Архивов и документации вко материалы международной научно практической конференции


ЖИРИНДИНОВА К.Р., МОЛДАХМЕТОВА К.Ж



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата03.03.2017
өлшемі5,65 Mb.
#6363
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

ЖИРИНДИНОВА К.Р., МОЛДАХМЕТОВА К.Ж 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік 

университеті, Қазақстан Республикасы, Ӛскемен қ., 

kamshat_moldahmet@mail.ru 



 

229 

 

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ  ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ 



ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ. 

Тарих  ӛткен  ӛмірді  сӛз  еткенмен,  оның  тағылымы  күллі 

ұрпаққа  мирас  болып  қала  береді.  Тарихы  тереңге  кеткен,  ерлігі 

елдің ұраны болған ӛлкелер мен ӛңірлер елімізде аз емес. Соның 

бірегейі  шежірелі  қарт  Тарбағатай,  ежелгі  Барқытбел.  Кӛк  бӛрі 

түркінің  ту  тіккен  Отаны  Шығыс  болса,  соның  ұлттық  рухы, 

елдігі  мен  ерлігі,  бірлігі  мен  бітімі  берік  те,  биік  ӛңір  де  осы 

Тарбағатай.  Сағымдай  бұлдыраған,  шетсіз  де  шексіз  қазақтың 

сайын  даласының  шығысындағы  алып  қорғанындай  болып, 

Алатау мен Алтайды жалғастырған тарихи ӛлке жер бетіне күллі 

тіршілік иесі жемісін салғаннан бері тіршілік етіп келеді.  

Әйгілі  араб  зерттеушісі  Әл-Ыдырысидің  әлемдік  картасына 

Гир-гир  атауымен  енген  Тарбағатай  таулары  біз  үшін  ерекше 

қадірлі, ерекше қасиетті. Күнгейі мен теріскейін кӛп заманнан екі 

елге  еншілеп  қойған  қарт  Тарбағатайдың  ерлікке  толы  тарихы, 

шерлі шежіресі, кешегісі мен бүгінінде тамырын тереңге тартқан 

халықтық құндылықтар қазынасы ұшан-теңіз. 

Барқытбелдей қоңыраулы ӛлкеде ел бағына туған, ел қамын 

ойлаған  кӛсемдер,  от  ауызды  орақ  тілді  шешендер,  қара  қылды 

қақ жарған әділ билер, жауға қол бастап шыққан қайтпас, қайсар 

батырлар,  он  саусағынан  ӛнер  тамған  күйшілер,  күміс  кӛмей 

әншілер, жауырыны жерге тимеген палуандар ӛмір сүрді. 

Ұлы  Отан  соғыс  жылдарындағы  Кеңес  халқының  ерлік  

істері  халық  жадында  мәңгілік  сақталады.  Сол  бір  қиын 

жылдарда  әрбір  азаматтың  ой-ниеті  майданға  барынша 

кӛмектесіп, дұшпанды тез жеңуге бағытталды. Ел халқымен бірге 

Тарбағатайлық  азаматтар  да  соғысқа  алғашқы  күннен  бастап 

қатысып,  қаншасы  соғыс  даласында  ерлікпен  қаза  тапты.  Ұлы 

Отан  оғысы  жылдарындағы  Тарбағатай  ауданына  тоқталмас 

бұрын, ауданның тарихына  мәлімет бере кетейін. 1928 жылы 17 

қаңтардағы  Қазақ  Автономиялық  Республикасы  Орталық  атқару 

Комитетінің  11  сессиясы  алтыншы  шақырылымының  шешімі 

бойынша  Қазақстан  территориясында  13  округ,  180  аудан 

құрылды [1, 239 б.]. 

Семей округі және Зайсан уезі құрылған 23 ауданның ішінде 

Тарбағатай,  Қызылтас  (Ақсуат)  аудандары  құрылды.  Аудандар 



230 

 

ӛздеріне еншілес жатқан Кӛкпекті, Зайсан аудандарына қосылып, 



қайтадан құрылу дәуірлерін басынан кешірген [1, 240 б.]. 

1928  жылы  13  маусым  күні  Семей  округтік  партия 

комитетінің  жедел  хаты  негізінде  Зайсан  уездік  партия 

Комитетінің  бюросы  шақырылып,  онда  жаңадан  құрылатын 

Тарбағатай  аудандық  партия  Комитетінің  партия  бюросы 

құрылса,  Ақсуат  ауданы  Кӛкпектіге  1930  жылы  қосылып,  1935 

жылы    қайта  бӛлініп  шығады.  Аудан  орталығы  қазіргі  Ақсуат 

ауылы болды [1, 241 б.]. 

1957  жылы  қазан  айының  25  жұлдызындағы  Қазақ  ССР 

Жоғары  Кеңесінің  Жарлығымен  Тарбағатай  ауданы  барлық 

территорияның  аумағындағы  елді  мекендерімен  тұтастай  Зайсан 

ауданына  қосылды,  орталығы  Зайсан  қаласы  болды.  Одан  1959 

жылы  маусым  айында  Қазақ  ССР  Жоғары  Кеңесінің 

Жарлығымен  Тарбағатай  ауданы  Зайсан  ауданынан  бұрынғы 

шекарасымен,  елді  мекендерімен  қайтадан  бӛлінді.  1961  жылы 

Ақсуат  ауданы  Кӛкпектіге  біріктіріледі  де,  1965  жылдың 

қаңтарында  Кӛкпектіден  қайта  бӛлінеді.  1964  жылы  Қазақ  ССР 

Жоғары  Кеңесінің  Жарлығымен  Тарбағатай  ауданы  қайта 

құрылды.  Колхоз  шаруашылығын  нығайтудың  сол  тұстағы 

қажетті  шаралары  –  оларды  ұйымдық  жағынан  нығайту  болып 

табылып,  ұсақ  колхоздар  ірілендіріліп,  кейін  кеңшарларға 

айналдырылды.  Осы  жылдардан  бастап  ел  ӛмірінде,  оның 

әлеуметтік-экономикалық, 

мәдени 


салаларында 

түбегейлі 

ӛзгерістер  басталады.  1997  жылдың  мамыр айындағы әкімшілік-

аумақтық  ӛзгерістерге  байланысты  кӛршілес  Тарбағатай,  Ақсуат 

аудандары  қосылып,  бір  таудың  тӛсін  жайлаған,  ежелден  рулас, 

бауырлас екі ел қайта қауышып, іргесі кеңейді. 59 мың халқы бар 

облысымыздағы  ең  үлкен  аудандардың  қатарында,  оннан  астам 

ұлт  ӛкілдері  мекендеген  ӛңір  жыл  ӛткен  сайын  түлеп,  жаңарып 

келеді [2, 10 б.]. 

Тарбағатай  ауданының  соғыс  жылдардағы  ӛміріне  тоқтала 

кетсем.  Соғыс  басталған  жылы  аудан  кӛлеміндегі  колхоздар  әр 

гектар  астықтан  7  центнерден  ғана  түсім  алыпты.  Соғыстың 

алдында  астықты  күрекпен  қашап  салған.    Бір  тәуірі  соғыс 

басталар жылы колхоздар мал басын ӛсіру жоспарын ірі қарадан 

106, қой- ешкі 102, жылқыдан 96, шошқадан 89 процент орындап 


231 

 

ет,  сүт  молшылығын  жасауға  қолдан  келген  кӛмектерін  аямаған 



[3, 35 б.]. 

Ел басына күн туған  сағатта Тарбағатайлық 18 жасқа толған 

жас  жігіттер  де  қолына  қару  алып  майдан  шебіне  аттанса, 

еңбектеген  жастан  бастап  еңкейген  кәрі  ата-аналар  тылдағы 

екінші  майдан  -  еңбек  даласында  болды.  Бұлар  аш,  жалаңаш 

жүрсе  де  «жеңіс  үшін»  деген  ұранды  қастерлей  білді.  Ата 

бабамыз  сойыл,  қылышпен  талай  жаудан  қорғап  қалған  қасиетті 

туған жерімізді қанқұйлы неміс фашистеріне таптатпау жолында 

намыстары  мен  ар-үяттарын  ту  етіп  ұстады.  Соғыс  кезінде  тыл 

екінші  майданға  айналды.  Техниканың  жоқ  кезі.  Егін  атқа 

жегілген  лабогрейка  деген  машинамен  жиналды,  әйел  ,  бала 

демей  егіс  даласында  қол  орақпен  егін  орды,  бау  байлады,  оны 

ӛгіз,  ат  арбамен  қырманға  тасып,  бастырды.  Ұшырылып 

тазаланған  әрбір  дән  соғыстағы  жауынгерлерге  жіберілді.  Кей 

жылдары  ауыл  адамдары  кемпір,  шалдар,  әйелдер,    балалар 

жазғытұрым  ӛткен  жылғы  аңыздың  орнынан  масақ,  бірен-саран 

аңызда  сынып  қалған  арпа,  бидай  теріп  қағажу  етті.  Тазаланған 

астықтан  қалған  қарақұмық,  кекіре  араласқан  қалдықты  тамаққа 

пайдаланды.    Тұғыл  ауылының  тұрғындары  шабақ  балықтарын 

сорпа  жасап  күнелтті,  арпа,  сұлыдан  кӛже  жасады.    Әжелер  жіп 

иіріп,  әйелдер  кӛйлек,  шұлық,  кеудеше,  салы  тоқып  киді. 

Майдаңдағы  әскерлерге  байпақ,  қолғап  тоқып,  қап-қап  етіп 

посылка  ретінде  жӛнелтіп  тұрды.  Соғыс

 

кезінде  бір  сиыры 



барларға  7  кило  тортасы  айырылған  сары  май,  72  жұмыртқа 

салык    салынған.  Сондықтан  әжелер  мен  әйелдер  сол  майды 

қайнатып  отырып  мүмкіндігшше  бір  ауыз  сӛз  айтпай  ӛткізетін.  

Мектеп  балаларын  жазда  топ-тобымен  мұғалімдер  ертіп  жүріп,  

бүкіл  егіннің  арам  шӛбін  жұлдыратын.  Ересек  балалар  ӛгізге 

мініп шӛп шабатын, тарақ салатын, қырманда астық бастыратын, 

шӛп  таситын,  тағы  басқа  да  осы  сияқты  жүмыстарды  мінсіз 

атқаратын. Жұмыс уақыты таңғы тӛрт-бестен түнгі 10-11-ге дейін 

созылатын.  Тылдағы  жас  жеткіншектер  Қазақстандық  әуе 

эскадрилиясын  құру  үшін  175  мың  сом  жинап  аударыпты. 

Осылай  жастар тылда еңбек үлгісін кӛрсетті [3, 36-37 б.]. 

Дүниежүзілік тарихта қанқұйлығымен есте қалған 1941-1945 

жылдардығы Ұлы Отан соғысына қатысқан тарбағатайлықтардың 


232 

 

есімі Отан тарихының жарқын беттерінде мәңгі сақталып қалды. 



Жерлестеріміз  соғыстың  негізгі  бағыты  болған    Сталинград, 

Ленинград,  Калинин,  Москва,  Курск  иіні,  Белоруссия,  Украина, 

Балтық  жағалауы  мен  Солтүстік  Кавказ  майданының  ерекше 

округтерінде болған шайқастарға қатынасып ерлік кӛрсетті. Осы 

сұрапыл  соғыс  жылдарында  Тарбағатай  ӛңірінен  кӛптеген 

азаматтар  ерліктің  үлгісін  кӛрсетті.  Олар  Москва  мен 

Ленинградты, Сталинградты, Киев пен Минскіні жаудан қорғады 

және фашизм мен жапон милитаристерінің улы тырнағынан бүкіл 

Европа  мен  Азияны  құтқарды.  Берлинге  ту  тіккі.  Олар  : 

Бейсембин  Тӛлеуғұл,  Ғазизов  Слямбол,  Тоқтабаев  Тӛлеген, 

Оразғалиев  Санат,  Рахымжанов  Сағындық,  Резников  Николай, 

Әкежанов  Жансақыт,  Қалиев  Нұрқасым,  Жақаев  Әшіржан, 

Аусарбаев  Жүнісбек,  Долдин  Ысқақ,  Қалиакперов  Ақан, 

Абағанов  Мамырбек,  Жарылғасынов  Сағадолла,  Баймолдин 

Ақас,  Сүлейменов  Жүнісбек,  Астаев  Мұқаметжан,  Тағабаев 

Құнанбай, Салқынбаев Дӛненбек, Керімбаев Қабдолла және тағы 

да  кӛптеген  азамтар  болды.  Бірінші  Беларусь  майданында 

қатардағы жауынгер Сейітахмет Құрманғалиевтың ерлігі жӛнінде 

1943  жылғы  23  шілдеде    шыққан  «Вперед»  атты  газетте  ерекше 

жазылды.  Зенитші  қыз  Майра  Ахмадиеваның  кейін  партизан 

болғанын  мақтаныш  етеміз.  Ол  Днепр  үшін  шайқаста  731 

зенитшілер  артиллерия  полкының  құрамында  Германияға  дейін 

барды. Жеңіс күнін кезімен кӛріп, аман оралды [2, 7 б.]. 

Екпін  ауылының  тумасы    Мұстафин  Айдарбек  1942  жылы 

майданға  аттанады.  ІІ  Украина  майданы,  Харьковке  орналасқан 

41-ші  атқыштар  дивизиясында  қатардағы  жауынгер  болып 

соғысқа  кірді.  Воронеж  майданының  Харьков  плацдармын 

жаудан  тазарту  ӛте  қиынға  соққаны  белгілі.  Кӛлемі  жағынан 

сұрапыл  шайқасқа  айналған  осынау  соғысқа  қатынасып, 

дұшпанның Харьков маңындағы тобын жойып, Днепрді қорғауға 

қатысады. 1944 жыл Днепропетровскі маңында ауыр жараланып, 

әскери госпитальда емделіп елге оралады. Ширек ғасырдан астам 

уақыт  механизатор  болып,  ауданымыздың  экономикасын 

дамытып,  шаруашылығын  ӛркендетуге  ерен  еңбек  сіңірді. 

Ардагердің  еңбегі  еленіп,  І-ші  дәрежелі    «Отан  соғысы»  ордені, 


233 

 

Ұлы  Жеңістің  бірнеше  дүркін  мерейтойлық  медальдарын  және 



Жоғарғы Кеңестің марапаттауларын алған [2, 20 б.]. 

Әбділбаев  Тұрысбек  1921жылы  12  қаңтарда    Қызылкесік 

ауылында  дүниеге  келген.  1934  жылы  Қызылкесікте  4-сынып 

бітіріп, 1934-35 оқу жылында Үржар педагогикалық училищесін, 

1939  жылы  Аякӛз  педагогикалық  техникумын  бітіріп,  1939-41 

жылы  Қызылкесікте,  Үшаралда  мұғалім  болған.  1942  жылы 

соғысқа  аттанды.  Соғыста  Кавказ  майданының  3-ші  артиллерия 

полкінде  артиллерист,  генерал  К.Рокоссовскийдің  21-ші 

армиясыатқыштар  полкінде,  генерал  И.Курковтың  әскери 

дивизияларында кавалерист болған. Соғыста екі рет жараланған. 

Харковь,  Киев,  Минск,  Варшава  қалаларын  жаудан  азат  етуге 

қатысады. Соғысты Берлинде аяқтап 1945-1946 жылдары Балтық 

жағалауындағы Кенисберг қаласында әскери борышын ӛтеп, 1946 

жылы әскерден босап, елге оралады. 1946-69 жылдар аралығында 

Ленин  жолы,  Ақжайлау,  М.Горький,  Ерназар,  С.Сейфуллин 

мектептерінде мұғалім, директор, Комсомол, К.Маркс, Амангелді 

колхоздарында партия ұйымының хатшысы, колхоз председателі 

болып  қызметтер  атқарды.  1952  жылы  Қазақстан  коммунистік 

партиясының  VI  съезінде  делегат  болып  қатысқан.  1969-1981 

жылы  Ю.А.Гагарин  мектебінде  оқу  ісінің  меңгерушісі  болып, 

1981 жылы зейнеткерлікке шықты.  «Халық ағарту ісінің үздігі» 

белгісінің  иегері,  І  дәрежелі  «Отан  соғысы»  орденімен,    «Ерлігі 

үшін»,  «Варшаваны азат еткені үшін»,  «Берлинді алғаны үшін»,  

«Германияны  жеңгені  үшін»  медальдармен  марапатталған  [2,  36 

б.].   

Жарылғасымов  Қабыкен  1920  жылы  Маңырақ  ауылында 



дүниеге  келген.  1940  жылы  әскер  қатарына  алынады.  Қиыр 

Шығыста шекара күзетінде әскери борышын ӛтеп жүргенде 1942 

жылы  сол  жерден  соғысқа  аттанады.  Атақты  қолбасшы  Маршал 

Г.К.Жуков  басқарған  Воронеж  түбіндегі  Курск,  Орловск 

шайқастарына  қатысады.  Немістердің  ойсырай  жеңілуімен 

құрдымға  кету  қаупін  тудырған  тарихтағы  маңызды  Курск 

шайқасындағы кескілескен ұрыста осы дивизияның жауынгерлері 

асқан  ерлік  кӛрсетеді.  Осы  шайқастағы  Қ.Жарылқасыновқа  

«Қызыл  Жұлдыз»  ордені  және  «Жауынгерлік  Қызыл  Ту»  ордені 

тапсырылады.  Жеңімпаз  жауынгер  жауды  Берлинге  дейін  қуу 



234 

 

соғыс  опперациясына  қатысады.  Ол  үшін    «Жауынгерлік  ерлігі 



үшін»,  «Жеңіс», «Прага үшін» медальдарын алған. 1946 жылдың 

мамырына  дейін  Австрия,  Румыния,  Чехославакия,  Венгрия 

жерлерін картаға түсіретін бақылаушы армия қатарында болалы. 

1946 жылы елге оралып, аудандық комсомол комитетінің екінші 

хатшысы,  Самар  ауданында  милиция  бастығы,  аудандық  қаржы 

саласында  инспектор  болып  кӛп  жылдар  қызмет  атқарды  [2,  46 

б.]. 

Ел  басына  күн  туған  сәтте  Тарбағатай  ӛлкесінің  ӛндірдей 



жастары,  елдегі  бас  кӛтерер  азаматтар  тас-түйін  болып  бекініп, 

майданға  топ-тобымен  аттанып  жатты.  Ауданымыздан  соғысқа 

аттанған  4831  тарбағатайлық  жауынгерлердің  1630-ы  сол 

сұрапылда  кӛз  жұмса,  майдан  даласынан  1228-і  ғана  тірі  қалды. 

Жаумен  жағаласқан  1973  боздақ  хабар-ошарсыз  кетті.  Қара 

жамылмаған  отбасы  жоқ.  Осынау  қиын  қысталаң  кездерде 

майдан  даласындағы  ерлермен  қатар  әр  ауылдағы  қалған  қарт-

қария, әйел-аналар, бала-шаға қиындықты қайсыпай кӛтеріп, Ұлы 

Жеңіске ӛз үлесін қосты. Қаншама жарлар жесір қалды, қаншама 

бала  жетім  қалды,  қаншама  арулар  отбасының  бақытынан 

ажырады.  Ауылдағы  аналарымыз  елге  пана,  ынтымаққа  ұйытқы 

бола алды [2, 6 б.]. 

[4, П.17] Архив беттерінен соғыс жылдарындағы тарбағатай 

ауданына  байланысты  мынадай  деректер  кездеседі:  «Тарбағатай 

ауданының  жастары  мен  комсомолицтері  Отан  қорғау  ісінің 

жаны болып саналады. Үгітшілер Махышбатов, Азипсанов және 

Печорина  әңгімелер,  лекциялар  ӛткізумен  қатар,  халықты 

Осовиахим  ұйымына  тартуда  және  ПВХО-ға  норма  тапсыруға 

дайындауда.  Отан  қорғау  жұмысы  әсіресе  Сталин  атындағы 

колхозда жақсы қойылған. 

Осовиахимнің  Тарбағатай  аудандық  советінің  председателі 

Ковылкова  жолдас  ауданда  жалпыға  бірдей  соғыс  оқуын  жақсы 

ұйымдастыра  алды.  Осы  жылы  9  ай  ішінде  173  жастар 

Ворошиловша  атқыштар  болып  алды.  Ауданның  кӛп  қыздары 

осы уақыт ішінде медсестралық мамандыққа ие болды. Армияға 

шақырушылар арасында саясат-тәрбие жұмысы жақсы қойылған, 

социалистік  жарыс,  нормалар  тапсыру  кең  түрде  жүріп  жатыр, 

қабырға газеті шығып тұрады. 



235 

 

Жалпыға бірдей соғыс оқуының командирлері Дүшебаев пен 



Истолин ӛздерінің бӛлімшелерінің жауынгерлеріне программаны 

жақсы және ӛте жақсы меңгеруге кӛмектесуде. 

Тарбағатайда  жалпыға  бірдей  соғыс  оқуының  отличниктері 

арасында  комсомолецтер  де  кӛп.  Олардың  барлығы  соғыстан 

Армия қатарына баруға даярлануда». 

[5,  П.  21]  Тағы  бір  архив  деректерінде  тоқтала  кетсем: 

«Біздің 

Тарбағатай 

ауданының 

әскерге 


шақырылатын 

азаматтарды  дайындау  жұмысы  негізінен  1940-жылдың  февраль 

айынан  басталып  1940-жылдың  сентябрь  айына  дейін  жүріп 

келді. 


Міне осы уақыттың ішінде істелгенің жаңа қаңдайлық халде 

болып  келгенің  мына  тӛмендегі  кӛрсетілген  мәліметтерден 

анализ жасап қарауға болды.  

І ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ. 

Біздің  ауданымызда  барлық  әскерге  міндетті  азамат  362 

адам. 


Мұның дайындық уақыттың ішінде үйреніп зерттелгені 362‖ 

яғни (90) 100% опормит етілген 

Личный  деласы  362‖  мұнда  100%  деп  айтуға  болады.  Бұл 

әскер  жасындағы  азаматтарды  үйрену  жаңа  зерттеу  жұмысын 

нығайту жӛнінде жаз айларында әскер жасындағы азаматтар мен 

3  рет  бір  күндік  звор  ӛткізілді.  Аудан  орталығында  жаңа  әр  бір 

ауылдарда военный столдар мен партия комсомол ұйымдарының 

жалпы жиналыстары арқылы талданып барлық әскер жасындағы 

азаматтардың мінездемелері 100% алып қамтамасыз етілді. 

[5, П. 23] Ү – Партия саяси кӛпшілік жұмысы. 

Аудан кӛлеміндегі әскер жасынд азаматтар арасында партия 

саяси кӛпшілік жұмысынан мына тӛмендегі жұмыстар істелді. 

1/  Әскерге  дайындық  жаңа  әзірлену  жұмысы  туралы 

аудандық  партия  комитетінің  бюросында  3  рет  аудандық  соғыс 

комисариатының баяндамасы тындалып қаулы алынды. 

2/    Августь  айында  Облыстық  партия  комитетінің  бюро 

қаулысы  бойынша  әскерге  шақырылатын  коммунист  комсомол 

мүшелерінің  семинары  ӛткізілді.  Бұған  қатысқан  комсомол 

мүшесі 217 адам. Бұл семинар аудан кӛлемінде 5 жерде ӛткізілді. 


236 

 

Аудандық  партия  комитетінің  тарапынан  8  коммунист  политрук 



етіп тағайындалды. 

3/    Жаз  айларында  аудан  орталығында  251  кісі  орысша  тіл 

білмейтіндер  оқынанда  аудандық  партия  комитетінің  тарапынан 

политруктер  тағайындалып  лоар  занятие  уақытында  ӛткізіліп 

тұрды. 

4/  Әскер  жасындағы  азаматтардың  ішінде  партия  мүшесі 



кандидаты  5  адам.  Комсомол  мүшесі  230  адам.  Стахановшылар 

аудан кӛлеміндегі әскер жасындағы азаматтардың ішінде 23 адам. 

Бұлардың ішінде жақсы істеп жүрген жеке Стахановыларымызда 

аз емес. 

Мысалы:  Сергазинов  Ақай  Қызыл  –  Бұлақ  колхозының 

редовой мүшесі. Жаңа оқушы жолдас Сергазинов жаз айларында 

колхозда  жұмыс  істеп,  210  еңбек  күн  тапқан.  Кӛпшілік  қоғам 

жұмысына  жақсы  дайындалды.  Қайпназаров  оқушы  Восточные 

Коллтцода  Стахановшы  болып  жұмыс  атқарған  нормасын  150-

160% орындаған. Соның нәтижесінде Поков книгасына жазылған 

мұндай  бірнеше  жұмысты  колхоз  құрылысында  жақсы    істеген 

әскер жасындағы азаматтарымыз толып жатыр. 

5/  Әскер  жасындағы  адамдардың  барлығына  партия 

комсомол  жиналысында  талданып  мінездеме  берілді.  Мұндағы 

призуниктерді  үйрену  жаңа  зерттеу  жұмысына  үлкен  кӛмек 

болды. 


[5,  П.  24]  Бір  күндік  звор  болған  уақытта  тиісті  аудандық 

партия комитетінің тарапынан политруктер тағайындалып.  Олар 

халықаралық 

жағдайлармен 

Молотов 

жаңа 


Ворошилов 

жолдастың  сӛздерінен  әңгіме  жиналыс  ӛткізіліп  отырылды. 

Бұларда ӛткізілген әңгіме 175 рет қатысқан 200-300 адамға дейін 

қатысып отырылды. 

7/  Комсомол  комитетінің  жұмысы  әскерге  дайындық 

жӛнінде  істелгені  шамалы.  Олар  қатынаспады  деп  айтсақта 

болады.  Ӛйткені  хат  білмейтін  адамдардың  кӛбі  комсомол 

мүшесі. 


Әскерге шақырылу нәтижесі. 

Барлық әскер қатарына шақырылуға жататын азаматтар 225 

адам.  Бұлардың  призив  комисиясына  келгені  225  адам  мұның 

ішінде партия мүшесі 3 адам, комсомол мүшесі 130 адам. 



237 

 

Жалпы білім жағына келетін болсақ жоғарғы дәрежелі білімі 



бар  2  адам,  орта  білімі  бар  3  адам,  ортадан  тӛмен  7-9\  класс 

білімділері  39  адам,  тӛменгі  \4-6\  классқа  білімі  бары  129  адам. 

Шала  хат  білетіні  \3-классқа  дейін\    52  адам.  Орыс  тілін 

білмейтіні 30 адам. 

Әлеуметтік халын алғанда. 

Жұмыскер+48 адам. 

Колхозшы+102‖ 

Қызметкер+25‖ 

Оқушы+50‖ 

Призывке шақырылған адамдардың жарау нәтижесі. 

1 – Сторовой службаға жарағаны 219 адам. 

2 – Сторовой емес жай службаға жарағаны –І‖   

3 – Жарамай учоттан шыққаны . І‖        

4 – острочки алғандар 4‖ 

              Жылына  225‖ 

Барлық  кадр  армияда  есептелгені  210  адам,  яғни  97,3% 

орындалып  отыр  аудан    кӛлемінде.  210  жараған  азаматтардың 

ішінде  коммунист  3  адам.  Комсомол  119  адам.  Жұмыскер  47 

адам, колхозшылар 81 адам, қызметкер 37 адам. 

[5, П. 25] Ұлты: Қазақ+137 адам. 

            Орыс+34 

            Ноғай+2 

            Неміс+1 

YII  –  Призыв  пунктісінде  партия  саяси  кӛпшілік  жұмысы 

туралы. 

Аудандық  партия  комитетінің  тарапынан  комисиялар, 

политруктер  бӛлініп  бұлар  клубта,  оқу  үйінде  лекция,  әңгіме 

жасап отырды. 

  Призывниктер мен. Мысалы: Ӛткізілген әңгіме қалп аралық 

жағдай  мен  Ленин-Сталин  жолдастардың  еңбектерінен  ӛткізілді. 

Ӛткізілген әңгіменің саны 69 рет болды.  

Бұған  қатысқан  адам  ата  аналары  мен  қоса  есептегенде  2 

мыңнан артық адамдар қатынасты. Жаңа бір рет лекция, болды. 

Октябрь  тӛңкерісінің  маңызы  жаңа  әскер  жасындағы 

азаматтардың  міндеті  туралы  мұны  Обкомның  лекторы  Сатаев 

жолдас лекция оқыды. 



238 

 

Мұнда  ата  анасы  мен  әскер  жасындағы  азаматтар 



қатынастырылды.  Саны  300  адам  болды.  Мұны  мен  бірге  3  рет 

жергілікті комсомолдар кісі мен ойын спекталь қойылды. Мұнда 

барлық әскер жасындағы азаматтар қатынастырылды.  

Призыв уақытында Столовой жаңа буфет ұйымдастырылып, 

туралы керекті тамақтар мен қамтамасыз етілді. 

Қазіргі уақытта 20 әскер жасындағы жараған азаматтар бар. 

Олар  орысша  білмейді.  Бұлар  аудан  орталығында  оқып  жатыр 

орыс тілінен». 

1941жылдың  9  тамызында  ауданда  Отанды  қорғау  қорғау 

қорын  жасау  жӛнінде  шара  белгілеп,  сол  жылы-ақ  Отан  қорына 

51805 сом ақша, 93ц.астық және 380 бас мал ӛткізілді. Аудандағы 

1942  жылы  Ұлы  Отан    Соғысына  арналған  кӛмек  қорына  35  ірі 

қара мал, 184 қой-ешкі, 264 пұт май, 5ц. ӛсімдік майы, 1254ц ет, 

981  шолақ  тон,  450  пима,  700  қалпақ,  2  тұлып,  26012  сом 

ақшалай,  705  мың  сом  заем,  977  тері,  524кг  жүк  және 

оқушылардың  күшімен  23798кг  қара  метал  дайындалып,  146557 

сом ақша, 6 кг 184г 1 мл күміс, танк колонннасының құрылысына 

жіберілген. 1943 жылға дейін Қызыл Армияға 79 мың пұт астық, 

7600  пұт  ет,  574  май,  3  мыңға  жуық  жылы  киім жӛнелтілген  [6, 

91-92 б.]. 

Соғыстан  кейінгі  заман  қиыншылықтары,  аудан  халқы 

алдында  аудандағы  тұралаған  шаруашылықты  қалпына  келтіру, 

мал  мен  егін  шаруашылығын  ӛрістету,  халықтың  тұрмысын 

түзеу,  техниканы  меңгеру,  озық  ғылым  мен  білімге  ұмтылу, 

мәдениетті  ӛркендету,  кадрлар  дайындау,  аудан  тұрғындарының 

денсаулығын  түзеу  сияқты  ауқымды  істер  тұрды.  1955-1965 

жылдар 

ұсақ 


колхоздар 

іріленіп, 

кейін 

кеңшарларға 



айналдырылды. 

Аудан экономикасы мен әлеуметтік жағдайының  қалыптасу 

кезеңдері  басталды.  Экономика,  медицина,  халық  ағарту, 

құрылыс, спорт пен мәдениет салалары қарыштап дамыды. 

Ауылшаруашылығындағы  жұмыстар  механикаландырыла 

бастады.  Электр  қуаты  келді.  Ауылдарға  қызыл  отаулар, 

кітапханалар  мен  мәдениет  ошақтары  бой  кӛтерді.  Тарбағатай 

баурайынан  оқу-білім,  денсаулық,  ӛнер  саласынан  талай-талай 

тарландар шықты. 


239 

 

Тарбағатайлықтар  азаматтық  ар-ұждан  отан  алдындағы 



борышын осылайша ӛтеді. 

Тарбағатай  ауданының  бүгінгі  ұрпағы  Ұлы  Отан  соғысына 

қатысқан,  қаза  болған  әкелер  рухына  бас  иіп,  кӛзі  тірі 

ардагерлерінің ерен ерлігіне әрқашан тағзым етеді.  

Әдебиеттер: 

1  Қайсенов  З.  Шығыс  Қазақстан  облысының  тарихи-

очерктері/З. Қайсенов. - Ӛскемен, 2007. – 334 бет. 

2 Тарбағатай 80 жыл : энциколпедия / С. Жақаев [және т.б.]. 

- Ӛскемен, 2008. – 152 бет. 

3 Барқытбелдің баурайында : Тарбағатай ауданына 70 жыл / 

Ә. Қайырбаев [және т. б.]. - Ӛскемен. – 1998. – 306 бет. 

4  ШҚОММ.-745-қор.-1-тізбек.-16-іс.-17 парақ 

5  ШҚОММ.-129-қор.-4-тізбек.-№5-іс.-30 парақ 

6.  Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  :  тарихы, 

зерттеу  әдіснамасы  және  заманауи  кӛзқарас  :  Ұлы  Жеңіске  65 

жыл / ред. С.Қ. Игибаев [және т. б.]. - Ӛскемен, 2010. –108 бет.  

 

УДК 94(48).083(57.12) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет