Қарым қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылбау Тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам өмірінің аса бір қажеттілігі ретінде қарым-қатынас процесін қарастырсақ болады, себебі адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мәлімет алмасу ол өте қажет, алайда бұл жерде де қарым-қатынасқа түсетін адамдардың өздеріне тікелей байланысты, яғни дұрыс мәліметтерді қабылдап, бұрысын ысырып тастай алу керегін таңдай алу қабілетінің болуы да өте маңызды. Жоғарыда келтірген мысалдардан, өзіміз көріп отырғандай, қарым- қатынас тек коммуникативті құрал ғана емес, адамның тұлға болып қалыптасуында, ой өрісінің дамуында, көкжиек танымының шыңдалуында маңызды рөл атқаратындығын байқадық.
Қарым-қатынас болмаса біз қазір қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік. Қарым-қатынассыз біз, əжеміздің ертегісін тыңдай алмас едік, əкемізбен ұшатын қағаз жылан жасап, анамызбен демалысқа барып, достарымызбен серуенге шыға алмайтын, мұғалімнің түсіндіргенін түсіне алмас едік жəне т.б. Сондықтан өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге асатындығын көреміз. Олай болса, мына бір белгілі сөзді былайша түрлендіруге болады: «Кіммен араласатындығыңды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып беремін». Адам баласы болғаннан кейін қоршаған ортамен қарым қатынасқа түсу табиғи алдын ала бағдарланған процесс. Адамды адам қатарына қосатын да ойлау, сөйлеу, актілері. Белгілі бір индивидті тұлға ретінде қарастыру үшін ең алдымен оның қоршаған ортамен байланысын бағдарлап қана белгілі бір пікір қалыптастырамыз. Сондықтан қарым-қатынас психолгиясы адам өміріндегі ең маңызды ажырамас бөлік.