Қарастырылатын сұрақтар



бет6/8
Дата16.12.2022
өлшемі36,81 Kb.
#57724
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
иоә жоба уорд

ЭК адрестеу тәсілдері. Электрондық кестенің құрылымы мен ЭЕМ жедел жадысының арасындағы ұқсастыққа, оқушылардың назарын аударуға болады. Екі жағдайда да ақпаратты сақтау және іздеу үшін адрестеу принципі қолданылады. Айырмасы, жедел сақтау құрылғысында (ЖСҚ) ең кіші адрестелетін бірлік – байт болса, кестеде – клетка (ұяшық) болады.
Айнымалылардың символдық атаулары, сонымен қатар, кестеде олардың адрестері болады. Электрондық процессорда салыстырмалы немесе абсолютті адрестеу принциптері (режімдері) қолданылады.
Ұяшықтардың салыстырмалы адрестері – кестені парақтың басқа жеріне ауыстырғанда адрестері автоматты түрде өзгеретін ұяшықтар (А1,С15,.т.с.с. белгіленеді).
Демек, адрестеудің салыстырмалы режімінде, формуланың орналасуның кез келген өзгерістері (блокты көшіргенде, орнын ауыстырғанда, бағаналарды немесе жолдарды кірістіргенде немесе жойғанда, т.с.с.), жылжытылған ұяшықтарда тұрған формулалардағы адрестер жаңа орынға сәйкес автоматты түрде өзгереді.
Ұяшықтардың абсолюттік адрестері – беттегі ұяшықтың адрестері қатаң бекітілген, сондықтан парақтың басқа жеріне кестені апарғанда немесе формуланы таратқанда, ол ұяшықтағы адрестер өзгермейді. Жазылуы: $A1$, $C$15, т.с.с., яғни бекіту үшін $ белгісі қолданылады.
Егер $ белгісі кірістірілмесе, онда ұяшықтың адресі салыстырмалы, мысалы A$5 адресінде – А бағаны бекітілмеген, ал 5-жол нөмірі бекітілген, сондықтан формуланы таратқанда А бағаны өзгереді.
Ұяшықтағы формулада адрестің абсолюттік сілтемесін тез қою үшін ұяшықты екі рет шертіп  F4 пернесін басу қажет .
Кестелік процессордың негізгі жұмыс режімдері

  • Әзірлік режімі. Бұл режімде ұяшықты таңдау немесе ұяшықтардың блогын ерекшелеу орындалады.

  • Деректерді енгізу режімі. Ағымды ұяшыққа пернетақтадан деректерді жекеленген символдармен енгізу орындалады.

  • Редакциялау режімі. Ұяшықта тұрған деректі толық ауыстырмай, тек редакциялау қажеттілігі болғанда ғана қолданылады.

  • Бұйрық беру режімі. Бұйрықтарды мәзірдің иерархиялық жүйесінен таңдау және орындау режімі. Бұйрық орындалған соң, әзірлік режімге қайтарылады.

Аталған негізгі режімдерден басқа кестені бейнелеу және есептеуді басқару режімдері туралы айтуға болады.
Кестені бейнелеу режімі. Формула сақталған ұяшықтарда, формула бойынша есептелген нәтиже немесе формуланың өзі бейнеленуі мүмкін. Біріншісі мәндерді бейнелеу режімі, екіншісі формуланы бейнелеу режімі деп аталады. Кестенің жұмыс жағдайы мәндерді бейнелеу режімі болып табылады. Формуланы бейнелеу режімі кестені жасағанда және жөндегенде қолданылуы мүмкін.
Есептеуді басқару режімі. Кестелік процессор формула бойынша есептеулерді, белгіленген ретпен кестені сканірлеу арқылы орындайды. Осындай сканірлеу А1 ұяшығынан басталады.
Автоматтандырылған түрде қайта санау режімі – деректерді жаңадан әр енгізген сайын барлық кесте қайтадан есептеліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет