынды күйлерінің
сиқырлы сазы жанды тербеп, жүректі баурайды.
Тірлік пен бірліктің, қаһармандық пен елдіктің ұйытқысы болған, халықтың ба-
басына, халықтың данасына айналған парасат иесі - Құнанбай қажы Өскенбайұлы.
«Құнанбай Орта жүздің тұзы емес пе, жақсының артта қалған ізі емес пе?» деп
ақын жырлағандай дегдар бабамыз сөйлесе сөздің шешені, бастаса елдің көсемі
болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, «қарадан хан болған» асыл текті тақуа бабабыз
халқымызға имандылық нұрын шашты. Қажы атамыздың ұрпақтарына үлгі болар
қайырлы қамқорлығының белгісіндей Қарқаралының орталығында ғибадат
ғимараты – мешіт тұрғызылды. Ғазиз жанның салдырған сол Алла үйі бүгінде
нағыз имандылық ұясына айналды.
Қарқаралы – қазақтың Бас ақыны (А.Байтұрсынов), хакім Абайдың әрі нағашы, әрі
қайын жұрты. Ұлы ақын Қарқаралыны жанындай жақсы көрді. Әкесі Құнанбаймен
осы шаһарға сан мәрте келіп, от ауыз орақ тілді Балта мен Шөже сынды
шайырлардың шырын сөздерін, тамаша тәмсілдерін тамсана тыңдады. Абайдың
азаматтық, ақындық келбетін, адамгершілік кейпін шалқар шабытпен зерлеген
заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің атақты «Абай жолы»
роман-эпопеясында: «Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды.
Қазір қыс әбден түсіп, қар бекіп алған-ды. Құнанбай кішкене қаланың тап
ортасындағы көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл
татар саудагерінің үйі» деп ерекше ілтипатпен сүйсіне сипаттайды. Даңқты
қаламгердің әспеттеп айтқан көркем ғимаратының сыртында бүгінде «Бұл үйде
1850 жылдары Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы болған» деген ескерткіш тақта тұр.
«Атыңнан айналайын Қарқаралы» деп айдай әлемге әуелетіп ән шырқаған Мәдидің
майдақоңыр мақпал үні бүгінде Қарқаралының аспанын кернеп, жүректерді тер-
]]]]
Қарқаралы
]]]]
5
беп тұрғандай. Қарқаралының қыран тектес түлегі Мәди Бәпиұлы сегіз қырлы, бір
сырлы, шашасына шаң жұқпас талант. Ол Арғынның ақ серкесі атанған әйгілі Ал-
шынбай бидің немересі. Пәлесі мен жаласы, мұңы мен наласы қос өрім қамшыдай
қатар жүрген қатыгез заманда ғұмыр кешті. Тағдырдың тәлкегіне түсіп,
қиянатты көп көрді. Бар өмірі өксікпен өткен өжет ақынның көңіл шері өлең боп
өрілді: «Үшқара басың биік мұнар шалған, Сұмпиып өте шықты мына жалған. Тар
есік, тар босаға жаман екен, Ер едім ел ішінде сайран салған» деп дүниеде көрген
азабы мен мазағына қатты күйінді. Мәди – сырбаз сазгер. Мәди – ән құдыреті.
«Үшқара», «Қарқаралы, «Қаракесек», «Шіркін-ай» әндері қазақ өнерінің аспанында
мәңгі жарқыраған жұлдыздар. Ән дауылпазы әйгілі Әміре Қашаубаев Мәди әндерін
Мәскеу мен Париж сахналарының төрінде әуелете шырқады.
Ұлтының қамын ойлап, қабырғасы қайысқан қажырлы қайраткерлер
Қарқаралының қадір тұтар аса ардақты перзенттері. Сонау зұлмат заманның
сұрқай саясатына атойлап қарсы шыққан жолбарыс жүректі, арыстан білекті
қайсар жандардың есімдерін елі ешқашан ұмытпақ емес. Кезінде патша үкіметін
қатты әбігерге салған атақты «Қарқаралы петициясы» құжатының мәтінін
дайындаған, көпшілікке қол қойдырып, жоғарғы жаққа жіберуді ұйымдастырғандар
– айбынды Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов,
қазақтың тұңғыш жоғары білімді заңгері Жақып Ақбаев еді.
Тектінің тұяғы, сом алтынның сынығы Әлихан Бөкейханов – жарты әлемді
жаулаған Шыңғысханның жиырма екінші ұрпағы. Талабы таудай тастүлек талант
Әлекең тоғыз тілде еркін сөйлеп, сауатты жаза білетін асқан білімпаз еді. Кезінде
кадет партиясының тілі «Омичь» газетінде редакторлық қызмет атқарған-ды.
Орыстың ойшыл жазушысы Лев Толстойдың «Қажымұрат» хикаятын сүйсіне
оқып, оны қазақ тіліне аударуды қолға алды. Қазақтың ақыл-ой алыбы Абай ту-
ралы бірінші болып ғылыми-зертеу еңбегін жазған да Әлекең еді. Мол білім, биік
парасат иесі Ә.Бөкейхановты Мәскеудің, Санкт-Петербургтың зиялы қауым
өкілдері қатты қадірлейтін. Солардың қолдауымен 1926 жылы Ғылым
академиясының одақтас және автономиялы республикаларды зерттеу жөніндегі
Қазақстан бойынша тұрақты сарапшы қызметіне тағайындалды. Ленинград
университетінің профессоры болды.
Отызыншы жылдардың қуғын-сүргін нәубетіне ұлт жанашыры, Алашорда
үкіметінің белсенді мүшесі, Берікқара болысының аймаңдай азаматы Жақып
Ақбаев та іліккен еді. Бозбала шағынан білімін тереңдетуге құлшыныс жасаған
Жақаң түрлі ғылыми кітаптарды, Пушкиннің, Белинскийдің, Чернышевскийдің
шығармаларын құныға оқыды. Азаттық арманы бойын билеген жас жігіт патша
үкіметінің көп мөлшердегі алым-салығы қазақтарға ауыр тиетінін айтып, орыс
газеттеріне өткір мақалалар жариялады. Осы көзқарасы үшін ұлтжанды азамат
абақтыда азапталды, тірідей тамұққа түсті. Қайраткерлік қуаты бойында
булыққан күйі өмірден өтті.
Қазақ халқының бақыты жолында күрескен арда ұлдарының бірі – Нығмет
Нұрмақов. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын туған халқының азаттығына арнады.
Алғадай азаматтың саяси сұңғылалығы, қайсарлығы мен қайраткерлігі Омбы
оқытушылар семинариясында бірден көзге түсті. Ойға кемел, тілге жүйрік, зерек
те зейінді жас, атақты қоғам қайраткері, ақын әрі жазушы Сәкен Сейфуллинмен
өмір бойы ажырамас достықта болды. Омбы қазақ жастарының «Бірлік» атты
жасырын ұйымының ұйытқысы да, ұйымдастырушысы да Нығмет пен Сәкен еді.
Қос қайраткер осы ұйымның жарғысын, ережесін жазып,көпшіліктің талқысына
ұсынды. Табиғатынан теңіздей тепсінген талантты Нығмет биліктің биік мін-
берінде болды. Семей губерниялық соғыс комитетінің жауапты хатшысы,
Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшесі, республика Жоғары
революциялық трибуналының тұңғыш бастығы, Қазақстан Жоғары сотының
алғашқы төрағасы, бірінші заң комиссары әрі республика прокуроры. Қазақстан
үкіметін 5 жыл басқарған Нығмет Нұрмақов ел экономикасы мен мәдениетін
дамытуға айтарлықтай сүбелі үлес қосты. 1912 жылы Семей гимназиясын алтын
медальмен бітірген орыс ғалымы Г.Н.Потаниннің аудармашысы, математика
ғылымының бесаспап білгір Әлімхан Ермеков Қарқаралының тумасы.
Ә.Ермековтың тарихи зор еңбегінің бірі – Бүкілодақтық Халық Комиссрлар
кеңесінде Қазақ автономиясы шекарасының біртұтастығын қорғау еді. Кеңес
мәжілісінің төрағасы, Коммунистік партияның көсемі В.И.Лениннің ызғарынан да,
ызбарынан да қаймықпаған қайсар Ә.Ермеков сол жиында қазақ жерінің
]]]]
Қарқаралы
]]]]
6
]]]]
Қарқаралы
]]]]
7
тұтастығын асқан ерлікпен қорғап қалды. Бес тілде еркін сөйлейтін Ермековтың
батылдығына риза болған Ақаң (Ахмет Байтұрсынов) : «Біздің Ермековпен сөз та-
ластыратын орыстан да бір ұл туған екен» депті Ленинді меңзеп. Ұлт мүддесін
қорғауда Әлімхан Ермеков жанын жалдап, қара нардай қайыспас қайсарлық
көрсетті. Қазағы үшін сау басын саудаға салып, арыстанның аузына,
зымыстанның түбіне баруға даяр еді. Шыбын жанын шүберекке түйген тегеурінді
тұлға ұлт бірлігін, ұлт жасампаздығын қорғап жалынды сөздер сөйледі. 1930
жылғы 30 мамырдағы өлкелік партия конференциясында Ә.Ермеков: "Жасырып
қажет емес, саяси қылмыскерлердің салт-сана жолындағы қателіктері дерт
тәрізді, аяғы саяси қылмыстарға әкеліп соқтырады. Қоғамдық тартыста
олардың шығатын арналары да табылмай қоймайды. Мысалы: Қазақстандағы
үлкен түйіннің бірі – жер мәселесін шешу болса, менің ұлтшылдығым осы мәселені
шешудегі істерімде анық көрінеді" деп өз ойын бүгежектемей батыл білдірді. Дәл
осы өткір пікірі үшін Әлекең түрмеге де қамалды, азаптың ауыр қамытын киді.
Бірақ қиындықтан қаймығып бой тасаламады. Алаш арыстарының арасында ең
ұзақ жасаған, қиянат пен қатыгездікті де көп көрген Ә. Ермеков 1971 жылы
дүниеден озды.
Қарқаралы достыққа пейілі кең, бауырмалдыққа мейірімі мол құтты мекен. Өзге
ұлт өкілдерін туғанындай көріп, бауырына басты. Мұның жарқын көрінісін қазақ
жерінің Ресей бодандығына өткеннен кейінгі жағдайдан анық көруге болады. Сол
тұста Қарқаралы Орта жүздегі алғашқы сыртқы округтердің бірінің кіндігіне ай-
налды. Қалаға таяу жерде Варнава Ботовтың атақты Қоянды жәрмеңкесі
ашылды. Түндік өзені бойында орыс кәсіпкері Степан Иванович Поповтың қазақ
даласындағы тұңғыш металлургия зауыты орын тепті. Орыс кәсіпкерлері
арқылы Сарыарқаға сауда капиталы келді. Ел ішінде жаңа кәсіп түрлері пайда
болды. Соған орай көшпелі халық бірте-бірте отырықшы тұрмысқа бейімделді.
1856 жылы Қарқаралы уезіне Қазақстанға жер аударылған белгілі поляк револю-
ционері Адольф Янушкевич келіп, елдің көптеген жерлерін аралады. Тәттімбеттің
үйінде төрт күн қонақ болды. Құнанбай қажының ауылына барды, болашақ ұлы
ақын Абайды көрді. Балқаш бойын аралады. Саяхатшы өз күнделігінде көрген-біл-
гендерін, көңілге түйгендерін қағазға түсірді. Янушкевичтің бұл жазбалары «Қазақ
даласына саяхаттан күнделік және хаттар» деп аталады. Орыс жазушысы Ми-
хаил Пришвин сайын Сарыарқаны емін-еркін шарлады. Қарқаралы үйезінде бір
айдай уақыт жүрді. Ол осы сапарында Қарқаралы, Қу, Кент, Қызыларай
тауларының қойнау-қойнауын сүзді. Өлке табиғатын тамашалады, жақпар
тастарға қолтаңбасын қалдырды. Ел аузындағы әңгімелерге де құлақ түрді.
Атақты «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының ескі нұсқасын жазып алды. Михаил
Михаиловичті, әсіресе Бұғылының басындағы Шайтанкөл жөніндегі әңгіме
айырықша қызықтырды. Өзі сиқырлы көл жағасында тамыздың жиырма тоғыз
күні болған еді. Келесі жылы «Русские ведомости» газетіне «Шайтанкөлде» (У Чер-
това озера) атты көлемді мақала жазды.
«Қазақстанның Швейцариясы» атанған Қарқаралының бітімі мен жаратылысы
белгілі табиғат суретшісі, орыс жазушысы Максим Дмитриевич Зверевті де
таңғалдырды. Ол Балқаш бойында ақырғы жолбарыстың қалай ұсталғанын
әңгімелейді. Бұл жақта қандай аңдардың болғанын тәптіштеп баяндайды. Ұзақ
жылдар Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтында инженер болған, өлке
зерттеушісі Юрий Поповты қарқаралылықтар өз тумасындай көреді. Өйткені, ол
бұл өңірдің ойы мен қырын, тау-тасын, жануарлар дүниесін, өсімдіктер әлемін,
атақты адамдарын бес саусағындай біледі. Оның Қарқаралы туралы бірнеше кі-
таптары жарық көрді. Қазір белгілі өлкетанушы Ресейдің Санкт-Петербург
қаласында тұрады.
Кезінде Мәди мәпелеп, Мәди ардақтаған қазыналы Қарқаралының даңқы дүйім
дүниеге жайылды. Ғасырлар шеруінде көнекөз Қарқаралының өмірінде талай-
талай айшықты оқиғалар болды. Солардың бірі және бірегейі - қазақ халқының
жұлдызын жарқыратып, абыройын асқақтатқан атақты Қоянды жәрмеңкесі. Ән
мен күйдің, ұлттық өнердің ұлы думанына айналған жәрмеңке шын мәнінде ұлан
асыр шаттық мерекесі болды. «Базарың құтты болсын ардақты елім, Қоянды ту
көтерген думан жерім. Қарқаралы, сұлу Көкше жер шоқтығы, Сарыарқа - алтын
асу, асқар белім» деп үкілі домбырасын бебеулетіп жәрмеңке шымылдығын ашқан
Арқаның ақтаңгер ақыны, ел еркесі Біржан сал еді. Бір шеті сонау қиыр Қытай мен
алыс Үндістаннан, Иран мен Түркиядан ағылған сауда керуені жыл сайын Арқа төсін
бір ай бойы толассыз қызық думанға бөледі. Шалқыған ән, күмбірлеген күй, мың
бұралған би халықтың көңілін көтеріп, шексіз қуаныш сыйлады. Ұлттық
өнеріміздің сайыпқыран саңлақтары әйгілі Әміре Қашаубаев, қырмызыдай
құлпырған Қали Байжанов, ғибратты Ғаббас Айтбаев, майда үнді Майра
Уәлиқызы, дархан дарын Қалибек Қуанышбаевтардың табиғи таза талантына
жұрт сүйсініп, қызу қошемет көрсетті. Арқалы жырдың арғымағы, ағынды ақын
Иса Байзақов жыр нөсерін төпелеп, сиқырлы сөзді сандуғаштай сайратты. Алпа-
мыстай аруақты, Қобыландыдай қуатты, Ер Тарғындай ерен, алып күштің атасы
- Қажымұқанның қайталанбас өнеріне халық таң-тамаша болды.
Арқа атырабында 82 жыл сайран салған Қоянды жәрмеңкесі нағыз ән базарына,
ғажайып өнер додасына айналды. Ұлттың рухын, қазақтың мәртебесін заңғар би-
ікке көтерген жәрмеңке ел тарихының есте қалар ерекше белестерінің бірі.
Қарқаралының текті топырағы талай тарланбоздарды тәрбиелеп, өмір айды-
нына қанат қақтырды. Он жеті жасында найзағайдай жарқылдап жоңғарларды
жайратқан, он тоғызында орда бұзып жаудың сорын қайнатқан Шор ұрпағы Матақ
батыр, Абылай ханның сардары болған кемеңгер Қазыбектің ардағы болған,
дұшпанына қара бұлттай түйілген, мұзбалақтай шүйілген сұсы суық Сеңкібай
әулие, оспадар заманның ығына жығылмай, жадау халқының жанына жалау, үмітіне
демеу болған, жасампаздығымен жарқыраған жампоздар Угар (Мұқатай) Жәнібеков
пен Мұхаммедқали Тәтімов, ұлы Абайдан кейін қазақ көркемсөзіне даңғыл жол
салған, «өртке тиген дауылдай өлеңіне» жалпақ жұрты тамсанған дүлей дарын,
дауылпаз ақын Қасым Аманжолов, жайсаң жырдың жүйрігі Жаппар Өмірбеков,
қабырғалы қаламгер Қапан Сатыбалдин, сындарлы сөзден сыр суыртпақтаған
Әлжаппар Әбішев, өндіріс тақырыбына өндірте жазған Әмен Әзиев, ән дүлдүлі, ән
бұлбұлы аққу үнді Жүсіпбек Елебеков, ғұлама данамыз, әз бабамыз Әл-Фараби
мұраларын зерделей зерттеп, туған халқына тұңғыш табыстырған жазушы-
ұстаз Ақжан Әл-Машани, сахна төрінде талай тамаша кейіпкерді сомдаған тума
талант Шолпан Жандарбекова, қазір жасы жүзге жақындаған кейуана, өнер тар-
ланы Хабиба Елебекова, тасқынды жырдың телегей теңізі халық ақыны Ғабдиман
Игенсартов, уытты тілдің усойқысы, сатира сарбазы Әбжан Омарбаев,Ұлы Отан
соғысының ардагері, қос тілде көсіліп жазып, көсем сөйлейтін жалынды журналист
Шаймаран Мезгілбаев, танымдық, тағылымдық маңызы зор «Қарқаралы» журна-
лын ұйымдастырушы, әрі бірінші редакторы, ғалым, аудармашы, облыстық
«Орталық Қазақстан» газетін біраз жылдар басқарған Рамазан Сағымбеков,
мәдени қызметтің майталманы әрі білгірі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Атығай Шанин секілді саңлақтарымыз осы өлкеміздің дара, дана тумалары.
Адамзат тарихындағы теңдессіз сұрапыл соғыстың от жалынына оранып, От-
анын қорғауға қасық қаны қалғанша қайыспай күрескен ерлеріміздің есімдері ел
есінде. Қарқаралы топырағында түлеп, қазыналы Қарағандыда қанаты қатайған,
Орынборда топшысы бекіген, қазақ қыраны – Нұркен Әбдіров. Қан майданға ат-
танар алдында асыл анасы Бағжанның ақ батасын алған сұңқар тектес сым-
батты ұлан ұрыс даласында қас дұшпанның 12 танкісін, 28 автокөлігін, 18 жүк
машинасын, 50 жауынгерін жайратып салды. «Мәңгілік өмір жырын» бастап, жауға
жасындай құлдилаған Нұркен сонда бар болғаны жиырма үш-ақ жаста еді. Сұлу
табиғаты пенде баласын тамсандырған Қарқаралы ерлік пен батырлықты шар
болаттай шыңдаған шынайы тәрбие ордасы болды. Ерлік мектебінде әбден пісіп-
қатқан жаужүрек батыр – Мартбек Мамыраев. 1942 жылдың мамыр айында
майданға аттанды, анау-мынау емес, өмір мен өлім кескілескен қияметтей қиын
Сталинград шайқасына араласты. Жап-жас балаң жігіт атқыштар полкінің пуле-
метшілер взводын басқарды. Украин жерін басқыншылардан азат етудегі
жанқиярлық ерлігі үшін Мартбек Мамыраевқа Кеңес Одағының Батыры атағы бе-
рілді. Елге жеңіспен оралған батыр ағамыз бейбіт еңбекке құлшына кірісті. Жеті
жыл бойы Қарағанды қаласында Ленин аудандық партия комитетінің бірінші
хатшы қызметін атқарды. Оның 30 жылдай ғұмыры Бардин атындағы қара ме-
таллургия институтының Қарағандыдағы қазақ филиалымен тығыз байланы-
сты. Әйгілі ғалым Евней Бөкетовпен бірге жұмыс істеді, көптеген ғылыми
жаңалықтардың өндіріске енгізілуіне жол ашты.
Адамзатқа ауыр қайғы әкелген алапат соғыс басталғанда Расул Есетов бар
болғаны он жетіге енді ғана толған бозбала еді. Жастық жалын мен намыс биле-
ген қайсар жігіт кәмелетке толмаса да өз еркімен сұранып майданға аттанды.
Сұрапыл шайқас қатты жүріп жатқан Ужгород түбінен бір-ақ шықты. Сол Ужго-
род маңындағы төбе басына дзот құрып алған фашистер бас көтертпей қойды.
]]]]
Қарқаралы
]]]]
8
]]]]
Қарқаралы
]]]]
9
Жанындағы жолдастарымен ілгері жылжыған жауынгер Есетов есебін тауып
дзотты отқа орады. Одан қашып шыққан 46 фашисті тұтқындап, әскери
құрамаға әкеп тапсырды. Осы ересен ерлігі үшін Расул Есетовке Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысына Қарқаралыдан 2300 жауынгер ат-
танды. Он екіде бір гүлі ашылмаған боздақтардың басым көпшілігі туған ошағына
оралмады. Отан үшін қанқасап қырғында шейіт болғандардың рухына бүгінгі ұрпақ
үнемі тағзым етіп, ерлік істерін үлгі тұтады.
Мұзбалақ қыран шынарлы шыңды мекендейді, ұлт ұланы соған ілесіп жетем дейді.
Алты Алаштың алақанына салып аялайтын айбоз азаматы, халқымыздың
қыраны да, ұланы да қазақтың тұңғыш ғарышкері - Тоқтар Әубәкіров. Жер
әлемдегі санаулы, таңдаулы ұшқыш-сынақшы, ХХ ғасыр адамы, техника
ғылымдарының докторы, профессор, КСРО батыры, Қазақстанның Халық
Қаһарманы. Кеңес Одағының батыры атағына екі мәрте ие болған атақты
ұшқыш Талғат Бигелдиновтың ақ батасын алған Тоқтар Әубәкіров ғарыш әлемін
шарлап, қалың қазақтың абыройы мен даңқын төрткүл дүниеге паш етті.
Дәулетіне сәулеті сай, қойнауы қисапсыз қазынаға бай, қабырғалы ел, қасиетті
жер – Қарқаралы Сарыарқаның алтын тәжі, алып бәйтерегі. Абыройы Алатау-
дай аймағымызға алты алаш сүйсініп, түркі әулетінің текті тұяғы - қазақ ба-
ласы мейіріммен қарайды. Қарқаралы қазақтың мақтанышы, Қарқаралы - елдің
айбынын асырып, даңқын жер-әлемге жайған ұлттың ұлы мерейі. Бүгінде
Қарқаралы үш жарым миллионнан астам жерді алып жатқан ұлан байтақ іргелі
ел. Осы аймаққа Бельгия немесе Нидерланды мемлекеттері тұтасымен сыйып
кетеді екен. Ал ауданның қазіргі жер көлемі Израиль мемлекетінен үш жарым есе
үлкен. Әлімсақтан елдің ырысын жері, мерейін ері үстейтіні белгілі. Қарқаралының
елдік пен ерлік тарихы түгесілмес түпсіз теңіздей... Әлбетте ұлылардың үлгісі,
жақсылардың ғибраты жас ұрпақты ел мен жердің қадір-қасиетін бағалауға,
туған Отанын шексіз сүюге баулиды. Уақыт озған сайын жақсылар мен
жайсаңдардың шарапатын, олардың ардақты есімдерін елі ерекше ілтипатпен
атайды. Сол абырой арқалаған арда азаматтарды шынайы құрметпен атау зор
ғанибет! Ақындығы мен жазушылығы жарасқан белгілі көсемсөз шебері Сапарғали
Ләмбековтің күй күмбезі Тәттімбет, әйгілі қоғам және мемлекет қайраткері
Нығмет Нұрмақов туралы толғамды туындыларын осы өлкенің тұтас
дәуірнамасы деп бағалау орынды болмақ. Қазақстан Журналистер Одағы
сыйлығының иегері, танымал талантты журналист Мақсым Омарбековтің
очерктері мен мақалалары, әдеби көркем шығармалары осы аймақтың
тағылымды шежіресі. Қазіргі қазақ поэзиясында жанартаудай жалындаған жа-
сампаз, ақберен ақын Серік Ақсұңқарұлы Шайтанкөлді әуелетіп әнге, Қарқаралыны
асқақтатып жырға қосты. Қазақ зиялыларының бүгінгі үркердей шоғырында орыс,
ағылшын, словак тілдерін еркін меңгерген білімді жазушы, білікті пәлсапашы Дидар
Амантай осы өңірдің аса дарынды перзенті. Спорт саңлақтарының санатында
әлем чемпионының алтын тәжін киген тұңғыш қазақ Серік Елеуов. Егіздің сыңары
Берік Елеуов Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің ішінен шыққан нағыз хас
жүйрік. Қарқаралының еліне ерен еңбек сіңіріп, абырой арқалаған азаматтары,
ғылым докторлары Бақия Атшабаров, Алшынбай Рақышев, Серғазы Әдекенов
біздің мақтанышымыз.
Қасиетті Қарқаралы кезінде білімнің кәусар бұлағы, имандылықтың бал шырын
ұясы болды. Шежіреге ден қойсақ, Қазан төңкерісі тұсында Қарқаралыда күллі
мұсылман қауымының Бас кітабы киелі Құран-Кәрімді жатқа айтқан 11 мәзін (қари)
болған екен.
Жүрдек уақыт сіздер мен біздерге жаңа ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етуге
бұйырып отыр. Демек, елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы үшін білек сыбанып, бел-
сенді жұмыс атқару аса жауапты әрі құрметті іс. Әсілі, көздеген мақсатқа, діт-
теген межеге жету ең алдымен тас түйін тұтастыққа, бекем бірлікке тікелей
байланысты. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп данышпан Абай
өсиет қылғанындай, ынтымағымыз жарасса іргеміз бүтін, табысымыз толағай,
жүзіміз жарқын, мерейіміз үстем, көңіліміз жайдары болмақ.
«Тойсаң тоба қыл» дейді дана халқымыз. Қазір шүкір, әл-ауқатымыз жақсарды.
Тұрмыс түзелді. Ел еңсесі көтерілді. Табысымыз молайып, дастарханымызға бе-
реке үйірілді. Мұның бәрі мемлекетіміздің нақты қамқорлығының арқасы,
Елбасымыздың сұңғыла саясатының жемісі. «Атқарылған іс аз емес, бірге
жалғастырайық!» деген Президентіміздің парасатты пікірі баршамызды жұмыла
жұмыс істеуге меңзеп тұр.
Қарқаралының шөбі
шүйгін, суы мол, орманы
қалың, түнде жайылған
жылқы алысқа ұзамай,
жусап жата беретін
құйқалы жер.
Төңірегі қу медиен дала.
Құдай сөйтіп жаратыпты.
Іргесінде Мәдидің
Үшқарасы, кейінгі уақ гео-
логтар суырдың ініндей –
түрткілеп, шұқылап –
тесіп тастаған Кент тау-
лары бар.
Аты аңызға айналған
Шайтанкөл де – сонда,
Қарқаралыда.
Елге асыққан жаңа авто-
мобиль асфальт жолда
ұзақ жүріп, алғашқы
қарқынын сәл
азайтқанда, тағы бір шоқыдан соң, шы-
райланып Шаңкөз, маңдайы жарқырап
Жиренсақал, елеңдеп Жетіқарақшы,
қуанып Ақтерек қарсы алдыңнан
көрінеді. Сол кезде: “Қарқаралы, мен
саған қайта айналып келе жатырмын”, –
деп күбірлеп сөйлеп кетесің.
Қарқаралы үнсіз тұрады. Танауыңды
қышқылтым дәмді, майы бетіне
қалқыған қымыздың жұпар иісі қытықтап
бара жатады. Адасып, қайдан
қаңғалақтап келгені белгісіз, кеңсірігіңді
– жарады. Бір жақтан келіп жатқан
қымыз иісі жоқ, елтітіп, желіктірген, елік-
тіріп, желпіндірген – кешегі балалық
шақтың елесімен жадыңа қайта түсіп
жатқан сол таныс иістер. Тобылғы иісті
қымыз, кәдімгі тобылғы ше, жылдамдата
жүрсең, қаудырап етегіңді ілетін. Таңсық
болып кетіпсің, тобылғы иіс.
Көп нәрсені есіме түсіріп жатырсың,
Қарқаралы. Мәди деші, Арқаның аспа-
нында шарықтаған Мәдидің асқақ,
қайсар әнін шырқашы, қайран зор дауыс
сенің биік жартас, қойнау-қолат, тік
шатқалыңа қонақтап, мәңгілік қамалып
қалған шығар, шығарып жіберші, әуелеп
жоғары кетсінші, есіне салшы
мыналардың, қазақ жері деген қастерлі
ұғымның қанымыз бен терімізге
суарылғанын жеткізші, айбынды менің
Қар-қаралым.
Халқың жүдеу екен. Не болды, не көрінді,
қазақ оязға жарымай қойдың ғой,
қазағың атын қаңтарып қойыпты, қайдан
келдің, түнгі жортуылдан ба, айналысып
жүргенің ұрлық емес пе, кешегі қасиет
қайда, әйелдің ары қайда, еркектің на-
мысы қайда, атаның абыздығы қайда,
кішінің қарыздығы қайда?
Қайда кеткен бәрі. Ұшты-күйлі жоқ,
ертең қа-зақстандық
Қарқаралы боласың,
қазақстандық қазақ
атанасың, қазақстандық
Бұқар жырау деуге
көшеміз, сонда сонау
жылдары оң қолтықтан
аю қысқанда, екінші
бүйіріңе жолбарыс
қонғанда, қарақұсқа
түркінің бір тармағы
жебе тартқанда, сол
ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама жыл-
дары қай қазақстандық
қасыңнан табылыпты,
үш жүздің қазағы болып
көтерілмеп пе едің.
Солай болса, қазақ жері
деп айтуға неге
қаймығасың, қарға та-
мырлы данагөйім.
Ұрлыққа көшіпсің. Қазан-ошақ
басындағы жеңгеміз Бұқар жырау
даңғылына қашан ауысқан, Қарағанды
шаһары қай кезде қазақтың көсегесін
көгертіп еді, көп болса, бір-екі жыл сан-
далады да, жетектеген баласын қолына
алып, жылап-еңіреп аптал азаматын
ғарышқа ұшырған қараша ауылына
қайыра қайтар.
Ауыл иесіз, ағаның қайда тентіреп кет-
кенін көктегі Тәңір білмесе, төмендегі мен
білмеймін. Әженің кебежесін отқа
жағыпсың, саған бұл сұмдықты жасатып
отырған кім?
Ағам ез болып шықты. Ауылды сақтай
алмады, жиендерім босып кетіпті,
нағашы жұрттың орнында – қоқсыған
ошақ-ошақ күл-қоқыс, кезінде әкеме
көлігін омыраулатып, киіп-жарып,
әкіреңдеп қоймайтын коммунист-дирек-
тор қайда, жиырма жылда жегені аз
болғандай, ауыл ырзығының біразын
меншіктеп алған ба, менің немере інімнің
аузынан жырып әкеткен сол бір уыс би-
дайдан жонына шыр бітсе, ала берсін,
мейлі, бесікте біреуі өсіп келе жатыр,
бесігіңді түзеп ұста, жеңгей, бас жағына
қанжарды немесе қайшыны қой, жын-
шайтан жоламасын, бесікке көсеуді
қыздырып бас, олар түтіннен де қорқады.
Қорықсын жын-шайтандар. Барлық
жақсылық осы жас алашпен келсін. Ез
болған әкесіне тартпасын, қалада қалып,
туғанын ұмыта бастаған мәңгүрт ағасына
тартпасын.
Бас жағына, қанжарға қатарластыра
Мәдидің өлең-дерін тастай салшы. Кім
біледі, бұл ұрпақ әлі де болса бір нәрсеге
үлгерер.
Алматы, 20.09.1996
]]]]
Қарқаралы
]]]]
10
Достарыңызбен бөлісу: |