Қарастырылатын сұрақтар


Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары



бет4/13
Дата12.04.2022
өлшемі1,1 Mb.
#30770
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәріс 11 Тәрбие

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының негізгі бағыттары

Тәрбиеленушілердің кәсіптік бағдар жүйесі – бұл жалпы қоғамдағы тәрбиеленушілердің өмірге бейімделуінің (өзін тануы) әлеуметтік және кәсіптік процесін дамытуға бағытталған, әртүрлі мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктердің, мекемелердің, мектептердің, сонымен қатар отбасының ұйымдасқан, басқару іс-әрекеті.

Кәсіптік бағдар жүйесінің бағыттары:

1) Кәсіптік ағарту, оның ішіне кәсіптік ақпарат, кәсіптік бейімдеу кіреді. Тәрбиеленушілерді қазіргі кезеңдегі қоғамға қажетті мамандықтармен, олардың практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.

  • 1) Кәсіптік ағарту, оның ішіне кәсіптік ақпарат, кәсіптік бейімдеу кіреді. Тәрбиеленушілерді қазіргі кезеңдегі қоғамға қажетті мамандықтармен, олардың практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.
  • 2) Тәрбиеленушінің мамандыққа мүмкіндігін және қызығушылығын анықтау үшін бағыттың кәсіптік диагностикасын қолданады. Бұл мақсатты орындау үшін сауалнамалық, тесттік әдістер қолданылады.
  • 3) Тәжірибелі мамандардың мамандық таңдауда беретін кәсіптік көмегі. Кәсіптік кеңесте барлық тәрбиеленушілер мен ата-аналар қамтылуы тиіс.
  • 4) Кәсіптік іріктеу мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда, ресурстық орталықтарда жүргізіледі. Бұл жерде таңдаушы алдына мақсат қойылады, яғни ол таңдаған мамандығының еңбек қиыншылықтарына қарамай, оны меңгеруі керек.
  • 5) Әлеуметтік-кәсіптік бейімделу оқу шеберханаларында, тәрбиеленушілердің еңбек бірлестіктерінде және т.б. жүзеге асады. Әлеуметтік кәсіптік бейімделу процесі кең сатыда жоғарғы сыныптағы тәрбиеленушілердің базалық кәсіпорындағы өндірістік практикасы болып табылады.
  • 6) Кәсіптік тәрбиелеуде тәрбиеленушілер бойында таңдаған кәсібіне борыштық сезімін, жауаптылықты, кәсіптік құрметті қалыптастыруды мақсат етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет