Қарым-қатынас


Шын мәнінде, адамның қолдары мен дене бітімінің қимыл-дары адам туралы көп мәлімет береді



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі3,86 Mb.
#118569
1   2   3   4
Байланысты:
Кинесикалық қарым-қатынас Жанай Құндыз[2]

Шын мәнінде, адамның қолдары мен дене бітімінің қимыл-дары адам туралы көп мәлімет береді.


Адам ағзасының жалпы күйін және эмоцио-налдылығын байқатады. Яғни, темперамент типінің күшті немесе әлсіз, тез, жылдам немесе баяу, қарқынсыз екені көрініп тұрады. Оның шаршаңқы, сергек немесе жігерлі, тіпті көңілсіз, жабырқау екені де байқалады.
Дененің қалпы мен қимыл-қозғалыстары арқылы, адамның өзіне сенімділігін немесе сенімсіздігін, ашықтығын неме-се тұйықтығын және т.б. аңғаруға болады. Осы дене қимыл-қозға-лысы мен адамның тұрған тұрысына қарап, оның әлеуметтік лауа-зымы мен дәрежесін де аңғаруға болады.
Бұл арқылы адамдардың мәдениеттілігін, әдепті-лігін, тәрбиелілігін де байқай аламыз. Мәселен, әдепті, мәдениеті жоғары ер адам, әйел адам түрегеп тұрғанда, отырып сөйлеспейді
Жесттер мен дененің қимыл-қозғалыстары адамның күнделікті көңіл-күйі, ішкі қобалжулары мен сезімдері немесе тілек-қалаулары жайлы да мәлімет береді.
Адам ашықтығын айғақтайтын қимыл-әрекет адамның бүкпесіз, шынайы әңгімелесуге дайындығын білдіріп тұрады. Бұл белгілерге «қолдардың ашық» болуы, тіпті пиджактің түймелерінің ағытылып тұруы да жатады.
Ішкі сырын ашпау мен күдікшілдік ишарасы, адамның сөздерінің ақиқаттылығына, жалпы адамның өзіне, ішкі ниетіне сенбеу, күмән келтіруді білдіреді. Мұндайда адам, автоматты түрде самайы мен иегін, маңдайын сипалайды
Ойлану мен баға беру әрекеттері - бұл мәселенің шешімін іздеп, ойға шомудың, осы жағдайды бағалаудың белгісі. Мұндайда, адамдар әдетте қолымен жағын ұстап, сипалайды. Бұл серіктесіңіз-дің сіздің айтқандарыңызға ойланып қалғанын аңғартады. Көзді жұмып, сұқ саусақпен маңдайды сипалау, қатты ойға шомып, ма-ңызды шешім қабылдауды білдіреді.
Қорғануды білдіретін қимыл-әрекеттердің бастысы, қол-дарды көкірек тұсына айқастырып алу.
Қолдардың айқасып тұруы үш түрлі сипатталады.
Біріншіден, бұл адамның қорғануын немесе серіктесінің оған жағымсыз әсер ететінін байқатады. Мұндайда, өзіңіздің не айтып, не жасап отырғаныңызды байқап көріңіз, бол-маса серіктесіңіз әңгімеден қашқақтауы мүмкін.
Екіншіден, бұл жесттің басқаларға да әсер ететінін ескеру керек. Мәселен, топта бірнеше адам отырған болса, оның бірі қолдарын көкірек тұсына айқастырып алса, көп ұзамай-ақ басқалардың да осылай жасайты-нын байқауға болады.
Үшіншіден, бұл жесттің адамның тыныштық қалпын, сенімділігін, ыңғайлы отырғандығын да білдіретін кездері болады, бірақ бұл әңгіме барысының ешқандай дау-дамайлы емес, жайлы кезінде байқалатын жест.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет