Ары білім министрлігі



бет6/6
Дата27.04.2023
өлшемі64,65 Kb.
#87372
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Қорытынды 
Адам мәдениеті деңгейінің, ой өрісінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – сөз. Бала түйсігіндегі жекеленген сөздер бірте-бірте байып, күрделеніп, қолданысқа еніп отыруы тиіс. Өйтпеген жағдайда сөздік қоры жұтаң адамның қоғамдық өмірге белсене араласа алмайтыны сияқты, сөздік қоры қалыптаспаған оқушыдан нәтижелі сабақ үлгерімін күту де бекер.
Бастауыш сынып оқушысының тілін дамытудың ұтымды құралы – шығарма. Нақ осы шығарма жазу кезінде ғана оқушы өмірден көргенін оралымды сөзге айналдыруды үйрене алады. Шығарма, бірінші сыныптағы ауызша шағын хабар, әңгімеден бастап оқу-тәрбиелік маңызы мен қатар оқушының тұлғалық қалыптасуына, өмірлік белсенділігін арттыруға септігін тигізер жоспарлы да мағыналы ақыл-ой жұмысына айналуы тиіс. Өйткені ол оқушының ой дербестігін, белсенділігін, іске берілгендігін, текске өз жанынан бірдеңе қосуын қажетсінетін жұмыс. Шикізат даярлау, оны жүйелеу, әңгіменің, шығарманың композициясы мен жоспарын ойластыру, сөз іріктеу, логикалық байланысқа түсіру, сөйлем құрау, емле қатесін тексеру- осының бәрі шығарма жазу кезінде соқпай өтуге болмайтын процестер. Әсіресе, 1-2 сыныптарда өз ойындағысын жазбаша білдіру балаларға біраз қиынға соғады. Осындай қиындықтың салдарынан шығарма, мазмұндама жұмыстары жүргізілмей қалады.
Шығармада тілдік теория ауызекі тәжірибемен ұштасып, оқушы оны сабақтық алуан деп сезінбей өз ойын жазбаша түрде дұрыс бейнелеу құралы ретінде қабылдайды. Ауызша шығарма да, жазбаша шығарма да материал дерегіне, дербестік деңгейіне, әзірлену тәсіліне, жанрына, тіл ерекшелігіне қарай бірнеше түрге жіктеледі. Шығарманы сондай-ақ тақырыбына қарай да топтауға болады. Мәселен, туған жер табиғаты – өзендер, көлдер, ормандар, жануарлар, өсімдіктер, т.б. Еліміздегі адамдар еңбегі – кітапхана, мектеп, дәріхана, дүкен т.б. шығарма арқылы баланың өздігінен қорытынды шығарып, пікір айтуға қабілеті қалыптасады. Бұл жұмыс баланы бақылауға үйретіп, шығармашылық қиялын дамытады. Шығарма жаздыру үшін белгілі бір мақсатпен іріктелін алынған тақырыптар оқушылардың дүниесін көзкарасын қалыптастырады. Шығарма, мазмұндамадай емес, оқушыға ана тілінде айтайын дегенін еркін баяндауға, сөздік қорын сарқа пайдалануға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныпта шығарманың нағыз қарапайым, оңай түрлері жүргізіледі. Дегенмен оқушыларға шығарма жаздырып үйретуде белгілі бір көзделетін мақсат, оңайдан басталып, бірте-бірте қиындай берушілік, жүйелік болуға тиіс.
Әдебиеттер тізімі

  1. Хасенов Ә. Тіл білімі. – Алматы: Санат, 2003. – 414 б.

  2. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1987. – 227 б.

  3. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 232 б.

  4. Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 99 б.

  5. Примбетов Т.Т. Просторечные слово в современном казахском языке: Автореф. дис. канд. филол. наук. – Караганда, 1988. – 26 с.

  6. Бараникова Л.И. Основные сведение о языке. – М.: Просвещение, 1982. –135 с.

  7. Нұрғожина Ш. Эмоционально-экспрессивная лексика разговорного языка: Автореф. дис. канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1989. – 26 с.

  8. Мұхамеджанов Ш. Қазақ тіліндегі сөздердің ауыспалы мағынасы: Дис. канд. филол. наук. – Алматы, 1964. – 154 б.

  9. Мұнатаева Э.М. Табу, эвфемизмы и дисфемизмы в Американском варианте английского языке: Автореф. дис. канд. филол. наук. – Алматы, 2001. – 15 с.

  10. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. – М.: Просвещение, 1966. – 137 с.

  11. Қаратаев М. Қазақ әдебиетіндегі реализмнің даму жолдары. – Алматы: Мектеп, 1986. – 12 б.

  12. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Мектеп,1966. – 151 б.

  13. Омарбеков С., Жүнісов Н. Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі. – Алматы: Мектеп, 1966. – 130 б.

  14. Ғабдуллин М., Ысқақов Б. Халық ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974. – 3 б.

  15. Горький М. Әдебиет туралы жазушылардың Бүкіл одақтық І съезіне жасаған баяндамасы. – Алматы: Ғылым, 1954. – 179 б.

  16. Сейфуллин С. Шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1964. – 295 б.

  17. Әуезов М. Мақалалар, зерттеулер // Шығармалар: 12 томдық. – Алматы: 1969. – 1 т. – 234 б.

  18. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: Зият Пресс, 2004. – 94 б.

  19. Адамбаев Б. Халық даналығы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 158 б.

  20. Адамбаев Б., Жарқынбекова Т. Ел аузынан. – Алматы: Жазушы, 1985. –335 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет