Неге көп деңгейлі аргументация жақсы? Егер сіз көп деңгейлі аргументация жүргізетін болсаңыз:
оппонентіңізге бұл аргументтердің бәрін құлату қиынырақ болады. Егер сіз бірінші спикер болып, көптеген актор, көптеген импакт, көптеген механизм ұсынатын болсаңыз, қарсыласыңыз жақсы болған күннің өзінде үш аргументтің тек екеуін құлата алады. Екінші спикер шығып, салыстырмалы түрде сіздерде статус квоны жақсартатын тым болмаса бір механизм әлі де бар екенін көрсетіп, салыстыра алады.
сіз осы арқылы проблеманың біршама аспектісін қарастыра аласыз. Көп жағдайлардың бір емес, одан да көп шығу себебі немесе одан да көп жолдары болуы мүмкін. Сондықтан, осы заңдылықты қабылдау оны өз кейсіңізге кірістіру, сіздердің спичтеріңізді шынайырақ және сенімдірек етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: бұл лекциядан кейін бірден 10 актормен жұмыс жасау керек емес, бір акторға қалай анализ жасайсыз, сондай жылдамдықпен екі акторды қосып алыңыз. Көп пікірсайысшылар барлығын қамтимын деп, бір анализдың өзін толық дәлелдемейді.
Осы методтарға жеке жеке мысал келтіреді:
Проблеманың шығу себептері әртүрлі және оны шешу жолдары да әртүрлі. Мысалы: БП наркотиктерді заңдастырады:
Проблема: наркосаудагерлер - барлық әлемде, мысалы Латын Америкада немесе Мексикада шынымен қауіп төндіреді: олар адамдарды өлтіреді немесе наркотиктен тапқан пайданы адамдарды ұрлау мен сатуға жұмсайды.
Бұл проблема қайдан шықты? Неге бұл проблема болады?
А. Олар әлсіз топтардағы жастарды өздеріне тарта алады, олар наркосаудамен айналысып, қылмыстары үшін түрмеге қамалады, қылмыскер атанады, және олар одан ары шыңдалған қылмыскерлерге айналу мүмкіншілігі зор және наркосауда түрмеде де өз билігін жүргізеді.
В. Наркобизнесте өте көп зардаптар бар: адам өлтіру, адамды қинау. Бұның бәрі полицияларға ұсталмас үшін немесе сыр бермес үщін жасалады, және т.б.
С. Наркотиктен түскен пайданы басқа да жаман істерге қолданады: мәжбүрлі проституция, адам саудасы, фальсификация, т.б. Сондықтан да, наркобизнесмендер мықты болып келеді.