1.«Квалиметрия», Педагогикалық квалиметрия» ұғымдарының мәні
2. Квалиметриялық теориялар
“Квалиметрия” жалпы 1960 жылдың ортасына қарай қолданысқа енді. Кейін 1968 жылдан бастап профессор А.В. Гличевтың бастауымен сапаны бағалаудың ұқсастық əдісінің жалпы əдістемелік негізі қаланды жəне оның теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол берілді.
Квалиметрия (латынша qualitas – «қандай, сапасы қандай», metreo – «өлшеу») – өнімнің адам қызметі үдерістерінің сапасын, өнім сапасын басқару мен стандарттауда қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым саласы.
Квалиметрия ғылым ретінде жалпы дәреже мен өлшеу және бағалау әдістері мен құралдармен ажыратылатын өзара байланысқан теория жүйесі түрінде көрінеді. Мұндай теорияға жататындар: жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия, пәндік квалиметрия.
Педагогикаға келтірсек, сөз оқушының білім сапасы, тексеру әдісі туралы болады. «Квалиметрия жалпы өлшем теориясы. Педагогикада бұл бағыт 1970 жылдарда қалыптаса бастап, өлшеу нысанының ерекшелігіне орай педагогикалық квалиметрия деп аталды».
Квалиметрия — әртүрлі нысандардың (зат, құбылыс, процесс) сапасын бағалаушы және сипаттау әдіснамасын зерттеуші ғылыми білім саласы.
Педагогикалық квалиметрия- психологиялық-педагогикалық және дидактикалық нысандарды бағалайды
Педагогикалық квалиметрияның объектісі білім беру саласының мазмұндық, процедуралық-іс-әрекеттік және критериалды-бағалау туралы идеялардың бірлігі болып табылады
Педагогикалық квалиметрия пәні - білім берудегі бағалау іс-әрекетінің әдіснамалық негіздері, осы іс-әрекеттің заңдылықтары мен принциптері, категориялық аппараты, жеке бағалау әдістемелері, интегративті бағалау технологиялары
Педагогикалық квалиметрияның негізгі міндеті — негізгі педагогикалық сипаттамаларды, оның ішінде оқушы білімінің сапасын өлшеу әдісін құру. Яғни квалиметрияның басты міндеті — білім алушының білімін тез және сенімді бағалау
Педагогикалық квалиметрияның негізгі компоненттері: бақылау (бағалау, бағалау-белгі), бағалау шкалалары (сандық және реттік).
Бақылау (Оқыту нәтижелері) — бастапқы оқытуға арналған ақпарат көзі, оқуды, жағымды мотивацияны ынталандыру, категориялық, проблемалық, зерттеу, ретроспективті болып бөлінетін педагогикалық болжау құралы.
Білім алушыларды олардың дербес жетістіктерінің тиісті негізгі білім беру бағдарламасының кезең-кезеңімен қойылатын талаптарына сәйкестігін аттестаттау үшін (үлгерімді ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау) білімді, іскерлікті және алынған құзыреттер деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін үлгілік тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын, тесттер мен бақылау әдістерін қамтитын бағалау құралдарының қорлары құрылады.
Оқушылар білімінің сапасы оны құраушы әртүрлі параметрлердің кешенді сипаттамасы ретінде қарастырылады. Өлшеу жеке қасиеттер бойынша да олардың жиынтығы бойынша да, яғни кешенді немесе дара әдістерді қолдану арқылы жүреді.
Квалиметриялық тәсіл педагогикалық өлшемдер түсінігіне де өзінің мазмұндық сипатын енгізеді. Квалиметрияда екі термин өлшеу мен баға қолданылады. Сандық баға эталонға қатысты алғанда қаралып отырған өнімнің кейбір пайызбен есептелген қатынас функциясы.
Оның қандай аралықта өзгеріп қаншалықты шамаға жететінін, қандай жағдайда оқушы біліміне сай баға алатынын көрсету қиындық туғызады. Өлшеу құралдарын әзірлеу үшін оның сенімділік дәрежесіне, сәйкестілігіне көңіл аудару қажет, өлшегіш құрал оқушының қай пәнді қалай меңгергенін объективті бағалауға мүмкіндік беруі керек
Педагогикалық квалиметрия міндеттерін шешкенде ең күрделі міндет эталонды анықтау, яғни оқушы білімі сапасын немен салыстыру керектігін табу