Архивов и документации вко материалы международной научно практической конференции



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата03.03.2017
өлшемі5,65 Mb.
#6363
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

ҚАСЫМОВ А.Қ. 

Шығыс Қазақстан Ӛнер мұражайы, Қазақстан Республикасы,  

Ӛскемен қ. aitmuhambetkasymov@mail.ru 

 


273 

 

ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТ – ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ  



ЖЫЛДАРЫНДА 

Ел басына күн туған сонау сұрапыл соғыстың ауыртпалығы 

елді  де,  жерді  де  таңдаған  жоқ,  мұқым  халықтың  иініне  бірге 

түсті.  Сол  бүкіл  халықпен,  Совет  Одағының  барлық 

республикалары  және  аймақтарымен    бірге    Қазақстан  да,  оның 

ішінде  аумағында  ӛндірісі  мол  шоғырланған  Шығыс  Қазақстан 

облысы да фашистік Германия мен милитаристік Жапонияны тізе 

бүктірген Ұлы Отан соғысындағы жалпыхалықтық жеңіске ӛзінің 

қомақты  үлесін  қосты.  Бұл  үлес  туралы  кӛптеген  ғылыми 

еңбектерде, 

кітаптарда, 

құжаттар 

мен 

материалдар 



жинақтарында, 

майдангерлердің, 

тыл 

еңбеккерлерінің 



естеліктерінде  жан-жақты  кӛрініс  тапқан.  Мұндай  еңбектер 

бүгінгі күні де ӛз құндылықтарын жойған жоқ және жас ұрпақты 

отансүйгіштікке,  Отанына  адал  болуға,  оны  қорғауға  дайын 

болуға  тәрбиелеуге  қызмет  етіп  келеді.  Мұндай  баға  жетпес 

маңызды шаруаны соғыс жылдары бұқаралық ақпарат құралдары 

да ойдағыдай атқара білді. 

Қазақстанның  әр  деңгейдегі  басылымдары  сияқты  сол  бір 

отты  жылдары  Шығыс  Қазақстан  облыстық  газеті  де  халқының 

ерен еңбегі мен ерлігін паш етіп, ӛз оқырмандарын жауға қарсы 

ұрыс  қимылдарынан  хабардар  етіп,  жеңісті  жақындата  түсуге 

қалың  елді    жұмылдыра  білді.  Жарық  кӛре  бастағанына  84  жыл 

толғалы отырған облыстық газет алдымен «Жұмысшы», одан соң 

«Социалистік  Алтай»,  ал  1941  жылғы  наурыздан  бастап  орыс 

газетінің  аудармасы  ретінде  «Большевик  Алтая»  деген  атпен 

шыға бастады. Сонымен соғыс басталған жылы облыста екі тілде 

шығатын  бір  –  «Большевик  Алтая»,  19  қалалық  және  аудандық 

газеттер, 800-ге жуық тұрақты шығып тұратын қабырға газеттері 

болды. 


Сталин  жолдастың  1941  жылғы  3-тамыздағы  радиодан 

сӛйлеген  сӛзі  мен  халықтың  барлық  күшін  жауға  қарсы  күреске 

жұмылдыру  қажеттігі  жӛніндегі  6-қарашадағы  баяндамасы  – 

газет  журналистерінің  күнделікті  жұмыстарының  ӛзегіне 

айналды. 

1941  жылғы  24-маусымда  «Большевик  Алтая»  газетінің 

бетінде  Белоусовка  кеніші  коллективінің  митингісінен  есеп, 


274 

 

«Алтайцветметразведка» 



тресі 

коллективі 

митингісінің 

резолюциясы жарияланды. Облыстық партия комитетінің бюросы 

геологиялық-барлау  жұмыстарын  соғыс  жағдайына  орай  қайта 

құру  жӛнінде  қаулы  қабылдап,  26-қазанда  ӛткен  обкомның  VII 

пленумы  кӛпшілік  мамандық  түрлеріне  әйел  кадрлар  даярлау 

жӛнінде  мәселе  қарады.  Лениногор  қорғасын  заводының 

Қазақстанның  барлық  ӛнеркәсіп  кәсіпорындарына  майданға 

кӛмекті күшейте түсу жӛніндегі Үндеуі газет бетінде 1941 жылғы 

28-қарашада  жарияланды.  1941  жылғы  6-ақпанда  Риддер  қаласы 

Қаз ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Лениногор 

қаласы  болып  ӛзгерген  болатын.  Соғыс  кезінде  Шығыс 

Қазақстанның  барлық  дерлік  ӛндірістік  кәсіпорындарына  «ӛте 

құпия»  деген  айдармен  нұсқаулар  беріліп,  әскери  қару-жарақтар 

мен  бұйымдар  жасауға  тапсырыстар  түсіп  жатты.  Мәселен 

«Иртышгэсстрой»    шұғыл  түрде  44  дана  80  миллиметрлік 

миномет,  екі  мың  дана  шпор,  350  жауынгер  котелогын  жасап 

шығаруы  тиіс  болса,  облпромкомбинат  пен  облпромсоюз  50 

миллиметрлік пушкаға арналған 24 дана қос доңғалақты арбаша, 

82  миллиметрлік  пушкаға  арналған  84  дана  осындай  арбаша 

шығаруы тиіс болды. 

«Ӛте құпия» деген айдармен түскен мына бір құжат та ӛлке 

тарихын зерттеушілерді қызықтыруы мүмкін. 

Ӛте құпия 

Лениногор 

кен 

басқармасының 



директоры 

Қонаев 


жолдасқа... 

«Қорғасын  заводына,  арнайы  ӛндіріс  ұйымдастырылуына 

байланысты, әскерилер қанжарын жасау ісін кен басқармасының 

директоры  Қонаев  жолдасқа  жүктеймін.  Және  де  ескертемін, 

қанжарларға 

тапсырысты 

орындауға 

жедел 


шаралар 

ұйымдастырылмаса Сізге қатаң жаза қолданылады. 

«Алтайполиметалл»     комбинаты 

директорының 

орынбасары                          (Махов) [1] 

1942 жылы кен басқармасының директоры Д. Қонаев жедел, 

екі  ай  мерзімде  снаряд  ӛндірісін  жолға  қою  туралы  тапсырма 

алып, оны ойдағыдай орындап шықты. 

1942  жылғы  қыркүйек  -  қазан  айларында  Украинадан 

«Электроцинк»  заводы  (бұрынғы  қорғасын-мырыш  комбинаты, 



275 

 

қазіргі  «Казцинк»  ЖШС)  Ӛскеменге  әкелінді.  жалпы,  соғыс 



жылдары  Одақтың  107  кәсіпорнының  құрал-жабдықтары 

Қазақстан  жеріне  әкелініп,  жауға  қарсы  жұмсалатын  түсті  және 

сирек  кездесетін  металл  ӛндірістеріне  пайдаланылды.  Ол 

кәсіпорындардың  басым  бӛлігі  Шығыс  Қазақстанға  әкелінді  [2, 

с.8]. 

Сондай-ақ,  облыстың  әр  қаласы  мен  аудандарында  Ростов, 



Дондағы Ростов, Москва түбінен, басқа да жер-жерден кӛшіріліп 

әкелінген  әскери  госпитальдар  жұмыс  істеді.  Олардың  жалпы 

саны  жиырма  алтыға  жетті.  Олардың  кӛпшілігі  бұрынғы  қонақ 

үйлердің, 

техникумдар, 

кітапханалар 

мен 

балабақша 



ғимараттарына  орналастырылды.  Шығыс  Қазақстан  облысының 

аумағы  ӛз  жерлерінен  зорлықпен  кӛшірілген,  депортацияға 

жатқызылған неміс және чешен халықтарын орналастыру аймағы 

деп 


белгіленді. 

Олар 


облыстың 

он 


ауданына 

бӛліп 


орналастырылды.  Соғыс  жылдары  фашистер  уақытша  жаулап 

алған  аймақтардан  Қазақстанға  1,5  миллион  адам  әкелінді. 

1941жылдың  10  қазанының  ӛзінде  эвакуацияланған  11242  адам 

Шығыс  Қазақстанның  әр  ауылдарына  арнайы  разнарядка 

бойынша  бӛліп  орналастырылды.  Сол  бір  қиын-қыстау 

кезеңдерде  облыстық  партия  комитетінің  кӛзі,  құлағы,  үні  –  екі 

тілде  шығатын  облыстық  «Большевик  Алтая»  газеті  облыс 

аумағында  болып  жатқан  осындай  ӛзгерістердің  барлығын  да 

халыққа  жария  етіп,  елді  тӛзімділікке,  қайырымдылыққа 

шақырып,  майданға  қолдан  келгенше  кӛмек  жасауға  үндеп 

отырды. 

Сол  кездегі  газет  бетінен  түспейтін  материалдардан  бір-екі 

мысал келтірейік: 

«Лениногор жұмысшысы» танк колоннасына қаржы 

Бұл  ұсыныс  бойынша  қаланың  ӛндіріс  орындары  мен 

мекемелерінде жыйналыстар болып, тиісті қаулылар алды. 3 күн 

ӛткеннен  кейін,  24  декабрьде  мемлекеттік  банктің  қалалық 

кеңсесіне миллионға жуық сом ақша түсті... [3]. 

«Шығыс Қазақстан колхозшысы» танк колоннасына  

Облыста «Шығыс Қазақстан колхозшысы» танкі колоннасын 

құруға  қаржы  жыйнау  ісі  зор  табыспен  жүріп  жатыр.  26-



276 

 

декабрьде  күндізгі  сағат  1-де  тапсырылған  жарнаның  сомасы 



7.908.000 сомға жетті. 

900 мың сом жыйнап, Киров ауданы 1-орын алды. Одан соң: 

Зырян  ауданы  –  765000  сом,  Самар  –  750000  сом,  Зайсан  – 

700000,  Марқакӛл  698000,  Шемонайха  519000,  Тарбағатай 

508000, Ұлан және Бұқтырма аудандары 300000 сомнан, Күршім 

167000 сом жыйнады  [4].     

 Ӛз  кезегінде  облыстық  газеттердің  жұмыстарын,  олардың 

материалдық  жағдайларын,  кадрлармен  қамтылуын  облыстық 

партия  комитеті  де  назарынан  түсірген  жоқ.  1941  жылғы  26-

қарашада  ӛзінің  кезекті  бюро  мәжілісінде  «Облыстық  және 

аудандық  газеттердің  1942  жылға  таралымдары  туралы»  арнайы 

мәселе  қарап,  онда:  «Тұрғындар  санының  ӛсуі  және  газеттерге 

деген  сұраныстың  артуына  орай  1942  жылға  облыстық 

газеттердің  –  орыс  тіліндегі  газет  таралымы  20  мың,  қазақ 

тіліндегі  газет  таралымы  4  мың  дана  деп  белгіленсін»  делінеді 

[5]. 


1942  жылғы  18-тамыздағы  бюро  мәжілісінде  де  облыстық 

газеттер  мәселесі  қаралған,  онда:  «Отынның  жоқтығынан  және 

күрделі  жӛндеуге  қойылуына  байланысты  Ӛскемен  электр 

станциясының  тоқтауына  орай  облыстық  «Большевик  Алтая» 

газетінің орыс тіліндегі басылымын шығару уақытша Лениногор 

қаласына,  Лениногор  қалалық  баспаханасының  базасына 

ауыстырылсын...» делінген [6]. 

Әрине,  мұндай  қиын  кезеңдерде  «Большевик  Алтаяның» 

қазақ 

тіліндегі  аудармасының  кешігіп,  қаншалықты  қиындықпен 



шығып 

тұрғандығын кӛз алдыға елестету қиын емес.  

Облыстық партия комитеті «Большевик Алтаяның» атқарып 

жатқан  жұмыстарын  үнемі  қадағалап,  журналистер  ұжымының 

іс-әрекеттері  мен  жағдайларын  назарынан  тыс  қалдырған  жоқ. 

Ӛзінің жасаған бір шолуында «Облыстық газет қазақ авторлары – 

жұмысшы-село  тілшілерімен  тиісті  жұмыс  жүргізген  жоқ.  1942 

жылғы  1-қаңтардан  бері  қазақ  тілінде  небәрі  24  хат  алса,  оның 

алтауы  ғана  жарияланған.  Облыстық  газетте  3-4  лауазымды 

партия қызметкерінен басқа тұрақты қазақ авторлары жоқ, қазақ 



277 

 

ұлтынан  меншікті  тілшілері  жоқ.  «Большевик  Алтаяның» 



қазақша 

басылымының 

қызметкерлері 

жұмысшы-село 

тілшілерімен жұмыс жүргізуден қашқақтап кеткен. 

Осының  салдарынан  облыстық  газет  бір  жарым  айдан  аса 

уақыт  бойы  озат  қазақ  колхозшыларының  бір  де  біреуінің 

тәжірибесін кӛрсетпеген»... деген нақты кемшіліктерді атап-атап 

айтқан. 

Соғыс  жылдары  облыс  аудандарындағы  18  газеттің  бесеуі 

ғана  қазақ  тілінде  жарық  кӛрді.  Оның  үстіне  облыстық  жалғыз 

газеттің қазағы кӛп шоғырланған аймақтардың тұрмыс-тіршілігін 

кӛрсетуге  мүмкіндігі  жоқ,  аударма  газетке  айналып  кетуі 

жергілікті  ұлттың  зиялы  қауым  ӛкілдерінің  арасында  әңгіме 

болмай  қалмаған  сияқты.  Оған  дәлел  –  әсіресе  ұлтаралық 

саясатқа  сергек  қарайтын  Орталық  Комитеттің  1942  жылғы  29-

қыркүйектегі тӛмендегідей ресми жауабы. 

ҚК(б)П ШҚ обкомы  

Үгіт және насихат бӛлімі 

меңгерушісінің орынбасары  

Жұмағазин жолдасқа 

Сіздің  1942  жылғы  16-қыркүйекте  жолдаған  №  2789/4 

сауалыңызға орай мынаны хабарлаймын: 

Қазақ  тіліндегі  «Большевик  Алтая»  газеті  әзірше  сол 

аударма  газет  күйінде  қала  тұрады.  Кейінірек  ӛзгеріс  болып 

жатса, Қазақстан К(б)П ОК бюросының шешімі шығады. 

Қазақстан К(б)П ОК 

Баспасӛз секторының меңгерушісі /Ремизов/ [7]. 

Саясаттың  ұстанымы  мен  жергілікті  ұлт  зиялыларының 

сұранысының  әсері  дӛп  келген  болуы  керек,  1943  жылғы 

наурыздан бастап газет орысшадан аударма ретінде емес, «Алтай 

большевигі»  деген  атпен  жеке  газет  болып  шыға  бастады  да, 

оның басшылығына тілшілік еңбек жолын сонау «Жұмысшыдан» 

бастаған  тәжірибелі  журналист  Бейсек  Исабеков  тағайындалды. 

«Дидар»  газетінің  ӛз  архивінде  сақталған  оның  №1  бұйрығы 

былай деп сыр шертеді. 

Бұйрық № 1 

«Алтай большевигі» газетінің редакциясы 1943 ж. 31 март 

§1 


278 

 

ҚК(б)П  Шығыс  Қазақстан  обкомінің  бюро  қаулысы 



бойынша  осы  1-апрельден  бастап  «Алтай  большевигі»  газетінің 

жауапты редакторы міндетін атқаруға кірісемін. 

Еңбекақы смета бойынша айына 1300 сом. 

§2 


А.  Жакетова  жолдасты  осы  жылы  1-апрельден  бастап 

ӛзімнің орынбасарлығыма тағайындаймын. 

Айлық еңбекақысы смета бойынша 900 сом. 

Осы 


бұйрықпен 

Ж. 


Байкенова, 

Қ. 


Қалиева 

– 

машинисткалыққа, 



С. 

Мұхаметжанова, 

Б. 

Дәукеева 



– 

корректорлыққа,  С.  Мажренова  газет  шығарушылыққа,  К. 

Түсіпбеков  әдеби  қызметкерлікке,  №2-бұйрық  бойынша  ҚК(б)П 

обкомының  ұйғаруымен  Сұлтангелді  Жаңабаев  жолдас  осы  15-

апрельден  бастап  редакцияның  жауапты  секретарлығына 

тағайындалған. 

Кейінгі  жылдары  облысқа,  республикаға  танымал  болған 

журналистер  Мұқан  Әбуғалиев,  Қамар  Қалиева  еңбек  жолдарын 

сол  1943  жылғы  соғыс  жылдары  осы  газетте  бастаған.  «Қызыл 

Армияға 


шақырылғандықтан 

Шӛкімов 


Дүйсен 

жолдас 


қызметінен  босатылсын»;  «Майданнан  қайтқан  жауынгер  Хасен 

Мұхаметжанов 

жолдас 

редакцияның 



партия 

бӛлімінің 

бастығына тағайындалсын»;  «Армиядан қайтқан Қамза Қасымов 

жолдас 


әдеби 

қызметкер 

болып 

қабылдансын»; 



«Черемшанкадағы  издательствоға  тиіс  75  текше  метр  ағашты 

тиеуге екі күнге (1943 ж. 25- ноябрьден) редакция қызметкерлері 

Жакетова,  Әбуғалиев,  Жаңабаев  жіберілсін»  деген  мазмұндағы 

бұйрықтар  газеттің  сол  кездегі  архивтік  материалдарында  жиі 

кездеседі. 

Сұрапыл  соғыс  жылдарында  «Алтай  большевигі»  облыс 

халқын «Бәрі майдан үшін!», «Бәрі жеңіс үшін!» ұранымен еңбек 

етуге 


шақырып, 

жұмылдырды. 

«Майданнан 

хат», 


«Жауынгерлерге хат» айдарымен берілген материалдарда жерлес 

жауынгерлердің,  оның  ішінде  ұрыстың  алғы  шебінде  жүрген 

бұрынғы  газет  қызметкерлерінің  қаһармандық  ерліктерін, 

тылдағы 


адамдардың 

жанқиярлық 

қажырлы 

еңбектерін 

майдангерлер  мен  қалың  жұртқа  жеткізіп  отырды.  Редакцияның 

бұрынғы қызметкері, батальон комсоргы Биғали Мылтықбаевтың 



279 

 

жау  борандата  атқылаған  оққа  шыдай  алмай  бұғып  қалған 



батальон  жауынгерлерін  «Алға!  Біздің  бағытымыз  –  Берлин!» 

деген  жалынды  ұранмен  қарсы  шабуылға  кӛтеріп,  жауды 

талқандай  отырып,  шегіндірген  ерлігі  туралы  жазылған 

«Жауынгерлік листок» та бір кездері ӛзі еңбек еткен газет бетінде 

жарық кӛрді. Осы газеттен аттанған Болат Әбілденов, Темірғали 

Байқадамов, Қарқабат Байкенов сынды журналистер де майданда 

ерлікпен шайқасты. 

Майданға  аттанған  ерлердің  орнын  әйелдер  басты.  Әтина 

Жәкетова  редактордың  орынбасары,  Зейнеп  Тұтқышева 

ӛнеркәсіп  бӛлімінің,  Асылхан  Қайсенова  хаттар  бӛлімінің, 

Хадиша  Кӛшкіншінова  мәдениет  және  тұрмыс  бӛлімінің 

меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

«...1943  жылы  біздің    100-атқыштар  бригадасы  Великие 

Луки қаласын фашистерден азат ету жолындағы қанды ұрыстарға 

қатысты»  –  деп  жазады  ӛзінің  «Оққа  ұшқан  газет»  [8]  атты 

новелла-естелігінде  Қазақстанның  халық  жазушысы  Әзілхан 

Нұршайықов. – Сол шайқастардың бірінде атыс позициясындағы 

зеңбіректерді 

күзетіп, 

сақшылық 

постыда 

тұрған 


шығысқазақстандық  Нұрғазы  Бекбосынов  оққа  ұшты.  Фашист 

мергенінің сақшыны кӛздеп атқан оғы оның сол жақ омырауына 

тиіп, комсомол билеті мен жоғалтпай сақтап келе жатқан «Алтай 

большевигі» деген бадырайған заголовогы бар газет бӛлігін тесіп 

ӛтіп, жауынгердің жүрегіне жетіпті. 

Газет алдында ғана ауылдың дәмі оралып келген газет еді... 

Сонымен,  ауыл  майының  сӛлі,  жорықтағы  солдаттың  тері,  оққа 

ұшқан  жауынгер  жүрегінің  қаны  сіңген  газет  нӛмірінің 

қиындысын ӛлген боздақпен қоса кӛмдік», – дейді майдангер аға 

[8]. 


Сол  бір  сұрапыл  соғыстың  қиын-қыстау  кезеңінен  бастап 

жиырма жылға жуық, 1961 жылдың сәуір айына дейін облыстық 

газетті іскерлікпен басқарып, кейін танымал журналист, жазушы, 

қоғам  қайраткерлері  болып  кеткен  кӛп  маманды  баулыған, 

тәлімгер болған Бейсек Исабеков кім еді? 

Ол  1910  жылы  Павлодар  облысы,  Баян  ауданы,  Сарыкӛл 

ауылдық Советіне қарасты 16-ауылда дүниеге келген. 1929 жылы 

Риддер  кенішіне  келіп,  откатшы,  бұрғышы  болып  істейді,  кеніш 



280 

 

жанындағы  сауаты  аздарға  арналған  екі  жылдық  мектепті,  одан 



соң  Павлодардағы  сегіз  айлық  профкурсты  бітірді.  Ынталы  да 

талапты  жігіт  Риддердегі  «Жұмысшы»  газетіне  шақырылып, 

әдеби  қызметкер  болады.  Ол  осында  істеп  жүргенде  Риддерге 

Мұхтар  Әуезов  бастаған  бір  топ  жазушылар  келеді.  «Данагӛй 

Мұқаң  талапты жігіттің  (Бейсектің.  А.Қ.)  ӛсер  білімін,  мұқалмас 

қаламын таныған екен. «Жазу мен оқуға ықыласың бар кӛрінеді. 

Бірақ  азғана  біліммен  алға  басу  қиындай  береді.  Оқығаның  жӛн 

деп  кеңес  беріпті»,  –  деп  жазады  ардагер  журналист  Асығат 

Темірбайұлы Б. Исабеков туралы ӛзінің естелігінде [9]. 

Аға  ақылымен  Бейсек  Исабеков  1935  жылы  Алматыдағы 

Коммунистік  журналистика  институтына  (КИЖ)  оқуға  түсіп, 

1939  жылы  оны  ойдағыдай  бітіреді.  1939  жылғы  ноябрьден 

бастап  Шығыс  Қазақстан  облыстық  «Социалистік  Алтай» 

газетінде  жауапты  хатшы,  насихат  және  үгіт  бӛлімінің 

меңгерушісі  болады.  Жоғарыда  айтылғандай  1943  жылғы 

наурыздан 1961 жылғы сәуірге дейін он сегіз жыл бойы Бейсекең 

облыстық газетті іскерлікпен басқарды. 

«Бір  кезде  ӛзім  ыстығына  күйіп,  суығына  тоңып,  талай 

қиыншылықты  басымнан  кешірген,  газеттің  мазмұнды  шығуына 

азды-кӛпті  үлесімді  қосқан,  қанатымды  қатайтып,  қаламымды 

ұштаған, журналистік үлкен сапарыма жолдама берген алтын ұям 

– «Алтай большевигі» [10] деп жазған екен Әтина апамыз осыдан 

отыз  жылдай  бұрынғы  бір  естелігінде.  Ол  кезде  ол  кісі 

республикалық «Қазақстан әйелдері» журналының бас редакторы 

еді. Ал, естелігі  – сұрапыл соғыс жылдары «Алтай большевигі» 

(қазіргі  «Дидар»)  газетінде  кейін  ғұмырлық  ісіне  айналар 

журналистік жолға алғаш қадам басуы.  

–  Әлі  есімде.  1942  жылдың  кӛктемі  еді.  Мен  Ӛскемендегі 

Жамбыл  атындағы  қазақ  орта  мектебінде  мұғалім  едім,  әрі 

комсомол  активімін,  майдандағы  жауынгерлерге  азық-түлік, 

жылы  киім  жинауға  белсене  қатынасамын.  Бір  күні  мені 

облыстық «Алтай большевигі» газетінің редакциясына шақырды. 

Бардым.  Қағаздың  тапшылығынан,  журналистердің  жаппай 

майданға  кетуіне  байланысты  қазақ  газетін  аударма  газет  етіп 

шығаратын  болған  екен.  «Алтай  болыпевигінің»  редакторы 

болған  Бейсек  Исабеков  біріккен  газеттер  редакторының 



281 

 

орынбасары  екен.  «Кел,  білмегеніңді  үйретемін,  баулимын, 



қорықпа,  әлі-ақ  тӛселіп  кетесің»  деп  біраз  ақылын  айтты. 

Сонымен  1942  жылдың  9-наурызынан  бастап  редакцияға 

ауыстым... 

Ӛзім  бұрынғы  Семей  облысы,  Жарма  ауданының  23-

ауылында (қазіргі Үшбиіктің маңы) 1919 жылы дүниеге келіппін. 

Әкем  –  Жармұхамед,  кейін  Жаһид,  ауызекі  Жәкет  болып  кеткен 

ғой,  екінші  кезектегі  бай  болған  екен.  Ол  кезде  байларды  солай 

бӛлген,  бірінші  кезектегілері  –  ең  мықты,  мыңғыртып  мал 

айдағандар,  оларды  Кеңес  Үкіметі  1928  жылы  кәнпескелеп,  жер 

аударды.  Ал,  екінші  кезектегілер  дегендегісі,  кәдімгі  орта 

ауқатты – «середняктар», оларды 1929 жылы кәнпескеледі, бірақ 

жер аударған жоқ.  

1943  жылғы  1-апрельден  бастап  «Алтай  большевигі» 

қайтадан  ӛз  алдына  қазақ  тілінде  шығарыла  бастағанда  Әтина 

Жәкетова  редактордың  орынбасарлығына  бекітіледі.  «Бұрын 

аудармамен  ғана  отырған  маған  редактордың  орынбасары  болу, 

материалдарды түзету, полиграфияны білу, материалдарды дұрыс 

орналастыру,  жұмысты  ұйымдастыру  оңай  тимеді,  қажымай-

талмай  үйренуге,  республикалық,  орталық  газеттерді  оқып 

отыруға  тура  келді»  –  дейді  кейіннен  отыз  жыл  бойы 

республикалық  «Қазақстан  әйелдері»  журналының  редакторы 

болған,  Ленин  орденімен  наградталған  Әтина  Жәкетова  ӛзінің 

әңгімесінде [11]. 

«Тылда  майдандағыша  істейміз!»  деген  жалпы  тақырыппен 

беріліп  тұрған  арнаулы  беттер,  «Балалар!  Масақ  жыйнауға 

шығыңдар!»  деген  тақырыптағы  үндеу,  ашық  хаттар,  «Отан 

соғысының  заемы»,  «Кӛшіп  келген  балаларға  қамқорлық  және 

мейірімділік  керек»  деген  сияқты  күнделікті  газет  бетінен 

түспейтін материалдармен бірге ӛзінің туған жері Ұлан ауданына 

демалысқа  келген  Хамза  Мұхамадиев  жайлы  жазылған  «Совет 

Союзының Батыры туған жерінде», Ленинградты қорғаушы қазақ 

жауынгерлерінің  «Қазақ  халқына»  хаты  сияқты  жалынды 

материалдар  елдің  еңсесін  кӛтеріп,  жеңіс  жолындағы  жігерлі 

еңбекке жани түсетін. Ол хатта былай деп жазылған:  

«...Біз,  еңбек  майданының  батыр  жауынгерлері  –  қымбатты 

ата-аналарымыз, 

әйелдеріміз, 

бауырларымыз 

бен 


282 

 

қарындастарымыз  –  Сіздерді  мақтан  етеміз!  Біз  Сіздердің 



кӛрсеткен кӛмектеріңіз үшін сансыз алғыс айтамыз. Тынышымыз 

кетіп артымызға алаң болмаймыз: біздің тыл – бұл біздің қуатты 

таянышымыз!..» 

Майор Сейіт Жылқышиев,  

үлкен лейтенант Самат Қасенбеков,  

лейтенант Ғалымжан Ахметжанов [12]. 

Ӛскемен  ГЭС-інің  құрылысы  Ұлы  Отан  соғысының  аяқ 

кезінде  жұмысшы  күші,  техника  жағынан  біраз  қиыншылық 

кӛрді. Сол кезде облыстық партия комитетінің бірінші секретары 

Ілияс Омаров облыстық газеттердің құрылысқа қайткенде жақсы 

кӛмектесу  жолын  ұсынды.  Ол  былай  еді:  кешкі  сағат  8-де 

облыстық  партия  комитетінің  бірінші  секретары  екі  газеттің 

басшыларын  ертіп  Аблакеткаға,  құрылыс  басына  келеді.  Содан 

сағат  түнгі  1-ге  дейін  сол  күнгі  атқарылған  жұмыс  егжей-

тегжейлі  талқыланады.  Озаттардың  табысқа  жеткен  жолдары 

зерттеледі.  Артта  қалушыларға  қандай  кӛмек  кӛрсетілетіндігі 

жан-жақты 

талқыланып, 

шешіледі. 

Басқа 


қалалардан, 

аудандардан,  облыс  орталығынан  еңбекшілердің  құрылысқа 

қолмен  жұмыс  істеп  қатынасуы,  белгілі  уақытта  атқарылатын 

жұмыс  мӛлшері  анықталады.  «Осы  тәртіппен  аптасына  тӛрт күн 

құрылыс  басында  боламыз.  Маңызды  объектіні  тездетудің  жай-

жапсары газетте күн сайын қызықты жазылатын болды. Кешікпей 

ГЭС құрылысы олқылықтан шығып, оның коллективіне одақтық 

жүлде  берілді.  Газет  жұмысшыға  жақындады.  Жаңа  тілшілер 

тартты», – деп жазады ӛзінің естелігінде Бейсек Исабеков [13].  

«Алтай большевигінің» 1945 жылғы 11-майдағы 89-санының 

шпигелінде  халықты  кӛптен  зарықтырып  жүрген  қуанышты 

хабар  ірі  әріптермен  теріліп  берілді:  «1945  жылғы  8-майда 

Берлинде  Германияның  Жоғарғы  Командованиесінің  ӛкілдері 

Германияның  қарулы  күштерінің  тізе  бүгуі  туралы  актіге  қол 

қойды. 

Совет  халқының  неміс-фашист  басқыншыларына  қарсы 



жүргізген Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Германия толық 

талқандалды». 



283 

 

Және  газеттің  осы  санында  ССРО  Жоғарғы  Советі 



Президиумының  «9-майды  Жеңіс  мейрамы  етіп  жариялау 

туралы» Указы жарияланды. 

Неміс фашистерімен ұрыстағы ерліктері үшін 29 мыңнан аса 

шығысқазақстандықтар  Совет  Одағының  ордендері  мен 

медальдарына  ие  болды,  олардың  63-і  Совет  Одағының  батыры 

атағын  алып,  12-сі  Даңқ  ордендерінің  толық  иегері  болды. 

Шығысқазақстандық тыл еңбеккерлерінің де жеңіске қосқан үлесі 

ӛте  үлкен.  Еңбекшілердің  бұл  ерлігі  де  лайықты  бағаланып,  73 

мың  шығысқазақстандық  «1941-1945  жылғы  Ұлы  Отан  соғысы 

кезіндегі қажырлы еңбегі үшін» медалімен наградталды. 

Ұлы  Отан  соғысы  жеңіспен  аяқталды.  1945  жылғы  12-

маусымда  облыстық  партия  комитетінің  бюро  мәжілісінде 

«Большевик  Алтая»  және  «Алтай  большевигі»  газеттерінің 

жұмыстары  туралы»  арнайы  мәселе  қаралып,  облыстық 

газеттердің жұмысына әділ баға берілді. 

«Газет  редакторлары  Ильин  мен  Исабеков  жолдастардың 

баяндамаларын,  Поверенный  мен  Жүнісовтың  қосымша 

баяндамаларын  тыңдай  келіп,  обкомның  бюросы  «Ұлы  Отан 

соғысы  кезеңінде  «Большевик  Алтая»  және  «Алтай  болыпевигі» 

газеттері  облыс  партия  ұйымына  жұмысшылар,  колхозшылар, 

интеллигенция  бұқарасын  неміс-фашист  басқыншыларымен 

күреске  жұмылдыруда,  Сталин  жолдастың  тарихи  нұсқауларын 

орындауда белсене кӛмектесті. 

Облыстық  екі  газеттің  беттерінде  де  жүйелі  түрде 

шығысқазақстандық 

жерлес 


майдангерлердің 

хаттары 


жарияланып,  майдан  мен  тылдың  арасындағы  байланысты 

нығайтып,  облыс  еңбекшілерінің  ӛндірістік  белсенділігін 

арттырып отырды. 

Облыстық  газеттерді  ӛткір  сынға  алған  обкомның  VI 

пленумынан  кейін  газеттер  идеялық-саяси,  мәдени  деңгейлерін 

кӛтеріп,  редакция  жұмысын  түбегейлі  ӛзгертуде  біршама 

жетістіктерге  жетті.  Газеттер  оперативті,  мақсатты  және 

қызғылықты  бола  түсті»  –  дей  келіп  әлі  де  болса  сын  мен  ӛзара 

сынның  кемшіндігі; 

озат 


тәжірибенің 

насихатталуының 

жеткіліксіздігі;  газет  тілінің  жұтаңдығы;  аудандық  газеттерге 


284 

 

нақты  кӛмектің  аздығы,  олар  жайлы  шолулардың  жоқтығы 



сияқты нақты-нақты кемшіліктерді атап кӛрсетті [14]. 

Бұл  қаулы  газеттердің  үлкен  бір  кезеңіндегі  –  Ұлы  Отан 

соғысы  кезіндегі  елеулі  еңбегіне    берілген  орынды  баға,  әрі 

журналистердің  алдағы  атқаратын  жұмыстарына  бағдаршам 

сияқты маңызды құжат болды. 

ТМД  мемлекеттері  басшылары  кеңесінің  2013  жылғы  25 

қазандағы  шешімі  бойынша  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығын 

мерекелеу  туралы  бірқатар  бірегей  шаралардың  белгіленгендігі 

мәлім.  Осы  шешім  бойынша  «2015  жылды  Қазақстан 

Республикасында 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 

ардагерлері 

жылы 


етіп 

жариялау 

туралы» 

Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  Жарлығы  шығарылды.  Бұл 

маңызды  құжатта  белгіленген  ауқымды  шаралардың  кейбіреуін 

бӛле-жара айтып ӛту орынды. 

Олар мыналар: 

«1941-1945  жж.  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңіске  70  жыл» 

мерекелік медальдарын жасау; 

Мемориалдық 

кешендер 

ескерткіштерін, 

Қазақстан 

жауынгерлерінің  зираттарын  басқа  мемлекеттердің  жергілікті 

билік органдарының балансына беру және олардың сақталуы мен 

қалпына  келтірілуін  қамтамасыз  ету  жӛнінде  тиісті  жұмыс 

жүргізу; 

Халықаралық  акцияларға  қатысу  үшін  ТМД  аумағындағы 

қазақстандық  жауынгерлердің  шайқасқан  және  жерленген 

жерлерге,  батыр  қалаларға  және  әскери  Даңқ  қалаларына  бару 

үшін «Естелік эстафетасы» делегацияларын  ұйымдастыру; 

Еуропа  елдеріндегі    Екінші  Дүниежүзілік  соғысқа 

қазақстандықтардың қатысуы туралы ғылыми зерттеулер жүргізу 

және монографияларды басып шығару; 

1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан 

қазақстандықтарға және тыл еңбеккерлеріне арналған кітаптарды 

басып шығаруды, тұсаукесерін ұйымдастыру; 

22 маусымды Еске алу және Қаралы күн ретінде ӛткізу және 

тағы басқа ірі-ірі шаралар [15]. 

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 

жылдығын  мерекелеудің  барлық  шараларын  бұқаралық  ақпарат 



285 

 

құралдарында  кеңінен  жариялап,  ақпараттық  сүйемелдеу 



қажеттігіне    де  баса  назар  аударылған.  Бұқаралық  ақпарат 

құралдарына  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы 

Жеңістің  70  жылдығына  арналған  материалдарды    жариялауды, 

арнайы  айдарлар  ашуды,  бейнероликтерді,  фильмдер  жасауды, 

циклдік 

телебағдарламаларды, 

сұхбаттарды 

шығаруды 

қамтамасыз  ету  міндеттері  жүктелген.  Әрине,  мұндай 

бүкілхалықтық  аса  маңызды  міндеттерден  Шығыс  Қазақстан 

облысының  бұқаралық  ақпарат  кӛздері,  оның  ішінде  облыстық 

«Дидар» газеті де тыс қалмақ емес. 

Енді,  осы  соғыс  мәселелерін  зерттеумен  айналысып  жүрген 

тарихшылар  мен  ӛлкетанушылар  қандай  бағыттарға  кӛңіл 

аударғандары  жӛн,  аз  ғана  соған  тоқталайық.  Бұл  орайда, 

Ш.Уәлиханов  атындағы    Тарих  және  этнология  институтының 

Бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА 

академигі  Мәлік-Айдар  Асылбектің  кейбір  пікірлерін  келтіре 

кетуді  жӛн  кӛрдік.  «Отан  соғысының  Қазақстанға  қатысы  жоқ, 

оны  Ресей  жүргізді»  деген,  кейде  тіпті  «Германияның  жеңгені 

дұрыс еді» деген сияқты тоғышарлық пікірлер кейбір бұқаралық 

ақпарат құралдарының бетінен кӛрініп қалады» – дейді ғалым ,– 

сондықтан  да  Қазақстанның  соғыс  кезіндегі  жағдайын,  жеңіске 

қоскан үлесін тереңірек зерттей түсу керек» – дей келе тарихшы  

ғалым  соғыс кезінде жау қолына түскен тұтқындардың тағдыры 

туралы мәселенің зерттелуі әлі де болса кемшін екендігін айтады 

[16].  Міне,  осы  пікірді  нақты  бір  мысалдың    негізінде,    аздап 

тарата түскенді жӛн кӛріп отырмыз.  

«Егемен  Қазақстан»  газетінің  2010  жылғы  12-наурыз  күнгі 

санында Қазақстан Республикасының Италиядағы Тӛтенше және 

ӛкілетті елшісі  Алмаз Хамзаевтың Ұлы Жеңістің 65 жылдығына 

байланысты «Қарсыласу қозғалысындағы қазақстандықгар» атты 

мақаласы жарияланды. 

Мақалада    25-сәуірде  Италияның  Триест  қаласында  сол 

қаланы  азат  ету  кезінде  қаза  тапқан  Югославия  халық-азаттық 

армиясының 9-корпусы құрамындағы «орыс батальонында» қаза 

тапқан 104 кеңестік жауынгерді (оның 36-сы – қазақ) еске түсіру 

мақсатында  ескерткіш  ашылғандығы  айтылып,  сондағы 

құлпытаста есімдері жазылған жауынгерлердің тізімі кӛрсетілген 


286 

 

екен.  Сол  тізімде  біздің  жерлесіміз  –  шығысқазақстандық 



Боранбаев  Шаяхметтің  де  есімі  жүр.  Бұл  майдангер  жерлесіміз 

кім, оның соғысқа дейінгі ӛмірі қандай еді? 

 Шаяхмет 1918 жылы Аюды  ауылында (ол бірде ¥лан, бірде 

Бұқтырма  аудандарына  қараған)  дүниеге  келген.  Ол  Бозанбай 

ауылынан  жетіжылдық  мектепті,  одан  соң  Ӛскемендегі  саяси-

ағарту техникумын (Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновпен бірге 

оқыған) бітіреді. 1938-39 жылдары Самар ауданындағы Бастаушы 

ауылдық мектебінде Конституция, география пәндерінен мұғалім 

болып  қызмет  атқарады.  Сол  аудандағы  Московка  мектебінен 

(онда  директор  болған  болуы  керек)  1939  жылғы  қазан  айында 

Қызыл Армия катарына алыналы. 

Шаяхметтің  інісі,  соғыс  жылдары  Нижний  Тагилде  ФЗО 

мектебін бітіріп, сондағы металлургия зауытында еңбек етіп, елге 

1949  жылы  оралған    Шайырғазы,  ағасының  деректерін  кезінде 

кӛп іздестірген екен. 

–  Шаяхмет  ағадан  ең  соңғы  хат  Югославиядан  келіп  еді,  – 

дейтін  папам.  Содан  бір  күні  ӛзімнің  қолыма  түскен  Ұлы  Отан 

соғысы  туралы  жазылған  «Ӛшпес  даңқ»  деген  жинақтағы  

жазушы  Қалмұқан  Исабаевтың  «Батальон  командирі»  деген 

әңгімесінен  Боранбаев  Шаяхмет  деген  фамилияны  кездестіріп, 

әкеме  кӛрсеттім,  –  дейді  қазір  Ӛскеменнің  түбіндегі  Ахмер 

ауылында мұғалім болып істейтін Гүлнар Шайырғазықызы.  

Содан  бастап  Шайырғазыдан  маза  кетіп,  Алматыдағы 

жазушы  Қалмұқан  Исабаевқа  телефон  шалады.  Ол  кісі  арқылы 

Түркменияның  Мары  қаласында  тұратын  Бейсен  Раисовпен 

хабарласады.  Бейсен  Раисов  соғыс  кезінде  Югославия  халық-

азаттық  армиясының  9-корпусы,  18-бригадасының  құрамындағы  

2-екпінді  батальонның  («орыс  батальоны»)  командирі  болып, 

Шаяхмет Боранбаев сол батальонда соғысқан екен. Ақыры, 1985 

жылы  Шәкең  Мары  қаласына  арнайы  барып,  Бейсен  Раисовпен 

жолығады,  әңгімелесіп,  ағасы  жайлы  біраз  жайға  қанығады. 

«Орыс  батальоны»  негізінен  фашистік  концлагерьден  қашып 

шығып,  Югославия  партизандарының  құрамына  кірген  кеңестік 

жауынгерлерден жасақталған екен. Соғыс бастала салып олардың 

тұтқынға түсуін майдангер  жазушы Қалмұқан Исабаев былайша 

түсіндіреді:  «...  Шекара  мықты  еді.  Алайда  1939  -  40  жылдары 



287 

 

Балтық  жағалауындағы    республикалар  мен  Батыс  Белоруссия, 



Батыс  Украина  жерлері  Кеңес  Одағына  қосылып,  шекара 

бұрынғы  шептен  әрі,  батысқа  қарай  150  -200  километр  жылжып 

кетті де, неміс фашистері елімізге баса кӛктеп кіріп келген 1941 

жылы  Қызыл  Армия  жауынгерлері  оларды  ешқандай  да  шебі 

жоқ, ашық далада қарсы алды. Оның үстіне әскерді жаңа қарумен 

жабдықтау  шарасы  да  дәл  осы  кезге  келер  ме?  Кӛптеген 

бӛлімдерден  ескі  қару-жарақ  сыпырылып  алынып,  жаңасы  әлі 

қолға  тимеген  жағдайда  жау  лап  қойды.  Осындай  салақтықтың 

салдарынан  соғыстың  алғашқы  жылында-ақ  Қызыл  Армияның 

4,5  миллиондай  жауынгері  (кӛбі  жараланған,  қауқарсыз 

жағдайда)  жау  қолына  түсіп  қалды.  Соғыс  қарсаңындағы 

жылдары  әскерге  шақырылған  қазақстандықтар  түгелдей  дерлік 

батыс шекара бойындағы бӛлімдер мен заставаларға бағытталған 

болатын.  Соғыстың  алғашқы  жылы  жау  қолына  түскен  қызыл 

әскерлердің  ішінде  қазақ  жігіттерінің  кӛп  болуы  осыдан...»  [17, 

б.90]. 


Шаяхмет  фашистік  лагерьден  үшінші  рет  қашқанда  ғана 

құтылып,  партизандар  қатарына  қосылады.  Осы  сияқты 

боздақгардың  қаншалықты  азапты  басынан  кешкендігін  ойша 

ғана  елестетуге  болады.  Ерлікпен  шайқасқан  ұландық  Шаяхмет 

Боранбаев  сонау  батыс  қияндағы  Югославияның  Задлог  селосы 

үшін болған қанды ұрыста 1945 жылғы 31-наурызда жау қолынан 

қаза табады. Соғыс кезіндегі Югославия халық-азаттық армиясы 

және  партизан  отрядтарының  бас  қолбасшысы,  маршал  Иосип 

Броз  Титоның  жарлығымен,  ӛзге  де  бірқатар  жауынгерлермен 

бірге, Шаяхмет Боранбаев Югославия мемлекетінің «Ерлігі үшін» 

орденімен марапатталған екен. 

–  Соғыста  қайтыс  болғандардың  наградаларының  барлығы 

Триест  қаласындағы  мұражайда  сақтаулы,  –  деген  екен  Бейсен 

аға сол кездесуде... 

Енді,  міне,  аса  ауқымды  деңгейде  аталып  ӛтілетін  Ұлы 

Жеңістің  70  жылдығы  қарсаңында    әлі  де  болса  түпкілікті 

зерттеуді  қажет  ететін  осындай  мәселелерге  кӛңіл  аударылып, 

шетелдік  құрамалар  құрамында  Шаяхмет  Боранбаев  сияқты  

ерлікпен шайқасқан батыр жерлестеріміздің  есімдерін ӛздерінің 

туған  жерлерінде  ұлықтауға  биліктің  назарын  аудартып  отырса 



288 

 

қандай  ғанибет  болар  еді.  Ұлы  Отан  соғысының  әлі  де  толық  



жазылмаған  «Қарсыласу  қозғалысы.  Оның  құрамында  соғысқан 

қазақстандықтар»  деген  сияқты  парақтарын  толықтырып, 

ғылыми  айналымға  қосу  –  үлкен  еңбекті  қажет  ететін 

тарихшылардың,  журналист  -  қаламгерлер  мен  әр  деңгейдегі 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  аса  жауапты  міндеттері,  Ұлы 

Жеңіс  жолында қыршын  кеткен майдангер  аға  ұрпақтың,  аталар 

ерлігінің  рухында  тәрбиеленетін  жас  буынның  алдында  ӛтелуге 

тиіс үлкен парызы болуы тиіс.    

Әдебиет: 

1 Қонаевқа құпия бұйрық // ШҚО ММ. 1-қор; 6-тізбе, 162-іс. 

2  Восточный  Казахстан  в  годы  Великой  Отечественной 

войны 1941- 1945 годы. Сборник документов. Усть-каменогорск, 

2010. 

3  «Лениногорск  жұмысшысы»  танк  колоннасына  қаржы  // 



Алтай большевигі. – 1943. – 29 желтоқсан.    

4  «Шығыс  Қазақстан  колхозшысы»  танк  колоннасына  // 

Алтай большевигі. – 1943. – 30 желтоқсан. 

5 Обком бюросы мәжілісінің хаттамасы // ШҚО ММ. 1-қор; 

1-тізбе, 759-іс. 

6 Газетті уақытша кӛшіру жайлы бұйрық // ШҚО ММ. 1-қор; 

1-тізбе, 1483-іс. 

7 ҚК(б)П ШҚ обкомының қатынас хаты // ШҚО ММ. 1-қор; 

1-тізбе, 1484-іс. 

8  Нұршайықов  Ә.  Оққа  ұшқан  газет  //  Дидар.  –  2001.  –  16 

қазан. 

9 Темірбайұлы А. Аға ақылы // Дидар. – 2001. – 16 қазан. 



10 Қасымов А. Әлі есімде // Дидар. – 2003. – 15 қараша. 

11  Жәкетова  Ә.  Алтын  ұя  //  Коммунизм  туы.  –  1977.  –  6 

қаңтар. 

12  Ленинградты  қорғаушы  қазақ  жауынгерлерінің  қазақ 

халқына хаты // Алтай большевигі. – 1943. – 30 желтоқсан. 

13  Исабеков  Б.  Жұмысшы  дастаны  //  Коммунизм  туы.  – 

1971. – 30 қараша. 

14 Обкомның ҮІ пленумының материалдары//ШҚО ММ. 1-

қор; 1-тізбе, 3299-іс. 


289 

 

15  Қазақстан  Республикасында 1941-1945  жылдардағы  Ұлы 



Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық 

және оны ӛткізу жӛніндегі іс-шаралар жоспары // ҚР  Үкіметінің 

2014 ж. 16 қазандағы № 1105 қаулысы.  

16  Асылбек  М-А.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихына  әділеттік 

керек // Қазақ әдебиеті. – 2013. – 27 қыркүйек. 

17 Ӛшпес даңқ.  – Алматы:  2005 .   

 

УДК-304.9 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет