ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра Бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі білім беру бағдарламасы
Курстық жұмыс
Пәні бойынша: Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық жазбаша жұмыстардың түрлері»
Баға _______
Жетекші:аға оқытушы Байжекина Ш.С. ________ «__» _______2023ж. Студент: Аман Б.А. ПМНО-11 д тобы ________ «__» _______2023ж. 2023 жыл
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту 4
1.1 Жазбаша жұмыс туралы жалпы түсінік 4
1.2 Жазбаша жұмыстың маңызы 9
2. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық жазбаша жұмыстардың түрлері 13
2.1 Жазбаша жұмыс түрлері 13
2.2 бастауыш сыныпта жазбаша жұмыстарды жүргізу 17
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе бөлім Курстық жұмыстың өзектілігі:Бастауыш сыныптарда жазбаша тіл дамыту үшін шығарма, мазмұндама жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Мазмұндама мен шығарма балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін, түсінігін, өресін, жазу мәдениетін дамытуға бағытталады. Оқушылар оқығандарын ауызша баяндағанда бір тақырып төңірегінде сөйлетіп қоймай, келешекте шығарма жазатындай етіп ойластыру керек. Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдері ретінде өз бағдарламамызды ұсынып отырмыз.
Бастауыш сыныптардағы шығарма, мазмұндама жұмыстарының көлемі көбіне шағын болады. Солай болғанымен бағдарламада байланыстырып сөйлеуге шығарма мен мазмұндама жазуға арнайы уақыт бөлінген. Балалар оқыған шығармаларын қарапайым талдау жасаумен, анығырақ айтқанда шығарма кейіпкеріне мінездеме беру үшін материал іріктеп алу, олардың іс-әрекеттеріне баға беру, мәтіннен қанатты сөздерді теріп алу сияқты дағдыларды да меңгереді. Оқушылардың айналадағы өмір туралы түсінігі мен ұғымын дұрыс қалыптастыру – оқу сабағының аса маңызды міндеті. Бұл міндет балаларды нактылы заттармен, адам өміріне және табиғат тіршілігіне байланысты фактілермен әр түрлі құбылыстармен үздіксіз және белгілі бір мақсатпен таныстырып отыру арқылы жүзеге асырылады.