Қарастырылатын сұрақтар


ЭК құрылымдық объектілері



бет3/8
Дата16.12.2022
өлшемі36,81 Kb.
#57724
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
иоә жоба уорд

ЭК құрылымдық объектілері. Электрондық кесте – 3 өлшемді құрылым болып табылады. Оның негізгі объектілері: ұяшық, парақ, жұмыс кітабы. Мұғалімнің міндеті оқушыларды электрондық кестенің осы объектілерімен жұмыс жасауға үйрету, білімдерін бекіту, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Ұяшық – кестенің жеке элементі, бағана мен жолдың қиылысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, ол бағана атауы мен жол нөмірі. Мысалы: A1, B7, C12, BK43, AB356 және т.с.с. Ағымды ұяшықтың адресі (координаталары) формулалар жолының сол жағындағы терезеде пайда болып отырады. Бір ұяшықтан екінші ұяшыққа өту үшін меңзерді басқару пернелері және TAB пернесі қолданылады немесе басқа ұяшықты шертсе болғаны.
Ұяшықтың меңзері – маркері бар тік төртбұрыш рамка. Меңзер тұрған ұяшықты – ағымды ұяшық деп атайды.
Ұяшықтарға деректерді енгізу үшін ұяшықты шертіп, санды немесе мәтінді теріп, міндетті түрде Enter-ді немесе көрсеткіш 131 пернелерінің біреуін немесе формулалар жолындағы жасыл  (ввод) батырмасын басу қажет.
Ұяшықтарды пішімдеу. Ұяшықтағы деректер әртүрлі пішімдерге өзгертілуі мүмкін. Деректердің көрсетілуіне тапсырыс беруге болады:
1) санды неше ондық белгіге дейін дөңгелектеуді;
2) теріс сандарды экранда қалай бейнелеуді (мысалы, оларды жазғанда қызыл түсті немесе алдында «-» белгісін қолдану);
3) ақшалық шамалар болғанда қандай валютаның символын қолдануды (мысалы, $ немесе тнг.);
4) мерзім/уақыт мәндерімен жұмыс жасағанда, мерзім/уақыттың (мысалы, день/месяц/год немесе месяц/год) бейнелену типін таңдау.
Ұяшықта қажет пішімді қою мысалдарын келтірейік.
1-мысал: сандық пішімді қою тәртібі: керек ұяшықтарды ерекшелеу  Формат  Ячейки  Число  Числовой  керек параметрлерді таңдау (теріс сандарды, ондық таңбалар санын,)  ОК.
2-мысал: ұзын мәтінді тар ұяшықта орналастыру тәртібі: қажет ұяшыққа меңзерді қою  Формат  Ячейки  Выравнивание   Переносить по словам (қанатша қою)  ОК. Осыдан кейін енгізілген мәтін ешқашанда ұяшықтың шекарасынан шықпайды.
Парақ (Лист) – жұмыс кітабының немесе файлдың (Книга) жеке құжаты. Парақ – деректерді енгізуге арналған ұяшықтардан тұратын аймақ.
Пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін ұяшықтар тор сызықтарымен бөлінген, әйтсе де баспаға тор шықпайды, сондықтан шығару алдында кестені ерекшелеп шекара сызықтарын қою қажет.
Экранда бүкіл электрондық кесте (құжат) көрінбейді, тек оның азғантай ғана бөлігі тұрады. Экран арқылы, пайдаланушы құжатты жылжыта отырып, толық қарап шығу мүмкіндігі бар. Құжат толық көлемде жедел жадыда сақталып тұрады. Электрондық кесте сақталып тұрған жадының негізгі бөлімінен басқа оның қосымша бөлімдері де қолданылады:

  • кестенің үзінділерінің көшірмелерін сақтайтын буфер;

  • анықтамалық ақпаратты орналастыруға арналған жады бөлімі.

Пайдаланушы өз қажетіне сәйкес қанша болсын жаңа парақтарды
қоса алады, тек жадының көлемі көтерсе болғаны.
Парақ қосу – Вставка  Лист. Немесе ағымды парақтың жарлығын оң батырмамен шертіп  Добавить  Лист  ОК. Жаңа парақ ағымды парақтың алдына қойылады.
Жұмыс кітабы – бірнеше парақтардан тұрады (Лист1, Лист2, Лист3 …). Бір құжатты немесе файлды Книга деп атайды. Неше файл құрамыз десеңізде ол өз еркіңізде.
Әдетте бір кітаптағы парақтар арасындағы ақпарат логикалық байланыста болады. Жұмыс кітабының мысалы ретінде бір ұжымның құжаттар жиынын келтіруге болады – бухгалтериялық формалар, налогтар, кадрлар, т.б. Басқаша айтсақ, Жұмыс кітабын – бұл парақтар тігілген тезтікпе (орысш. – скоросшиватель) деуге болады, парақтарды қосуға, жоюға, орындарын ауыстыруға, құжаттарды өзгертуге және т.б. әрекеттер жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет