Аргумент құрылымы Түпнұсқа: Manchester Debating Union



бет6/6
Дата21.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#125064
1   2   3   4   5   6
В. Мықты популист: сені сайлайтын халық саған негативті қарайтын болса, антидемократты істерді жасауға сенде де шама қалмайды, сондықтан ондай істер азаяды.
С. Басқа елдер: Басқа антидемократты шараларға келе жатырған елдер Венгрия, Польша сияқты елдердің жазаланғанын көріп, популисттік идеялардан бас тарта бастайды, себебі, олар өз болашағы екенін түсінеді.

Әртүрлі байланысты акторлар арқылы да біз проблеманың қалай шешілетіндігін көрсете аламыз.



  1. Тағы бір жолы - әр түрлі контекстте ойнау.

Мысалы: дамушы мемлекет, дамыған мемлекет, т.б. әр түрлі жағдай және режимдерді қолданса болады.


Анализ қалай жасалады?

  • екінші ретті соққы

көп әсерлер екінші рет те соққы бере алады. Мысалы, азшылықтардың университеттерге баруын көбейтетін болсақ, бұл осы азшылықтар үшін ғана жақсы болып қалмайды (білім алады, т.б.), басқа топтағы өкілдер үшін де университет қауіпсіз орта болып саналып, олар да жоғарғы білім ала алады. Яғни, бір жақсы импакттың артынан тағы да қосалқы пайдаларды іздеңіз.



  • қысқа және ұзақ перспектива

аналогиялық тұрғыда қозғалыс әр түрлі уақыт масштабында қалай жұмыс жасайтынын ойланып көріңіз. Мысалы, медиакомпанияларға көбірек азшылық топ өкілдерін алар болсақ, қысқа перспективада бұл жақсы, азшылықтар бір бірін, өзіне ұқсас адамды медиадан көреді, өздерін жақсы сезінеді, т.б. Бірақ, ұзақ перспективада оны балалары көреді, және азшылықтардың да қоғамда бір рөлі барын түсінеді, олар дәрігер бола алатынын, адвокат бола алатынын ұғынады.

Қорытындылай келе, аргументацияның жүйелік ағысын ұмытпаңыз, әр түрлі акторлар арқылы, әр түрлі контексттер арқылы, әр түрлі себеп, шешімдер арқылы кейсіңізді құраңыз.




Аударған: Қалтай Аяужан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет